О введении в действие нового образца военного билета солдат, матросов, сержантов и старшин Вооруженных Сил Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналары әскери билетінің жаңа үлгісін қолданысқа енгізу туралы
Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналары лауазымдарында әскери қызметті өткеретін әскери қызметшілердің жеке басын куәландыратын құжаттарды заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналары әскери билетінің үлгісі және сипаттамасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасының бастығы белгіленген тәртіппен әскери билеттердің бланкілерін әзірлеуге конкурс ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы әскери бланкілердің есебін жүргізуді және әскери комиссариаттарға тапсыруды ұйымдастырсын. Ауыстыру және әскери билеттің ескі үлгісін жою тәртібін айқындасын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген мезгілінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Бұйрық қорғаныс министрінің орынбасарларына, Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының департаменттері, бас басқармалары, басқармалары мен қызметтерінің бастықтарына, Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектерінің, әскери округтер әскерлерінің қолбасшыларына, облыстық әскери комиссарларға жеткізілсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналары әскери билетінің үлгісі және оның сипаты
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2003 жылғы 11 сәуірдегі
N 110 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналары әскери билетінің үлгісі және оның сипаты
Тармақ 1
1. Әскери билеттің мұқабасы көгілдір түсті, онда қара түспен мыналар жасалған:
Тармақша 1. Қазақстан Республикасы Республика Казахстан
1) жоғарыда әріп таңбасы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған жазба
Қазақстан Республикасы Республика Казахстан
Тармақша 2
2) ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы;
Тармақша 3. Әскери билет Военный билет
3) елтаңбадан төмен - әріп таңбасы мемлекеттік және орыс тілдерінде басылып жазылған жазба
Әскери билет Военный билет
төменде мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған жазба
Қорғаныс министрлігі Министерство обороны
Мұқабаның ішкі жағында және барлық беттердің ортасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері белгісінің түсті нышаны, қызыл бес жұлдыздың ортасында оның үстінде сары түсті бүркіт шарықтаған күн сипатталған.
Тармақ 2
2. Әскери билет кітапшасының көлемі 85х120 мм, ішінде су таңбасымен арнайы қағаздан жасалған 4 парақ орналасқан. Әскери билеттің парақтарындағы жазбалар мен бағандарға бөлу қара түсті бояумен жасалған.
Тармақ 3. Әскери билет Военный билет
3. Мұқабаның ішкі жағында қара түспен жазылған мемлекеттік және орыс тілдерінде жазба жазылады.
Әскери билет Военный билет
Төменде ортасында әскери билеттің сериясы мен нөмірі жазылады.
Бұдан әрі жекелеген жолдарда мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай жазбалар жазылады:
"Тегі/Фамилия
Аты/Имя
Әкесінің аты/Отчество
Туған күні, айы, жылы/Дата рождения
Иесінің өз қолы/Личная подпись владельца (ставится над чертой)
Берілді/Выдан
Күні/Дата"
Төменгі сол жағында көлемі 30х40 мм фотосурет үшін орын болады.
Фотосуреттің оң жағында мөр үшін орын және төменде сызықтың үстінде қол қою үшін орын болады.
Тармақ 4
4. Әскери билеттің беттері нөмірленеді.
Тармақ 5
5. 1 деген бірінші беттің жоғарында әскери билеттің сериясы мен нөмірі жазылады. Төменде ортасында мемлекеттік және орыс тілдерінде жазба жазылады, төменде ортасында әскери билеттің бірінші бөлімі белгіленеді және мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылады:
Тармақ 1
"1. Жалпы мәліметтер/Общие сведения".
Төменде мынадай жазба жазылады:
Тармақ 1
"1. Туған жері/Место рождения
Тармақ 2
2. Ұлты/Национальность
Тармақ 3
3. Білімі/Образование
Тармақ 4
4. Мамандығы/Специальность".
Әскери билеттің екінші бөлімі мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылады:
Тармақ 2
"2. Әскери қызметке қатысы/Отношение к воинской службе".
Төменде мынадай жазба жазылады:
Тармақ 5
"5. Әскери қызметке шақыру туралы белгі/Отметка о призыве на воинскую службу (передаче в запас)
Тармақ 6
6. Жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақыру туралы белгі (келісім-шарт бойынша қызметке айқындау)/Отметка о призыве на воинскую службу по мобилизации (определении на службу по контракту)
Екінші бетте әскери қызметті немесе оқу жиындарын өткеру туралы мәліметтер жазылады:
Тармақ 7
7. Мерзімді әскери қызметті немесе оқу жиындарын өткеру/Прохождение воинской службы или учебных сборов".
3-бетте 8-тармақтың астынан әскери антты қабылдау туралы мәліметтер жазылады.
Төменде мынадай жазбалар жазылады:
Тармақ 9
"9. Ұрыс қимылдарына қатысуы туралы белгі/Отметка об участии в боевых действиях
Тармақ 10
10. Соғыс уақытында пайдалану туралы қорытынды/Заключение об использовании в военное время
Тармақ 11
11. Әскери атағы және мамандығы бойынша сынып берілуі/Присвоение воинских званий и классности по специальности".
4-бетте 12, 13-тармақтарда запасқа шығару және босату туралы мәліметтер жазылады.
Төменде мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылған әскери билеттің үшінші бөлімі орналастырылады:
Тармақ 3
"3. Запастағы қызмет/Служба в запасе".
3-бөлімде мынадай тармақтары бар:
Тармақ 14
"14. Есеп санаты/Категория учета
Тармақ 15
15. Есеп тобы/Группа учета
Тармақ 16
16. Құрамы/Состав
Тармақ 17
17. ӘЕМ нөмірі мен коды, лауазымы және ерекше қызмет белгілері/Номер и код ВУС, должности и особых признаков службы
Тармақ 18
18. Лауазымының және әскери-есептік мамандығының атауы (лауазымдық мамандығы)/Наименование должности и военно-учетной специальности (должностная квалификация). 18-тармақ 5-бетте орналастырылады".
5-бетте 3-бөлімнің 18-тармағынан төмен 4-бөлім мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады:
Тармақ 4
"4. Ерекше белгілер/Особые отметки".
6-бетте мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылған әскери билеттің бесінші бөлімі орналастырылады:
Тармақ 5
"5. Жұмылдыру нұсқамасын беру және алу туралы белгілер/Отметки о выдаче и изъятии мобпредписаний".
7-бетте мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылған әскери билеттің алтыншы бөлімі орналастырылады:
Тармақ 6
"6. Әскери есепке қабылдау және есептен шығару/Прием на воинский учет и снятие с учета".
8-бетте мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылған әскери билеттің жетінші бөлімі орналастырылады:
Тармақ 7
"7. Әскери міндеттіліктен босату туралы белгі/Отметки об освобождении от воинской обязанности".
Төменде 19-тармақта әскери есептен шығару туралы шақыру комиссиясының қорытындысы жазылады, 20-тармақта шекті жасқа жетуі бойынша әскери есептен шығару туралы жазба жазылады.