Об акционерных обществах Қолданыста
Басқа 0
Акционерлік қоғамдар туралы
орыс тіліндегі "присоединение" деген сөз қазақ тілінде тиісті қосымшаларымен бірге "біріктіру" деп алынды - ҚР 19.03.2014 № 179-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
«аффилиирленген», «аффилиирленгені», «аффилиирлену» деген сөздер тиісінше «үлестес», «үлестестігі», «үлестестік» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Тармақша 1
1) айқын басым көпшілік – кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік;
Тармақша 2
2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлік қоғамның шығарылым проспектісімен айқындалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне ауыстыруға жататын бағалы қағазы;
Тармақша 3
3) акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға;
Тармақша 4
4) акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз;
Тармақша 4-1
4-1) акцияларды бөлшектеу – акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының санын ұлғайту;
Тармақша 5
5) акциялардың бақылау пакеті - акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті;
Тармақша 6
6) акцияның номиналдық құны - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) айқындалатын бірыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейді);
Тармақша 7
7) үлестес тұлғалар - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге, оның ішінде жасалған мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Қоғамның үлестес тұлғаларының тізбесі осы Заңның 64-бабында белгіленеді;
Тармақша 8
8) дауыс беретін акциялар - орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы берілген артықшылықты акциялар. Дауыс беретін акциялар санына қоғам сатып алған акциялар, сондай-ақ, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі акциялар кірмейді;
Тармақша 9
9) дивиденд - акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі;
Тармақша 10
10) жарияланған акциялар - шығарылымын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган тіркеген акциялар;
Тармақша 11
11) корпоративтік интернет-ресурс – қоғамға тиесілі интернет-ресурс;
Тармақша 12
12) корпоративтік хатшы - қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын акционерлік қоғамның қызметкері, оны қоғамның директорлар кеңесі тағайындайды және ол қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауға және өткізуге бақылау жасайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдар әзірлеуді қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды. Корпоративтік хатшының құзыреті және қызметі қоғамның ішкі құжаттарында айқындалады;
Тармақша 12-1
Тармақша 13
13) кумулятивтік дауыс беру - дауыс беруге қатысушы әрбір акцияға қоғам органы сайланатын мүшелерінің санына тең дауыс саны келетін дауыс беру тәсілі;
Тармақша 14
14) қоғамды корпоративтік басқару кодексі - қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілетін, қоғамды басқару процесінде туындайтын қатынастарды, оның ішінде қоғамның акционерлері мен органдары арасындағы, қоғам органдары, қоғам және мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтін құжат;
Тармақша 14-1
14-1) қор биржасының өкілдік тізімі – бағалы қағаздар және қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сай келетін олардың эмитенттерінің тізімі;
Тармақша 15
15) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 16
16) лауазымды адам - акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, оның атқарушы органының мүшесі немесе акционерлік қоғамның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 17
17) миноритарлық акционер - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он процентінен азы тиесілі акционер;
Тармақша 18
18) орналастыру бағасы - акцияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында орналастыру кезінде айқындалатын акция бағасы;
Тармақша 19
19) орналастырылған акциялар - акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың бастапқы нарығында құрылтайшылар мен инвесторлар құнын төлеген акциялары;
Тармақша 20
20) тәуелсіз директор – осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда), осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын; осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғам ұйымдарының – үлестес тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныстылығы жоқ және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағынысты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционер өкілі болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған; осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарға сай келетін директорлар кеңесінің мүшесі;
Тармақша 21
21) төлем агенті - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 22
22) уәкілетті орган –
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 23
23) ірі акционер - бір-бірімен жасалған келісім негізінде әрекет ететін, өзіне (жинақтап алғанда өздеріне) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп проценті тиесілі акционер немесе бірнеше акционер.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
Тармақ 2-1
2-1. Осы Заңның ережелері Ұлттық әл-ауқат қорына және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және егер "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ол бақылайтын өзге де заңды тұлғаларға қолданылады.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Бап 2-1. 2-1-бап. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
2-1-бап. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Акционерлік қоғамдарды құрудың, олардың қызметінің, қайта ұйымдастырудың және таратудың құқықтық негіздерін белгілеу, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды белгілеу акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) акционерлік қоғамдардың корпоративтік басқару қағидаттарын сақтауы.
Тармақ 3
3. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) акционерлік қоғамдар қызметінің ашықтығы;
Тармақша 2
2) корпоративтік басқарудың орнықтылығы.
Бап 3. 3-бап. Акционерлік қоғам
3-бап. Акционерлік қоғам
Тармақ 1
1. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады.
Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының міндеттемелерін қоспағанда, қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауаптылықта болады.
Тармақ 2
2. Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.
Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына қатысты, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі субсидиарлық жауаптылықта болады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлік қоғам" ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін "АҚ" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі.
