Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет языковой политики» Министерства образования и науки Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 984 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмелерін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) өзіне жүктелген функцияларды іске асыратын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатынасуына құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бекітеді.
Тармақ 8
8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысына шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-бөлім. Комитеттің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2-бөлім. Комитеттің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тіл саясатын қалыптастыру және мемлекеттік тілді дамыту;
Тармақша 2
2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасын іске асыру саласындағы қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіл саясатын жүргізу, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) халықты мемлекеттік тілге оқытуды және Қазақстан халқының тілдерін пайдалануды әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) терминдердің бірыңғай пайдаланылуын және мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыру мақсатында терминологиялық жұмыстарды жүйелендіру.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік субъектілердің Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асыруын ведомствоаралық үйлестіру;
Тармақша 2
2) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметін ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуын үйлестіру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасау, тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 5
5) Комитет құзыреті шегінде тілдерді дамыту саласындағы құқықтық актілерді, келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6
6) Қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіруді және қазақ тілін халықаралық ақпараттық кеңістікке интеграциялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқа да тілдерінің беделін арттыруға бағытталған ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және әдістемелік семинарларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 8
8) тілдерді дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдарға үйлестіру-әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 9
9) республикалық терминология, сондай-ақ Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның жанындағы жұмыс топтарының (орфографиялық, терминологиялық, әдістемелік, техникалық және ақпараттық сүйемелдеу) қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) халыққа мемлекеттік тілді және үштілді білім беруді (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) оқыту жұмыстарын үйлестіру, сонымен қатар этнос өкілдеріне ана тілдерін үйренуіне жағдай жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) этностардың ана тілдерін оқыту мәселелері бойынша этно-мәдени бірлестіктер және қоғамдық ұйымдармен ықпалдастықты арттыру, тілдік ортаны қалыптастыру бойынша іс-шараларды іске асыру;
Тармақша 13
13) мемлекеттік тілді үйретуге арналған заманауи мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып әдістемелік құралдарды әзірлеу;
Тармақша 14
14) ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулер жүргізу;
Тармақша 16
16) Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілетудің «Абай институты» бағдарламасын жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасты жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) тіл саясатын дамытуға және нығайтуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі рөлін күшейтуге қажетті әдістемелік, ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) терминологиялық жұмыстарды үйлестіру, терминдерді біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру;
Тармақша 21
21) Қазақ тілінің ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусын әзірлеу;
Тармақша 22
22) Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
Тармақша 23
23) үйлесімді тілдік ортаны құру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;
Тармақша 24
24) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) Комитетке қарасты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Құқықтары мен міндеттемелері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
Тармақша 4
4) Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құру;
Тармақша 5
5) Комитеттің құзыреті шегінде конкурстарды, фестивальдарды, конференцияларды, семинарлар және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 6
6) тілдерді дамытуға еңбегін сіңірген тұлғаларды мемлекеттік наградаларға ұсынуға ұсыныс енгізу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-бөлім. Комитет қызметін ұйымдастыру
3-бөлім. Комитет қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитеттің төрағасы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасын Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Аппарат басшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Министрге Комитеттің құрылымы бойынша ұсыныстар береді;
Тармақша 2
2) Министрліктің аппарат басшысына Комитеттің штат саны бойынша ұсыныстар береді;
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 5
5) Министрліктің аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізеді;
Тармақша 6
Тармақша 7
7) Министрлік басшылығымен келісе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысын тағайындайды;
Тармақша 8
8) өз құзіреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 9
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді;
Тармақша 10
10) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға еңбек сіңірген тұлғаларға құрмет грамоталарын және алғыс хаттарды беру жөніндегі мәселелерді шешеді;
Тармақша 12
12) өзінің құзіретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
Тарау 4. 4-бөлім. Комитеттің мүлкі
4-бөлім. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-бөлім. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-бөлім. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.