О начальной военной подготовке Қолданыста
Басқа 0
Алғашқы әскери дайындық туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы "Алғашқы әскери дайындық туралы" № 1340 қаулысына , Алматы облысы Әкімінің 1997 жылғы 13 қаңтардағы "Алматы облысының оқу орындарында жастарды алғашқы әскери дайындықтан өткізу туралы" № 1-7 шешіміне сәйкес, Алматы облысы мен Алматы қаласы әскери комиссарының 2001 жылғы 13 тамыздағы "Алматы облысы мен қаласының оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру мен басшылық жасау жөніндегі әскери комиссариаттардың 2000-2001 жылғы жұмысы және 2001-2002 оқу жылына арналған міндеттері туралы" № 154 бұйрығы негізінде алғашқы әскери дайындық бойынша оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз ету жөнінде айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.
Алайда тексеру қорытындысы, жастарға әскери патриоттық тәрбие және дене тәрбиесін беруде, алғашқы әскери дайындық жұмысын жүргізуді ұйымдастыруда маңызды кемшіліктердің орын алып отырғандығын көрсетіп берді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы "Алғашқы әскери дайындық туралы" № 1340 қаулысын толық орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Әскерге дейінгі және әскер жасындағы жастарды 2003 жылы әскери қызметке дайындау жөніндегі негізгі шаралар жоспары бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Білім департаментінің директоры (Т. Естенов), Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасының бастығы (Ә. Жайлаубеков), облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы ( В. Работягов), Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (А. Дүйсекеев), Алматы облысы қалалары мен аудандарының әкімдері, Алматы облыстық әскери комиссары (Т. Мәукебаев) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы "Алғашқы әскери дайындық туралы" № 1340 қаулысын орындауды жақсарту жөніндегі шараларды күшейтіп, жастарды әскери қызметке дайындауды түбегейлі жақсартып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жеке құрамын Қазақстан Республикасын қорғаудағы өз міндеттерін орындауға моральдық-психологиялық, дене тәрбиесі жағынан дайындығын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық білім департаментінің директоры (Т. Естенов) білім беру мекемелеріндегі алғашқы әскери дайындықты міндетті пән деп санасын. Осыған байланысты:
Тармақша 1
1) білім беру мекемелерін алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушы штатымен толық жабдықтауды қамтамасыз етсін;
алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы оқытушыларды Алматы облысының әскери комиссариаттарының, білім бөлімдерінің келісімінен кейін ғана жұмысқа тағайындап, жұмыстан босататын болсын;
Тармақша 2
2) Жалпы білім беру мектептердегі 10-11 сыныптардың оқушыларын, меншік түріне қарамастан соңынан оларды спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерьлеріндегі далалық-оқу жиындарына тарту арқылы кәсіптік-техникалық мектептердің, орта арнаулы білім беру орындарындағы алғашқы әскери дайындыққа толық қамтуға қол жеткізсін;
Тармақша 3
3) оқу орындарында алғашқы әскери дайындықтан өтпеген, осы дайындық бойынша аттестатталынбаған немесе алғашқы әскери дайындық бойынша қанағаттандырарлықсыз қорытынды баға алған әскер жасындағы жастар мерзімді әскери қызметке шақырылу алдында оқу - жаттығу пункттерінде қайта дайындықтан өту міндеттелсін;
Тармақша 4
4) Алматы облыстық әскери комиссариатымен бірлесе отырып, Жетісу мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық факультетінде оқыту үшін запастағы офицерлерді дайындау талаптарына жауап беретін 25 жасқа дейінгі ер адамдар арасынан алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушы дайындау үшін кандидаттарды таңдап алу жөніндегі жұмысты жүргізсін;
Тармақша 5
5) алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушыны 5 жылда бір рет ұзақтығы 3 апталық біліктілігін көтеру курстарына жіберсін; медициналық-санитарлық дайындық оқытушыларын оқу жылы басталар алдында, қысқы және көктемгі каникул күндерінде денсаулық сақтау органдарындағы әдіскерлік сабақтарына жіберсін;
Тармақша 6
6) Қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен, мәслихаттармен және басқа да мүдделі органдармен бірлесе отырып, алғашқы әскери дайындық және тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері бойынша бағдарламаларға сәйкес оқу- материалдық базасын құру және жетілдіру жөніндегі шараларды қолдансын;
Тармақша 7
7) әрбір оқу орнында әскери патриоттық тақырыпты бейнелейтін, Қазақстан халықтарының табыстарын, соғыс ардагерлері мен ерлерін насихаттайтын көрнекі үгітпен безендірілуіне қол жеткізсін; олар Отанды қорғады,«Олар Отан алдындағы борышын лайықты өтеуде,«Офицер- ерлікке баулитын мамандық»және тағы да басқа стенділер жабдықтасын.