Бап 4. 4-бап. Халықтық акционерлік қоғам
4-бап. Халықтық акционерлік қоғам
Бап 4-1. 4-1-бап. Жария компания
4-1-бап. Жария компания
Тарау 2. 2-тарау. Қоғамды құру
2-тарау. Қоғамды құру
Бап 5. 5-бап. Қоғамның құрылтайшылары
5-бап. Қоғамның құрылтайшылары
Тармақ 1
1. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады.
Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген атқарушы орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады.
Мемлекеттiк кәсiпорын осы кәсiпорынға қатысты меншiк иесi мен мемлекеттiк басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның келiсiмiмен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында қоғам құру "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Бап 6. 6-бап. Құрылтай жиналысы. Жалғыз құрылтайшы
6-бап. Құрылтай жиналысы. Жалғыз құрылтайшы
Тармақ 1
1. Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай тұлға жеке-дара қабылдайды.
Қоғам осы Заңда және Қазақстан Республикасының
өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы құрылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар:
Тармақша 1
1) қоғамды құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;
Тармақша 2
2) құрылтай шартын жасайды;
Тармақша 3
3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;
Тармақша 4
4) жарияланған акциялардың, соның ішінде құрылтайшылар төлеуге тиісті акциялардың санын белгілейді;
Тармақша 4-1
4-1) қоғамның акцияларына ауыстыруға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
Тармақша 4-2
4-2) осы Заңға сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді;
Тармақша 5
5) жарияланған акциялар шығарылымы туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Тармақша 7
7) мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уәкілетті адамдарды сайлайды;
Тармақша 8
8) қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалайтын адамдарды белгілейді;
Тармақша 9
9) қоғамның органдары құрылғанға дейін қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды;
Тармақша 10
10) қоғамның жарғысын бекітеді.
Тармақ 3
3. Акциялар орналастырыла бастағанға дейін құрылтайшылардың кейіннен бірнеше жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Тармақ 4
4. Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленбесе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады.
Тармақ 5
5. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға жататын хаттамамен (шешіммен) ресімделеді.
Бап 7. 7-бап. Құрылтай шарты. Жалғыз құрылтайшының шешімі
7-бап. Құрылтай шарты. Жалғыз құрылтайшының шешімі
Тармақ 1
1. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде):
Тармақша 1
1) қоғамның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) туралы мәліметтер, соның ішінде:
жеке тұлғаға қатысты: аты, азаматтығы, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжат деректері;
заңды тұлғаға қатысты: оның атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеуден өткені туралы деректер;
Тармақша 2
2) қоғамның құрылуы туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған атауы, сондай-ақ оның құрылу тәртібі;
Тармақша 3
3) құрылтайшылар төлейтiн акциялардың алдын ала төлем мөлшерi, сондай-ақ оны төлеудiң мерзiмдерi мен тәртiбi;"
Тармақша 4
4) акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның құрылтайшылар арасында орналастырылатын (жалғыз құрылтайшы сатып алатын) жарияланған акцияларының саны, түрлері және нақтылы құны;
Тармақша 5
5) оның құрылтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамның құрылуына байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшылардың қоғамды құру жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзге де талаптары;
Тармақша 6
6) қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процесінде оның мүдделерін білдіру тапсырылатын адамдардың өкілеттіктерін белгілеу;
Тармақша 7
7) қоғам құрылтайшыларының кейінгі жиналыстарын шақыру мен өткізу тәртібі, сондай-ақ әрбір қоғам құрылтайшысының кейінгі құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны;
Тармақша 8
8) қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба;
Тармақша 9
9) құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне):
құрылтайшылардың шешімі бойынша;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес енгізілуге тиісті өзге де талаптар болады.
Тармақ 2
2. Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылу кезеңінде осы Заңның 6-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда оның тараптары (жалғыз құрылтайшысы) оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
Тармақ 3
3. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) жазылған мәліметтер, егер шарттың өзінде (жалғыз құрылтайшының шешімінде) өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қоғамның шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылуы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоқтатылады.
Бап 8. 8-бап. Құрылтай шартын жасасу (жалғыз құрылтайшының шешімін ресімдеу) тәртібі
8-бап. Құрылтай шартын жасасу (жалғыз құрылтайшының шешімін ресімдеу) тәртібі
Тармақ 1
1. Құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жазбаша нысанда жасалады.
Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған құрылтайшы немесе оның өкілі қол қояды.
Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшының шешімін) нотариат куәландыруға тиіс.
Тармақ 2
2. Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) өкілдерінің Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ресімделген және құрылтайшылардың жиналысына қатысу мен құрылтай шартына қол қою құқығын қоса алғанда, қоғам құруға құқық беретін тиісті өкілеттіктері болуға тиіс.
Бап 9. 9-бап. Қоғамның жарғысы
9-бап. Қоғамның жарғысы
Тармақ 1
1. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген адам қол қоятын, жарғыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген өзгерiстер мен толықтыруларды (оның ішінде жарғының жаңа редакциясы түрінде жазылғандарды) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысын, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтыруларды нотариат куәландыруға тиiс.
