Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 09.01.2006 № 33 қаулысымен. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қорғау мақсатында Жiтiқара ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерi бекiтiлсiн (1-қосымша).
Тармақ 2
2. «Жiтiқара аудандық қаржы басқармасы» (В.Б. Никитченко) мемлекеттiк мекемесi «Жергiлiктi өкiлетi органдар шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер» бағдарламасын қаржыландыру аудан бюджетiнде қарастырылғандай қаражат шегiнде қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. «Азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы материалдық көмек көрсету Ережелерi туралы» 2002 жылғы 28 қаңтардағы № 12 Жiтiқара ауданы әкiмиятының қаулысы (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1251), 2002 жылдың 27 наурызында «Авангард» газетiнiң № 24 санында жарияланған және «Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы әлеуметтiк көмек көрсету туралы» 2002 жылдың 27 наурыздағы № 100 (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1390), 2002 жылғы 11 мамырында «Авангард» газетiнiң № 37 санында жарияланған Жiтiқара ауданы әкiмияты қаулыларының күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Қаулы Қостанай облысының Әдiлет басқармасында тiркеуден өткен сәтiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 5. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелері
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімиятының 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 122 әкімият қаулысымен бекітілген 1-қосымша Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер аудан бюджетінде қарастырылғандай қаржы есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларына әлеуметтік көмекті тағайындауды реттейді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек көрсету үшін қазіргі бекітілген Ереже негізінде, аудан бюджеті қаржысы есебінен заттай түрдегі немесе ақшалай берілетін әлеуметтік көмек көрсету жөнінде аудандық комиссия (әрі қарай Комиссия) құрылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек төмендегі түрде беріледі:
Тармақша 1
1) шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға біржолғы төлемдер (емделу, тұрмыстық қажеттіктер, жеке куәлікті алуға кететін шығындар, коммуналдық қызметтер және тағы басқалар);
Тармақша 2
2) тұрмысы төмен азаматтарға қатты отын сатып алуға біржолғы төлемдер;
Тармақша 3
3) азаматтардың жекелеген санаттарына мереке күндері біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіктеріне берілетін әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) тегін тамақтану;
Тармақша 6
6) Балаларды қорғау Күні мен қарттар Күніне біржолғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 4
4. 3-тармақтың 3, 6) тармақшаларында көрсетілген төлемдерден басқа әлеуметтік көмектің барлық түрлері өтініш нысанында қарастырылады.
Тармақ 5
5. Комиссия мақсатты әлеуметтік көмек көрсетуді отбасының нақты қажеттіктеріне тағайындауы мүмкін (киім, дәрі, емделу, коммуналдық қызметтер), өтініш иесі берілген көмектің тікелей мақсаты бойынша пайдалануы тиіс.
Тарау 2. 2. Шұғыл әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін отбасыларына біржолғы әлеуметтік көмек
2. Шұғыл әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін отбасыларына біржолғы әлеуметтік көмек
Тармақ 6
6. Жалғыз бастылар мен жалғыз басты зейнеткерлер, туберкулезбен ауыратын адамдар, отбасы құрамындағы жұмыс істемейтін мүшелері, оның ішінде зейнеткерлері мен мүгедектері, кәмелетке толмаған балалары барлар, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда ресми түрде тіркелген жұмыссыздары бар отбасылар, әлеуметтік себептерден тіршілік етуге қаражатсыз қалған немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстағы аудан азаматтары біржолғы әлеуметтік көмекті алушылар болып табылады.
Тармақ 7
7. Шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек жылына бір реттен артық емес, ерекше жағдайда емделуге екі реттен артық емес 5000 теңге мөлшерінде беріледі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін төмендегі құжаттар дайындау қажет: әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш; тұратын орны және отбасы құрамы туралы анықтама; өткен тоқсан бойынша отбасы табысын растайтын құжаттар; емделуге және коммуналдық қызметтерге көмек көрсетуге арналған-медициналық мекеменің, коммуналдық және қызмет көрсету ұйымдарының анықтамалары.
Тарау 3. 3. Қатты отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмек
3. Қатты отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмек
Тармақ 9
9. Отынды сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек алуға жеке меншік тұрғын үйлерде тұратын, отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын тұрмысы төмен азаматтардың құқығы бар.
Тармақ 10
10. Отынды сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет: әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш; отбасы құрамы туралы анықтама; тұрғын үйдің өзіне тиістілігін растайтын құжаттың көшірмесі; өткен тоқсандағы отбасы табысын растайтын құжаттар;
Тармақ 11
11. Қатты отынды сатып алуға 4500 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек жылына бір реттен артық емес беріледі.
Тарау 4. 4. Азаматтардың жекелеген санаттарына мереке күндеріне берілетін біржолғы әлеуметтік көмек
4. Азаматтардың жекелеген санаттарына мереке күндеріне берілетін біржолғы әлеуметтік көмек
Тармақ 12
12. Мереке күндері біржолғы материалдық көмек азаматтардың мынандай жекелеген санаттарына беріледі:
Тармақша 1
1) Жеңіс күніне: 1000 теңгеден - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; 500 теңгеден - қайтыс болған жауынгерлердің қайтадан күйеуге тимеген жесірлеріне; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша теңестірілгендерге және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда қажырлы еңбек етіп және мінсіз әскери қызметте болған ҚСР Одағының ордендері мен медальдармен марапатталғандарға;
Тармақша 2
2) Республика Күніне «Ауданның (қаланың) құрметті азаматы» атағы бар азаматтарға ең төменгі есептік көрсеткіштің бес есе мөлшерінде беріледі.