Тармақ 4
4. Аудандар мен қалалардың әкімдері:
Тармақша 1
1) оқу-жаттығу (лагерьлік) жиындарын өткізу үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржылық қаражат бөлу қарастырылсын.
Тармақша 2
2) спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерьлерін қалпына келтірсін, материалдық-техникалық базасын жасау жөніндегі шараларды қолдансын, алғашқы әскери дайындықты материалдық-техникалық қамтамасыз ету, спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерьлерін қаржыландыру мен еңбекке ақы төлеу жөніндегі мәселені шешсін.
Тармақша 3
3) әскери комиссариаттармен бірлесе отырып, бір немесе бірнеше кәсіпорындарда, немесе оқу орындарында алғашқы әскери дайындықтан өтпеген жастарға арналған спорттық қорғаныс сауықтыру лагерінің базасында алғашқы әскери дайындықтан өту жөніндегі оқу пункттерін құрсын.
Тармақ 5
5. Алматы облысының әскери комиссары (Т. Мәукебаев):
Тармақша 1
1) алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру, өткізу және нәтижелеріне, оның бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етілуіне жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) білім беру мекемелері мен оқу пункттеріне акті жасау арқылы тексеру жүргізсін; өкілетті және атқарушы органдарға жастарға алғашқы әскери дайындық, әскери-патриоттық тәрбие және дене тәрбиесі дайындығын берудің жағдайы туралы ақпарат беріп отырсын.
Тармақ 6
6. Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (В. Работягов) адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері және медициналық-санитарлық дайындық жөніндегі жастар оқуына басшылықты және бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (А. Дүйсекеев) медициналық-санитарлық дайындық оқытушыларының жұмысына маман таңдап алуды, дайындауды және бақылауды қамтамасыз етсін. Білім беру мекемелеріне оқушылармен практикалық сабақтар жүргізу үшін емдеу мекемелерін бекітіп, оның жұмысына бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасының бастығы (Ә. Жайлаубеков) облыстың аудандық білім беру мекемелерінде әскер жасындағы және әскер жасына дейінгі жастардың дене тәрбиесіне басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
Басқа 22
Облыс Әкімінің
2003 жылғы 27 қаңтардағы
№ 1-11 шешіміне
қосымша
2003 жылы әскери қызметке жастарды шақыруға
және әскер жасына дейінгі жастарды әскери
қызметке шақыруға дайындық жөніндегі
негізгі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
Р/с
№/№
Шаралардың аталуы
Орындалу мерзімі
Орындаушы
Орындалғаны жөніндегі белгі
1
2
3
4
5
1. Ұйымдастыру шаралары
1.
Облыс Әкімінің (қала, аудан) қарауына төмендегі шешімдердің жобасын дайындасын және берсін:
- облыстың (ауданның, қаланың) оқу орындарында АӘД жүргізу туралы;
- 2003 жылы жастарды әскери қызметке үздік дайындау жөніндегі жарыстың қорытындыларын шығару туралы;
- әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу туралы;
Тамыз
Желтоқсан
ақпан
Білім департаменті,әскери комиссариат
2.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери қызметке жастарды үздік дайындау жөнінде жарыстар ұйымдастыру:
а) аудандар, қалалар білім мекемелерінің арасында;
б) кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер арасында.
Сәуір
әкімдіктің әскерге дейінгі және әскер жасындағы жастармен жұмыс жөніндегі әкімдік маманы, әскери комиссариат
3.
ҚР«Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы», сондай-ақ Қазақстан республикасының Қарулы Күштері және Қорғаныс туралы»заңдарын оқушылармен зерделеу мәселелері жөнінде оқу ұйымдарында АӘД мұғалімдері-ұйымдастырушыларымен бір күндік семинар дайындау және өткізу
22 ақпан
Білім департаменті,
Прокуратура,
әскери комиссариат
4.