Тармақ 2
2. Қоғамның жарғысында мыналар:
Тармақша 1
1) қоғамның толық және қысқартылған атауы;
Тармақша 2
2) қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;
Тармақша 3
3) қоғамның артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтар көлемiн қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер;
Тармақша 3-1
3-1) оларға қатысты "алтын акция" (ол болған кезде) иесінің вето құқығы белгіленген мәселелер, сондай-ақ "алтын акция" иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 08.07.2005 № 72 Заңымен;
Тармақша 5
5) қоғамның органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті;
Тармақша 6
6) қоғам органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі, соның ішінде:
қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын және алқалы органдарының отырыстарын шақыру, әзірлеу және өткізу тәртібі;
қоғам органдарының шешімдер қабылдау тәртібі, соның ішінде шешімдері айқын басым көпшілік дауыспен қабылдануға тиісті мәселелердің тізбесі;
Тармақша 7
7) қоғамның акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;
Тармақша 7-1
7-1) қоғам акционерлерi мен лауазымды тұлғаларының өз үлестес тұлғалары туралы ақпаратты беру тәртiбi;
Тармақша 8
8) қоғам коммерциялық емес ұйым болған жағдайда: қоғамның коммерциялық емес ұйым екендігін көрсету, дауыс беру рәсімі, дивидендтерді төлемеу туралы ережелер мен осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да талаптар;
Тармақша 9
9) қоғам қызметінің тоқтатылу талаптары;
Тармақша 10
10) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес өзге де ережелер болуға тиіс.
Тармақ 3
3. Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам мүдделi тұлғаның талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оған кейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге міндетті. Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының көшірмесін беру туралы талабын үш жұмыс күні ішінде орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғының көшірмесін бергені үшін ақы алуға құқылы, ол көшірме дайындауға, сондай-ақ жеткізіп беру қажет болған жағдайда оны жеткізуге жұмсалған шығындардан аспауға тиіс.
Тармақ 4
4. Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мазмұнын айқындайтын үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыра алады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі – қаржылық есептілік депозитарийі) интернет-ресурсымен қатар қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн қосымша пайдаланылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның жарғысында айқындалады.
Тарау 3. 3-тарау. Қоғамның жарғылық капиталы
3-тарау. Қоғамның жарғылық капиталы
Бап 10. 10-бап. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
10-бап. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады.
Осы баптың бірінші бөлігінде қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері бойынша белгіленген талаптар өз қызметін инвестициялық жекешелендіру қоры және тауар биржалары ретінде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының жекелеген қызмет түрлерінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарында қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне қойылатын өзге де талаптар белгіленуі мүмкін.
Бап 11. 11-бап. Қоғамның жарғылық капиталы
11-бап. Қоғамның жарғылық капиталы
Тармақ 1
1. Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледі.
Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған қоғамның жарғылық капиталы осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының жекелеген қызмет түрлерінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарында қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырудың өзге де тәртібі белгіленуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс.
Тармақ 3
3. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары
4-тарау. Қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары
Бап 12. 12-бап. Қоғамның бағалы қағаздары туралы жалпы ережелер
12-бап. Қоғамның бағалы қағаздары туралы жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.
Тармақ 2
2. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ.
Тармақ 3
3. Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
Тармақ 4
4. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, акцияның бір түрі оны иеленетін әрбір акционерге осындай акциялар түрінің басқа иелерімен бірдей көлемде құқықтар береді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заң актілерінде:
Тармақша 1
1) қоғамның акцияларымен мәмілелер жасасуға;
Тармақша 2
2) қоғамның бір акционерге тиесілі акцияларының ең көп мөлшеріне;
Тармақша 3
3) қоғамның акциялары бойынша бір акционерге берілетін ең көп дауыс санына шектеулер белгіленуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Қоғам басқа да бағалы қағаздар шығаруға құқылы, оларды шығару, орналастыру, айналысқа салу және өтеу талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгіленеді.
Бап 13. 13-бап. Акциялардың түрлері
13-бап. Акциялардың түрлері
Тармақ 1
1. Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
Тармақ 2
2. Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
Қоғамның орналастырылған артықшылықты акцияларының саны оның орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауға тиіс.
Тармақ 3
3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді.
Тармақ 4
4. Егер:
Тармақша 1
1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы ол бойынша шешім артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді. Орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі шектеу қоюға дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі.
Олар бойынша шешімдер қабылдау артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселелерге:
артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивидендтердің мөлшерін азайту не мөлшерін есептеу тәртібін өзгерту;
артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібін өзгерту;
артықшылықты акцияларды қоғамның жай акцияларына
айырбастау;
артықшылықты акцияларды бөлшектеу туралы мәселелер жатады.
