Об установлении ограничительных мероприятий на территории улиц Абая Кунанбаева, Жагалау, Желтоксан села Терисаккан Терисакканского сельского округа Күшін жойған
Басқа 0
Терісаққан ауылдық округі Терісаққан ауылының Абай Құнанбаев, Жағалау, Желтоқсан көшелері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10–1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 8 ақпандағы № 2-11-3/32 ұсынысы негізінде, Терісаққан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Терісаққан ауылдық округі Терісаққан ауылының Абай Құнанбаев, Жағалау, Желтоқсан көшелері аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.