Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жанааркинского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Жаңаарқа ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Жаңаарқа ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Жаңаарқа ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 3/30 шешіміне 1 қосымша Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Жаңаарқа ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Жаңаарқа ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы ережелер негізінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетеді.
Тарау 1. 1 - тарау. Жалпы ережелер
1 - тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 3
3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Тармақша 3
3) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жаңаарқа ауданының әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 4
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша облыстардағы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы статистика органдары есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 5
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 6
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 7
7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
Тармақша 8
8) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 9
9) уәкілетті орган – Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 10
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 11
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Тармақ 4
4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет) көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
Тармақша 2
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
Тармақша 3
3) 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні;
Тармақша 4
4) 9 мамыр - Жеңіс күні;
Тармақша 5
5) 6 шілде - Астана күні;
Тармақша 6
6) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні;
Тармақша 7
7) 1 қазан – Қарттар күні;
Тармақша 8
8) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Тармақ 8
8. Учаскелiк және арнайы комиссиялар өз қызметiн облыстың жергілікті атқарушы органы бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2 - тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2 - тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 9
9. Атаулы және мерекелік күндерге бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне: басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс ардагерлеріне, атап айтқанда: оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерге, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерге, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде.
Тармақша 2
2) 8 наурыз - Халықаралақ әйелдер күніне: «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналарға, 10 000 (он) мың теңге мөлшерінде.
Тармақша 3
3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне: бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда),150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерге, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына, 10 000 (он) мың теңге мөлшерінде;
Тармақша 4
4) 9 мамыр - Жеңіс күніне: Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерге, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), 50 000 (елу) мың теңге мөлшерінде; Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне, 50 000 (елу) мың теңге мөлшерінде; «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атақтарына ие болған адамдарға, 50 000 (елу) мың теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 50 000 (елу) мың теңге мөлшерінде; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, 50 000 (елу) мың теңге мөлшерінде.
Тармақша 5
5) 6 шілде - Астана күніне: көпбалалы отбасыларға Жаңаарқа ауданының балабақшаларында тәрбиеленетін балаларының тамақтануы үшін төлейтін ата-аналар жарналарының шығындары сомасының 50% мөлшерін өтеуге; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, 50 000 (елу) мың теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), 50 000 (елу) мың теңге мөлшерінде.
Тармақша 6
6) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне: I, II, III топ жалпы ауру мүгедектігі бар адамдар, жеті жасқа дейін, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі I, II, III топ мүгедектігі бар балаларға, 10 000 (он) мың теңге мөлшерінде.
Тармақша 7
7) 1 қазан – Қарттар күніне: 70 жастан және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге, 10 000 (он) мың теңге мөлшерінде.
Тармақша 8
8) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне: Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға, 150 000 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде; көпбалалы отбасыларға Жаңаарқа ауданының балабақшаларында тәрбиеленетін балаларының тамақтануы үшін төлейтін ата-аналар жарналарының шығындары сомасының 50% мөлшерін өтеуге. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде бір реттік әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамның (отбасының)ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған мекен-жайда тұрақты тұратын азаматтарға (отбасыларға) осы жағдай туындаған сәттен бастап алты ай ішінде әлеуметтік көмек орташа табысын есепке алынбай, 55 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 3
3) өмірлік қиын жағдайлар салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуіне тап болған адамдарға (отбасыларға), сондай-ақ туберкулез ауруымен стационарлық емдеуден кейін және әлеуметтік мәні бар аурулардың қатерлі ісікпен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет төленеді; азаматтардың өтініштері бойынша ауыр материалдық жағдайға байланысты ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысты ескере отырып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбайтағайындалады, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде төленеді.
Тармақ 10
10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
Тармақша 2
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;
Тармақша 3
3) жергілікті өкілді органмен ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Тармақ 11
11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы орган келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
Тармақ 12
12. Әлеуметтiк көмектiң шектi мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиісті жылға бекітілген 55 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
Тармақ 13
13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тарау 3. 3 - тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3 - тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 14
14. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек үшін өтініш білдіру мерзімі - табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш ай ағымында.