Тармақша 1-1
1-1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғам артықшылықты акцияларды ұйымдастырылмаған рынокта осы Заңға сәйкес сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесіне (егер құрылтай жиналысы әдістемені бекітпесе, оны бекіту) өзгерістерді бекіту туралы мәселені қарайды;
Тармақша 2
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселені қараса;
Тармақша 3
3) осы Заңның 22-бабының 5-тармағындағы негіздер бойынша дивиденд есептелмеген жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.
Тармақ 4-1
4-1. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда акционердің - артықшылықты акциялардың меншік иесінің қоғамды басқаруға қатысу құқығы оған тиесілі артықшылықты акциялар бойынша дивиденд толық мөлшерде төленген күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 5
5. Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын бір "алтын акцияны" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. "Алтын акция" куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс.
Бап 14. 14-бап. Қоғам акционерлерінің құқықтары
14-бап. Қоғам акционерлерінің құқықтары
Тармақ 1
1. Қоғам акционерi:
Тармақша 1
1) осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген тәртiппен қоғамды басқаруға қатысуға;
Тармақша 1-1
1-1) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген кезде, осы Заңға сәйкес директорлар кеңесіне акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуге;
Тармақша 2
2) дивидендтер алуға;
Тармақша 3
3) мыналарды:
талап қою күніне қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған;
соңғы үш жыл ішінде қайта сұратылған (акционер бұрын сұратқан ақпарат толық көлемде ұсынылған жағдайда);
орындалуы акционер өтініш жасаған күні жүзеге асырылатын мәмілелер туралы ақпаратты қоспағанда, қоғам қызметінің (акционер өтініш жасаған күнге дейінгі үш жылдан астам) өткен кезеңдеріне қатысты ақпаратты қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы айқындаған немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға;
Тармақша 4
4) орталық депозитарийден немесе номиналды ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын үзiндi көшiрмелер алуға;
Тармақша 5
5) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесiне сайлау үшiн кандидатуралар ұсынуға;
Тармақша 6
6) қоғамның органдары қабылдаған шешiмге сот тәртiбiмен дау айтуға;
Тармақша 7
7) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жинақтап алғанда иеленген кезде, осы Заңның 63 және 74-баптарында көзделген жағдайларда, өз атынан сот органдарына қоғамның лауазымды адамдарының қоғамға келтірілген залалдарды қоғамға өтеуі және қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу (жасасуға ұсыныс) туралы шешім қабылдау нәтижесінде алған пайданы (табысты) қоғамға қайтаруы туралы талаппен жүгінуге;
Тармақша 8
8) қоғамға оның қызметi туралы жазбаша сұрау салуға және қоғамға сұрау салу келiп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде дәлелдi жауаптар алуға;
Тармақша 9
9) қоғам таратылған кезде мүлiктiң бiр бөлiгiне;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда белгiленген тәртiппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға;
Тармақша 11
11) акционерлердің жалпы жиналысының осы Заңда көзделген тәртіппен қоғам акцияларының санын өзгерту туралы немесе олардың түрін өзгерту туралы шешім қабылдауына қатысуға құқылы.
Тармақ 1-1
1-1. Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының жекелеген мүшесінің жыл қорытындысы бойынша сыйақысының мөлшері туралы ақпаратты бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:
қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің өзі (өздері) не оның үлестес тұлғалары пайда (кіріс) алу мақсатында қоғам акционерлерін қасақана жаңылыстыруға әкелу фактісін сот анықтаған кезде;
егер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің жосықсыз әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі қоғамда залал туындауына алып келгені дәлелденсе, алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Ірі акционердің, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;
Тармақша 4
4) өз есебінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 11) тармақшаларында көрсетілген құқықтарды қоспағанда, акционерлердің осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген құқықтарын шектеуге жол берілмейді.
Акционерлердің осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарынан басқа, қоғамның жарғысында акционерлердің қосымша құқықтары көзделуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген талаптарды жалпы жиналысты шақыратын орган немесе тұлға орындауға міндетті.
Бап 15. 15-бап. Қоғам акционерлерінің міндеттері
15-бап. Қоғам акционерлерінің міндеттері
Тармақ 1
1. Қоғамның акционері:
Тармақша 1
1) акцияларды төлеуге;
Тармақша 2
2) осы акционерге тиесілі акцияларды орталық депозитарийге және (немесе) нақтылы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға;
Тармақша 3
3) қоғам немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге;
Тармақша 4
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 2
2. Акционердің осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды орындамауының салдары үшін қоғам, орталық депозитарий және (немесе) номиналды ұстаушы жауапты болмайды.
Бап 16. 16-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы
16-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы
Тармақ 1
1. Жарияланған акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған аталған бағалы қағаздарды сату ниетi бар қоғам осы туралы шешiм қабылдаған күннен кейін күнтізбелік он күн iшiнде өз акционерлерiне жазбаша хабарлама жiберу немесе қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы бағалы қағаздарды өздерiнде бар акциялар санына барабар тең жағдайларда бағалы қағаздарды орналастыру (өткiзу) туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген орналастыру (өткiзу) бағасы бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi. Акционер қоғамның акцияларын орналастыру (өткiзу) туралы хабарлаған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн iшiнде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтiнiм беруге құқылы.