Қазақстан республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери қызметке жастарды үздік дайындау жөнінде облыс аудандары мен қалаларының АӘД-ға мұғалімдері және АӘД жауаптылармен ғылыми-практикалық конференция әзірлеу және өткізу.
21 наурыз
Білім департаменті,
Прокуратура,
әскери комиссариат
5.
ҚР Қарулы Күштеріндегі қызметке жастарды дайындау жөніндегі жарыстың қорытындыларын шығару:
а) аудандар мен қалалардың білім мекемелері арасында;
б) кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер арасында.
5 мамыр
әкімдіктің әскерге дейінгі және әскер жасындағы жастармен жұмыс жөніндегі маманы, әскери комиссариат
II. Әскери-патриоттық тәрбиенің тиімділігін арттыру
жөніндегі шаралар
1.
«ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы негізінде жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін одан әрі жақсарту және жағдайы жөніндегі шаралар туралы» мәселе жөнінде облыс әкімінің активінің арасында кеңес дайындап, өткізу.
Сәуір
Әкім орынбасары, әскери
комиссар,білім департамен
тінің директоры
2.
Білім ұйымдарында
қорғаныс-бұқаралық жұмыстар айлығын дайындау және өткізу.
10-сәуір -ден 10-мамыр
ға дейін
Білім ұйымдары, әскери комиссариат, ҚР ҚМ ӘТМ» РМҚК-ы,әкімдік
3.
Білім беру ұйымдарында жастарды қазақстандық патриотизм, Отанына шексіз берілгендік, қазақстан Республикасының қарулы Күштеріне деген сүйіспеншілік және құрмет рухында тәрбиелеу мақсатында:
а) әскери-патриоттық тақырыпта дәрістік насихат, сондай-ақ әлемде және елімізде болып жатқан оқиғалар туралы жүйелі түрде саяси ақпарат;
б) әскери және еңбек даңқы жерлеріне, әскери бөлімшелерге қР қарулы Күштерін және жеңіс күндерін атап өтуге арналған экскурсиялар;
в) әскери оқу орындары озат курсанттарының мен әскерге шақырылушылардың үздіктерінің әскери училищелер, әскери комиссариаттардың запастағы офицерлерінің өнерлерін;
г) әскерге шақырылушылардың ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, Совет одағының батырларымен, Еңбек Ерлері, Халық
қаћармандарымен, интернационалист жауынгерлермен кездесулер ұйымдастырып, өткізу.
Тізімге алу және шақыру кезеңінде
Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, әскери комиссариат
тар, білім бөлімдері
4.
Спорт ұжымдарының, әскери бөлімшелер, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің қатысуымен әскерге шақырылушылар күні»мерекесін дайындап, өткізу.
Мамыр-
қазан
Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, әскери комиссариат
тары
5.
Кәсіпорындарда, ұйымдарда естелік сыйлықтар бере отырып ҚР-ң Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімін ұйымдастыру.
Мамыр-
қараша
Аудандар мен қалалардың әкім-діктері, әскери комиссариат
тары
6.
үздік кәсіпорындар мен мекемелердің жастарға әскери патриоттық тәрбие беру жөніндегі тәжірибесі жинақталып, таратылсын.
Жыл бойына
Білім департаменті,
әскери комиссариат
III. Жастардың АӘД (НВП) дайындығын қамтамасыз ету
шаралары
1.
жаңа оқу жылындағы негізгі шаралар жоспары, қосымшасымен оқу жылындағы АӘД (НВП) қорытындылары бойынша, шешімнің жобасын әзірлеп, облыс әкімінің бекітуіне ұсыну.
тамыз
Облыстық әскери комиссариат, Білім департаменті
2.
білім беру ұйымдарында және оқу пункттерінде 2002-2003 оқу жылындағы АӘД қорытындылары шығарып, жаңа оқу жылының міндеттерін белгілеу.
Шілде
әскери комиссариат, Білім департаменті
3.
Төмендегілермен аттестация өткізілсін:
а) АӘД оқытушылары-
ұйымдастырушыларымен;
б) МСК(МСП)оқытушыларымен;
в) оқу пунктінің (ОСОЛ) бастығымен
тамыз
әскери комиссариат, Білім департаменті,
денсаулық сақтау басқармасы
4.
