Об установлении размеров дивидендов товариществ с ограниченной ответственностью, находящихся в коммунальной собственности Сайрамского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сайрам аудандық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» қаулысына сәйкес Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жылдық қаржылық есептiлiкте көрсетілген таза кірісінің кемінде 70 (жетпіс) проценті дивидендтер төлеуге жіберілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдағы қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілген мемлекеттік органдар дивидендтердің белгіленген көлемінің бюджетке толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Сайрам ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №76 «Сайрам аудандық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3578 тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда «Мәртөбе» газетінде және 2016 жылғы 24 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. «Сайрам ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының оның ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Өсербаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.