Бұл ретте қоғамның жай акцияларын иеленуші акционердің жай акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алуға құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленушi акционердің қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алуға құқығы бар.
Акционер басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлеуді оларды сатып алуға өтінім берген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырады. Қоғамның жарғысымен акциялардың ақысын төлеудің өзге де мерзімі көзделуі мүмкін, ол акциялар орналастырыла бастаған күннен кейін күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.
Тармақ 2
2. Жарияланған акцияларды орналастыруға, сондай-ақ бұрын сатып алынған акцияларды өткізуге ниетi бар қаржы ұйымы уәкілетті органның талабы бойынша пруденциялық және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де нормалар мен лимиттерді орындау мақсатында акцияларды орналастыру туралы шешiм қабылдаған күннен кейін бес жұмыс күні iшiнде өз акционерлерiне жазбаша хабарлама жiберу немесе қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы бағалы қағаздарды өздерiнде бар акциялар санына барабар тең жағдайларда бағалы қағаздарды орналастыру (өткiзу) туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген орналастыру (өткiзу) бағасы бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi. Акционер қоғамның акцияларды орналастыру (өткiзу) туралы хабарлаған күнінен бастап бес жұмыс күні iшiнде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтiнiм беруге құқылы.
Қаржы ұйымының басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын акцияларына ақы төлеуді акционер оларды сатып алуға өтінім берген күннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлемеген жағдайда аталған мерзім аяқталғаннан кейін өтінім жарамсыз болып есептеледі.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлеу мерзімдері бойынша талаптар Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның акцияларды сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алатын акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлеуді оларды сатып алуға өтінім берген күннен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзім өткенге дейін ақысын төлемеген жағдайда өтінім жарамсыз болып саналады.
Тармақ 5
5. Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен иелену құқығын іске асыру тәртібін және одан бас тартуды уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 6
6. Осы Заңның 83-бабында көзделген тәртіппен оған басқа қоғам біріктірілген кезде қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) кезінде қоғамның акционерлеріне басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.
Тармақ 7
7. Қоғамның директорлар кеңесі акционерлер жалпы жиналысының шешімі немесе қоғамның жарғысы негізінде осы баптың 1-тармағының талаптарын қолданбай, қоғамның акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру (өткізу) туралы шешімді мынадай:
Тармақша 1
1) қоғамның директорлар кеңесінің мүшелеріне акциялармен немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздармен сыйақы төлеу;
Тармақша 2
2) қоғам қызметкерлерін акциялармен немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздармен көтермелеу;
Тармақша 3
3) қызметін Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасында қоғамның акцияларын немесе осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды бастапқы орналастыруды жүргізу жағдайларында қабылдауға құқылы.
Қоғамның акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын қолданбай орналастыру (өткізу) тәртібі, шекті саны және мерзімдері акционерлер жалпы жиналысының шешімінде немесе қоғамның жарғысында айқындалады.
Бап 17. 17-бап. Қоғамның жарияланған акцияларын шығаруды
мемлекеттік тіркеу
17-бап. Қоғамның жарияланған акцияларын шығаруды
мемлекеттік тіркеу
Бап 18. 18-бап. Қоғамның акцияларын орналастыру
18-бап. Қоғамның акцияларын орналастыру
Тармақ 1
1. Қоғам өз акцияларының шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн акциялардың жарияланған мөлшерi шегiнде оларды бiр немесе бiрнеше орналастыру арқылы орналастыруға құқылы.
Қоғамның жарғысында осы мәселе акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған жағдайды қоспағанда, қоғамның жарияланған акцияларының саны шегiнде оның акцияларын орналастыру туралы шешiмдi қоғамның директорлар кеңесi қабылдайды.
Акцияларды орналастыру акционерлердің акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыруы, бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион не бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион арқылы, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) ақшалай міндеттемелерін қоғамның акцияларына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес оған акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағазды сатып алуға өтінім беру үшін берілген күнтізбелік отыз күннің ішінде акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағазды иеліктен айырған кезде, егер бұрынғы меншік иесі мұндай өтініш бермеген жағдайда бұл құқық акцияның немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздың жаңа меншік иесіне өтеді.
Тармақ 3
3. Акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы осы орналастыру үшін белгілеген акцияларды орналастыру бағасы осы акциялардың сатылуы мүмкін ең төменгі бағасы болып табылады.
Акционерлер акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес қоғамның орналастыру туралы шешiм қабылдаған органы белгiлеген осы акциялардың бiрыңғай ең төменгі орналастыру бағасы бойынша сатып алады.
Қоғамның акциялары осы орналастыру шегiнде акцияларды жазылу арқылы сатып алатын барлық тұлғалар үшiн бiрыңғай баға бойынша сатылуға тиiс.