АӘД оқытушылары-
ұйымдастырушыларымен, оқу пунктінің бастықтарымен және нұсқаушыларымен төмендегідей нұсқаушы-әдістемелік сабақтар жоспарлап өткізу:
а) үш күндік оқу-әдістемелік жиындар;
б) ай сайынғы бір күндік оқу-әдістемелік сабақтар;
в) үш күндік семинарлық сабақтар.
Жиындар
дың алдында
Жиындар
дың алдында
әр айдың соңғы сенбісін
де
әр айдың соңғы сенбісін
де
тамыз
әскери комиссариат, Білім департаменті
5.
әскери комиссариаттың жанынан АӘД жөніндегі штаттан тыс әдістемелік кеңес құру және оның жұмысын төмендегіше жоспарлау:
а) Білім беру ұйымдарындағы әскери кабинеттердің құрал-жабдықтарын, көрнекі құжаттамаларды жаңарту;
б) АӘД жөніндегі оқу материалдық базаны құру және оны жетілдіруді аяқтау;
в) Барлық білім беру ұйымдарында қару сақтауға арналған бөлмелердің жабдықталуының нұсқау талаптарына сәйкестігін тексеру
1-тамызға дейін
2003 жылдың 10-қазанына дейін
Тамыз
әскери комиссариаттар, Білім беру ұйымдарының басшылары
әскери комиссариаттар
6.
Мектеп бітіруші және мектеп бітіру алдындағы сыныптар, оқу пункттері оқушыларымен спорт-қорғаныс сауықтыру лагері негізіндегі оқу дала жиынында соғыс қаруларынан ату жаттығуларын өткізу.
Мамыр, маусым
Жеке жоспар бойынша
әкімдік, әскери комиссариат,
білім департаменті
7.
Білім беру ұйымдары мен оқу пункттеріне төмендегіше көмек көрсету және бақылауды жүзеге асыру:
а) білім беру ұйымдарында АӘД жөніндегі сабақтың басталуына дайындықты ұйымдастыру;
б) МСК (МСП) (қыздар үшін) жөнінде сабақ ұйымдастыру;
в) оқу пункттерінде АӘД жөнінде сынақ қабылдау.
Жоспар бойынша
әкімдік комиссиясы,
әскери комиссариат,
денсаулық сақтау басқармасы,
білім департаменті, әскери комиссариат
ІV. Әскерге шақырылушылардың және әскер жасына
дейінгі жастардың дене тәрбиесін дайындығын
жақсарту жөніндегі шаралар
1.
әскерге шақырылушылардың және әскер жасына дейінгі жастардың дене тәрбиесі туралы жағдайы туралы қала әкімін хабардар ету
Тоқсан сайын
Спорт және дене
тәрбиесі жөніндегі комитет
2.
Аудандық спорт және дене тәрбиесі жөніндегі комитеттердің төрағаларымен, спорт ұжымдарының басшы-ларымен әскерге шақырылушылардың және әскер жасына дейінгі жастардың дене тәрбиесімен шұғылдануы жөнінде нұсқама өткізу.
шілде
Спорт және денетәрбесі жөніндегі комитет
3.
бұқаралық спортпен шұғылдануға жіберілген уақытты ескере отырып, сабақ кестесін әзірлеу ОМ, КТМ, колледж директорларына міндеттеу.
Жоспар бойынша
Білім беру мекемеле
рінің басшылары
4.
Пневматикалық винтовкадан ату бойынша нормативтерді тапсыру жөнінде спартакиада өткізу
мамыр
"ҚР ҚК ӘТМ"» РМҚК
5.
дене тәрбиесі жөнінде Президенттік тест өткізу жөнінде спартакиада өткізу
Сәуір-
мамыр
Спорт және дене тәрбиесі жөніндегі комитеті
6.
дене тәрбиесі жөніндегі оқу-материалдық базаны құруға көмек көрсету
Оқу жылы бойына
Спорт және дене тәрбиесі
жөніндегі комитеті, "ҚР ҚМ ӘТМ"» РМҚК
7.
Жыл бойы атқарылған жұмыстың қорытындысын шығару және оны жақсарту шараларын қабылдау
тамыз
әкімдік