Тармақ 13
13. Біржолғы материалдық көмек көрсетудің осы түрі аудандық бюджеттегі ұйымдардың, аудандық ардагерлер Кеңесінің, аудандық мүгедектер қоғамының мәліметтері бойынша дайындалған аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тізімдері негізінде жүзеге асырылады және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссияның хаттамасымен бекітіледі.
Тарау 5. 5. Балаларды қорғау Күні мен қарттар Күніне біржолғы әлеуметтік көмек
5. Балаларды қорғау Күні мен қарттар Күніне біржолғы әлеуметтік көмек
Тармақ 14
14. Балаларды қорғау Күніне 500 теңгеден 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
Тармақ 15
15. Қарттар Күніне 500 теңгеден материалдық көмекті керек ететін зейнеткерлерге, жалғыз басты қартайған азаматтарға, сонымен қатар аудан бюджетіндегі ұйымдардан зейнетке шыққан зейнеткерлерге;
Тармақ 16
16. Біржолғы материалдық көмек көрсетудің осы түрі аудандық бюджеттегі ұйымдардың, аудандық ардагерлер Кеңесінің, аудандық мүгедектер қоғамының мәліметтері бойынша дайындалған аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тізімдері негізінде жүзеге асырылады және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссияның хаттамасымен бекітіледі.
Тарау 6. 6. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектердің тұрмыстық қажеттіктеріне әлеуметтік көмек
6. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектердің тұрмыстық қажеттіктеріне әлеуметтік көмек
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмекті тағайындау барысында төмендегі құжаттар қажет: Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедектігінің куәлігі (көшірме)
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмекті есептеу 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеу алушының өлген айынан бастап тоқталады.
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмек ай сайын 230 теңге мөлшерінде беріледі.
Тарау 7. 7. Тегін тамақтандыру
7. Тегін тамақтандыру
Тармақ 21
21. Жалғыз бастылар және ең аз мөлшердегі зейнетақымен (жәрдемақымен) тұрып жатқан жалғыз басты зейнеткерлер, туберкулезбен ауыратын адамдар, отбасы құрамындағы жұмыс істемейтін мүшелері, оның ішінде зейнеткерлері мен мүгедектері, кәмелетке толмаған балалары барлар, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда ресми түрде тіркелген жұмыссыздары бар отбасылар, әлеуметтік себептерден тіршілік етуге қаражатсыз қалған немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстағы аудан азаматтардың тегін тамақтануға құқығы бар.
Тармақ 22
22. Тегін тамақтануға есепке алу әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Тегін тамақтануға жіберу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет: өтініш; отбасы құрамы мен тұратын орны туралы анықтама; отбасының өткен тоқсандағы табысын растайтын құжаттар; 24. Тамақтану күніне бір рет ыстық түстік түрінде беріледі.
Тарау 8. 8. Әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу тәртібі
8. Әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу тәртібі
Тармақ 25
25. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасының (әрі қарай Бағдарлама) администраторы «Жітіқара аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай Администратор) болып табылады.
Тармақ 26
26. Осы Ережелермен белгіленгендей әлеуметтік көмек көрсетудің қаржыландыру көзі - Жітіқара ауданның бюджеті болып табылады.
Тармақ 27
27. Өтініштер мен басқа құжаттар аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына берілгеннен соң, оның қызметкерлері өтініш берушінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына тексеру актісін әзірлейді. Ерекшелік ретінде 3-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік көмектің түріне берілетін құжаттардан басқа барлық құжаттар аудандық комиссия қарауына табысталады.
Тармақ 28
28. Әлеуметтік көмекті бөлу (бас тарту) туралы шешім қабылдайтын аудандық комиссияның шешімі әлеуметтік көмекті төлеуге негіз болып табылады.
Тармақ 29
29. Бағдарлама администраторы аудандық комиссияның шешімі негізінде әлеуметтік көмек бөлінген азаматтардың тізімін жасайды және қаражат алушылардың жеке шоттарына ақша аударуды аудан банкілерінің бөлімшелерінде жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. 3-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілгендей әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері ай сайын тапсырылған құжаттар негізінде жасалады. Қаражат төлеу алушылардың жеке шоттарына ақша аудару жолымен аудан банкілерінің бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Тамақтандыруды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес осы мақсаттарға белгіленген заңды тұлға жүзеге асырады. Тамақтандыру құны заңды тұлғаның тегін тамақтануды ұйымдастыруды жүзеге асыру құқығын ұтып алуға мүмкіндік берген бағасынан жоғары болмауы керек. Есептесу тәртібі мен мерзімі Бағдарлама Администраторының осы заңды тұлғамен жасалған шартында ескертіледі.