Тармақ 4
4. Қоғамның уәкілетті органы орналастырылатын акциялардың санын ұлғайту және (немесе) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру шеңберінде акционерлерге ұсынылған бағаны азайту арқылы жарияланған акцияларды орналастыру туралы бұрын қабылданған шешiмнің талаптарын өзгерту туралы шешімді қабылдаған жағдайда, қоғам акционерлерге осы акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын қайта ұсынады.
Бап 19. 19-бап. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесі
19-бап. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесі
Тармақ 1
1. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзудi орталық депозитарий ғана жүзеге асыра алады.
Тармақ 2
2. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу, сондай-ақ ол бойынша уәкілетті органға ақпарат беру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қоғам өз акциялары шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында уәкілетті органға құжаттар табыс етілгенге дейін қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызмет көрсету туралы орталық депозитариймен шарт жасасуға міндетті.
Тармақ 4
4. Орналастырылатын акция толық төленгенге дейін қоғамның осы акцияны қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiндегi (нақтылы ұстаушыны есепке алу жүйесiндегi) оны сатып алушының жеке шотына есептеу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ.
Бап 20. 20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы
есеп және қоғамның орналастырылған акцияларының
бір түрін осы қоғам акцияларының басқа
түріне айырбастау туралы есеп
20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы
есеп және қоғамның орналастырылған акцияларының
бір түрін осы қоғам акцияларының басқа
түріне айырбастау туралы есеп
Тармақ 1
1. Қоғам уәкілетті органға қоғамның акцияларын толық орналастырғанға дейін акцияларды орналастырудың әрбір есепті кезеңінің қорытындылары бойынша қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді қоғамның акцияларын орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күннен кейін немесе оларды толық орналастырған күннен кейін күнтізбелік қырық бес күн ішінде ұсынуға міндетті.
Қатарынан күнтізбелік он екі ай акцияларды орналастырудың есепті кезеңі болып табылады.
Тармақ 2
2. Егер есепті кезеңде қоғамның акцияларын орналастыру жүзеге асырылмаған жағдайда, есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп уәкілетті органға ұсынылмайды.
Тармақ 3
3. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда, қоғам уәкілетті органға қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті осындай айырбастау күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға міндетті.
Бап 21. 21-бап. Қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасау
21-бап. Қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасау
Тармақ 1
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасауға ақша, мүліктік құқықтар (оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар) және өзге де мүлік енгізілуі мүмкін.
Ақшадан басқа, өзге де мүлікпен (бағалы қағаздан басқа) төлем жасау бағалаушы айқындайтын баға бойынша жүзеге асырылады.
Қоғамның орналастырылатын акцияларына қор биржасында айналыста болатын бағалы қағаздармен ақы төлеу қор биржасының бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес қор биржасы айқындайтын нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады. Акцияларға ақы төлеуге енгізілетін бағалы қағаздардың түріне қатысты көрсетілген әдістеме бойынша қор биржасы есептеген мұндай бағалы қағаздардың нарықтық бағасы болмаған жағдайда, олардың құнын бағалауды бағалаушы жүргізеді.
Осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда қоғамның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Егер қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасауға мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға төленетін ақының мөлшері негізге алына отырып, қоғамның оны пайдаланған бүкіл мерзіміне жүргізіледі. Аталған мерзім аяқталғанға дейін қоғам акционерлері жалпы жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Акцияларды орналастырған кезде қоғамға:
Тармақша 1
1) орналастырылатын акцияларды сатып алуға;
Тармақша 2
2) шарттарында (шығару шарттарында) эмитент орналастырылған акцияларын эмитенттің сатып алу құқығы немесе міндеті көзделетін шарттар жасасуға (туынды бағалы қағазды сатып алуға) тыйым салынады.
Бап 22. 22-бап. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер
22-бап. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер
Тармақ 1
1. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді қоспағанда, қоғамның акциялары бойынша дивидендтер акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретін акцияларының жай көпшілігімен дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда ақшалай немесе қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді.
Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берілмейді.
Қоғамның акциялары бойынша оның бағалы қағаздарымен дивидендтер төлеуге акционердің жазбаша келісімі болған кезде осындай төлем қоғамның жарияланған акцияларымен және (немесе) ол шығарған облигациялармен жүзеге асырылатын жағдайда ғана жол беріледі.
Дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі дивидендтер төлеу басталатын күннің алдындағы күні жасалуға тиіс.
Төленбеген дивидендтері бар акцияларды иеліктен алу, егер
осы Заңда және (немесе)
акцияларды иеліктен алу туралы шартта өзгеше көзделмесе, акцияның жаңа иесінің оларды алу құқығымен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеудің кезеңділігі қоғамның жарғысымен және (немесе) акцияларды шығару проспектісімен белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеу төлем агенті арқылы жүргізілуі мүмкін. Төлем агентінің қызметіне ақы қоғам есебінен төленеді.