Тармақ 15
15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмейді, уәкілетті ұйымның, не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
Тармақша 2
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;
Тармақша 3
3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді. Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Тармақ 17
17. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 18
18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
Тармақ 19
19. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнің материалдық жағдайына тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 1, 2 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерiне жiбередi. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 20
20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
Тармақ 21
21. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 22
22. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 23
23. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
Тармақ 24
24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Осы қағидалардың 20 және 21 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету, не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 25
25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 26
26. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
Тармақша 1
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 2
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
Тармақша 3
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру аудандық бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4 - тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
4 - тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
Тармақ 28
28. Әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болғанда;
Тармақша 2
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;
Тармақша 3
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;
Тармақша 4
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады. Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 29
29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
Тарау 5. 5 - тарау. Қорытынды ереже
5 - тарау. Қорытынды ереже
Тармақ 30
30. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингi және есепке алуды уәкiлеттi орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.
Басқа 1. Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
Жаңаарқа аудандағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 1-қосымша Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ 20__жылғы «___»______________________________________(елді мекен)
Тармақ 1
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Тұратын мекенжайы________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 3
3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай_______________________________________________
Тармақ 4
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде: Р/с № Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туған күні Өтініш берушіге туыстық қатынасы Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) Жұмыспен қамтылмау себебі Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер Өмірдегі қиын жағдай 1 2 3 4 5 6 7 8 Еңбекке жарамды барлығы _________ адам. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам. Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге. Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 5
5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет): ____________________________________________________________________ Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Отбасының табысы: Р/с № Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Табыс түрі Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер тоқсанға орта есеппен айына 1 2 3 4 5 6
Тармақ 6
6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________. қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________.
Тармақ 7
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 8
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы,көзі): ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________.
Тармақ 9
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі: ____________________________________________________________________
Тармақ 10
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы: ____________________________________________________________________ Комиссия төрағасы: __________________________ ____________________________________ Комиссия мүшелері: __________________________ ____________________________________ __________________________ ____________________________________ __________________________ _____________________________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты) Жасалған актімен таныстым: _______________________________ Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ___________________________________________________________________ Тексеру жүргізілуден бас тартқан ______________________ Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ____________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады) Күні _______
Басқа 2
Жаңаарқа аудандағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 2-қосымша Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы 20 __ ж. «_____»___________ Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету,оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының) __________________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты) өтініш және оған қоса берілген құжаттарды қарап,ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайы тексеру нәтижелерінің негізінде____________________________________________________________ (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы) адамға (отбасына ) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады Комиссия төрағасы: ___________________ _______________________ Комиссия мүшелері: ___________________ _______________________ ___________________ _______________________ ___________________ _______________________ ___________________ _______________________ (қолдары) (Т.А.Ә.) Қорытынды қоса берілген құжаттармен ________данада 20 __ ж. «___» _____________ қабылданды Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы_________
Басқа 1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының кейбір күшін жойған шешімдері
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 3/30 шешіміне 2 қосымша Жаңаарқа аудандық мәслихатының кейбір күшін жойған шешімдері
Тармақ 1
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы ХХVII сессиясының № 27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2587 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 30 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жығы 19 сәуірде № 17 (9611) «Жаңаарқа» газетінде жарияланған).
Тармақ 2
2. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі ХXХIV сессиясының № 34/227 шешімі Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2784 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 24 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 11 қазандағы № 45 (9639) «Жаңаарқа» газетінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы ХXХVII сессиясының № 37/246 шешімі Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2853 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 25 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде», 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 56-57 (9650-9651) «Жаңаарқа» газетінде жарияланған).
Тармақ 4
4. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі XLII сессиясының № 42/295 шешімі «Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3333 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 5
5. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы XLI сессиясының № 41/291 шешімі «Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3320 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 13 тамыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 6
6. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы LI сессиясының № 51/360 шешімі Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3706 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 08 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 09 сәуірдегі № 17 (9730) «Жаңаарқа» газетінде жарияланған).
Тармақ 7
7. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы II сессиясының № 2/20 шешімі Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3822 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 03 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Жаңаарқа» газетінде 2016 жылғы 04 маусымда № 26-27 (9757) жарияланған).
Тармақ 8
8. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2016 жылғы 09 қыркүйектегі IV сессиясының № 4/43 шешімі Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3973 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 19 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 22 қазандағы № 47-48 (9776) «Жаңаарқа» газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2016 жылғы 26 қазанда жарияланған).
Тармақ 9
9. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі XVI сессиясының № 16/130 шешімі Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4368 нөмірімен тіркелген), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 13 қазанда жарияланған).
Тармақ 10
10. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 48/331 шешімі Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5656 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 14 қаңтарда жарияланған).
Тармақ 11
11. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 51/358 шешімі Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5770 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 06 сәуірінде жарияланған).