Тармақ 4
4. Орналастырылмаған немесе қоғамның өзi сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды тарату туралы шешiм қабылдаса, дивидендтер есептелмейдi және төленбейдi.
Тармақ 5
5. Қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша:
Тармақша 1
1) өз капиталының теріс мөлшері болған жағдайда немесе егер қоғамның өз капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде теріс болса;
Тармақша 2
2) егер қоғам Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сай келсе не аталған белгiлер қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесiнде пайда болса, дивидендтерді есепке жазуға жол берілмейді.
Тармақша 2-1
2-1)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 2005.07.08. N 72 Заңымен.
Тармақ 6
6. Акционер, осы баптың 5-тармағындағы негіздер бойынша дивиденд есептелмеген жағдайларды қоспағанда, қоғам берешегінің жиналып қалу мерзіміне қарамастан, алынбаған дивидендтердің төленуін талап етуге құқылы.
Дивидендтер оларды төлеу үшін белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелетін өсімпұл төленеді.
Тармақ 7
7. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтерді есептемейді және төлемейді.
Бап 23. 23-бап. Жай акциялар бойынша дивидендтер
23-бап. Жай акциялар бойынша дивидендтер
Тармақ 1
1. Егер қоғамның жарғысында осындай төлем көзделген жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан, жартыжылдық немесе жыл қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек қана қоғамның тиісті кезең үшін қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін және акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылады. Акционерлердің жалпы жиналысының жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімінде бір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшері көрсетіледі.
Қоғамның жай акциялары бойынша жыл қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қабылдайды.
Қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімде мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) қоғамның атауы, орналасқан жері, банк және өзге де реквизиттері;
Тармақша 2
2) дивидендтер төленетін кезең;
Тармақша 3
3) бір жай акцияға шаққандағы дивидендтің мөлшері;
Тармақша 4
4) дивидендтер төлеудің басталатын датасы;
Тармақша 5
5) дивидендтер төлеудің тәртібі мен нысаны;
Тармақша 6
6) төлем агентінің атауы (төлем агенті болған кезде) қамтылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.
Бап 24. 24-бап. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер
24-бап. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер
Тармақ 1
1. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешімін талап етпейді.
Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі және дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді.
Дивидендтерді төлеу дивидендтерді алу құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен кейін тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.
Артықшылықты акциялар бойынша есептелетін дивидендтердің мөлшері жай акциялар бойынша осы кезең үшін есептелетін дивидендтердің мөлшерінен аз болмауға тиіс.
Дивидендтер алу құқығы бар және қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде жаңартылған деректемелері бар акционерлерге артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер толық төленбейінше жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.
Тармақ 2
2. Артықшылықты акция бойынша дивидендтің кепілдікті мөлшері оның мәні тұрақты және жалпы қолжетімді болған жағдайда қайсыбір көрсеткішке қатысты белгіленген түрінде де, индекстеу арқылы да белгіленуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу мерзімінің басталуы алдындағы бес жұмыс күні ішінде қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде осы Заңның 23-бабы 3-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында тізіп келтірілген мәліметтерді көрсете отырып, дивидендтер төлеу, сондай-ақ қоғамның бір артықшылықты акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері туралы ақпарат жариялауға міндетті.
Бап 25. 25-бап. Тұлғаның бағалы қағаздардың қайталама нарығында
қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан
көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен
жиынтықта сатып алуы
25-бап. Тұлғаның бағалы қағаздардың қайталама нарығында
қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан
көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен
жиынтықта сатып алуы
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын не қоғамның дауыс беретін акцияларының өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алуға ниетті, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болатын осы тұлға бұл туралы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алудың болжамды күніне дейін отыз жұмыс күні бұрын қоғамға хабарлама жіберуге міндетті. Хабарламада қоғамның сатып алынатын дауыс беретін акцияларының саны және олардың болжамды сатып алу бағасы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын не дауыс беретін акциялардың өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе оның үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған осы тұлға қоғамға сатып алған күннен кейін он бес жұмыс күні ішінде қалған акционерлерге қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сатуға ұсыныс жіберуге міндетті.
Қалған акционерлерге қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сату туралы ұсыныста атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған тұлға туралы және оның үлестес тұлғалары және акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс. Акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы ретінде төменде келтірілгендердің ең жоғары бағасы пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:
нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы;
не нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы;
Тармақша 2
2) осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:
акциялардың Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық бағасы;
не нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы.
Тармақ 3
3. Қоғам осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцияларды сату туралы ұсынысты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Қалған акционерлер осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сату туралы ұсынысын акцияларды сату туралы ұсыныс жарияланған күннен кейін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдауға құқылы.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның ұсынысын қабылдаған акционер қоғамның өзіне тиесілі акцияларын осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның пайдасына иеліктен шығаруды қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісім берген күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде жүргізуге міндетті.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға акционердің қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісімін алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы акцияларды төлеуге міндетті.
Тармақ 5
5. Қоғам акционерлердің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға қоғамның акцияларын сатуына кедергі келтіруге құқылы емес. Қоғамның акцияларын сатқысы келетін тұлғаға, осы баптың
2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға акцияларды қоғамның өзінің немесе үшінші тұлғалардың осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға ұсынған бағадан асатын баға бойынша сатып алуы туралы ұсыныс жасауға қоғамның құқығы бар. Қоғамның акцияларын сатып алу туралы қоғамның ұсынысында акциялардың саны, бағасы және акцияларды үшінші тұлғалар сатып алған жағдайда сатып алушылардың деректемелері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Тармақ 6
6. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын не қоғамның дауыс беретін акцияларының өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта тиесілі болған осы тұлға осы бапта белгіленген міндеттерді сақтамаған жағдайда, аталған тұлға (тұлғалар):
Тармақша 1
1) өзімен (өздерімен) үлестес емес тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізуге міндетті;
Тармақша 2
2) өзімен (өздерімен) үлестес емес тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізгенше қоғамның басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешбір әрекетті жасауға және (немесе) қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі дауыс беретін акциялары бойынша дауыс беруге құқылы емес.
Тармақ 7
7. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы ұсынысына жауап ретінде қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісім берген қоғамның акционері осы ұсынысты жариялаған тұлғаның қоғамның акцияларын сатып алудан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
Тармақ 8
8. Осы Заңның 25-1-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайға осы баптың талаптары қолданылмайды.
Тармақ 9
9. Осы баптың 2, 3, 4, 6 және 7-тармақтарының талаптары:
тұлғаның (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын өзі дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта иеленетін және осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған) бағалы қағаздардың қайталама нарығында өзінің үлестес тұлғаларынан (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын көрсетілген тұлғамен жиынтықта иеленетін және қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы;
үлестес тұлғаның (қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған тұлғамен жиынтықта иеленетін) бағалы қағаздардың қайталама нарығында басқа үлестес тұлғадан (қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған тұлғамен жиынтықта иеленетін) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
Бап 25-1. 25-1-бап. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның
дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан
көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен
жиынтықта сатып алған тұлғаның қоғамның дауыс
беретін акцияларын сатып алуы
25-1-бап. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның
дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан
көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен
жиынтықта сатып алған тұлғаның қоғамның дауыс
беретін акцияларын сатып алуы
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызын не жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде он пайызын құрайтын дауыс беретін акциялардың өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызы тиесілі болға осы тұлға, сатып алу күнінен кейін алпыс жұмыс күні ішінде қоғамның қалған акционерлерінен осы қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларын өзіне сатуды талап етуге құқылы.
Қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын сату туралы акционерлерге талапта атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оған (оларға) тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, осы талапты мәлімдеген тұлға (тұлғалар) туралы және осы баптың
4-тармағына сәйкес айқындалатын, қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алудың ұсынылып отырған бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Қоғам осы баптың 1-тармағында көрсетілген талапты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді және орталық депозитарийге, сондай-ақ қор биржасына (қоғамның акциялары қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) алынған талап туралы хабарлайды.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаның талабы бойынша қалған акционерлер қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында талап жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде сатуға міндетті.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға қалған акционерлердің талабы бойынша оларды акцияларды сату бағасының айқындалғанын растайтын құжатпен таныстыруға міндетті.
Акционерлердің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде, осы акцияларға құқықтар кепілін тоқтату және сенімгерлік басқаруды тоқтату жөніндегі мәмілелерден, сондай-ақ осындай акциялардан тыйым салуды алып тастау жөніндегі операциялардан басқа, қоғамның дауыс беретін акцияларымен өзге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауына тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаның талабы бойынша акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды сату бағасы төменде келтірілгендердің ең жоғары бағасы ретінде айқындалады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:
нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:
акциялардың Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы.
Тармақ 5
5. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға қалған акционерлерден сатып алынатын қоғамның дауыс беретін акцияларына осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалып ұсынылған сатып алу бағасы бойынша ақы төлеуге міндетті.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға басқа акционерден сатып алатын қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мәліметтері бар, осы акционердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан түсетін ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шотына аударылады.
Акционердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан түсетін ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шоты туралы мәліметтер қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде болмаған жағдайда, ие болған қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.
Тармақ 6
6. Акционерлердің қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша сату жөніндегі мәмілені тіркеу бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде осы тұлғаның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша қоғамның ауыртпалық салынған дауыс беретін акцияларын акционердің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған жеке шотынан есептен шығару, сондай-ақ олардың ақысын төлеу ауыртпалық алынған күннен кейін бір айдың ішінде жүзеге асырылады.
Мәмілелерді тіркеуге және олардың ақысын төлеуге байланысты шығыстарды қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алатын тұлға көтереді.
Тармақ 7
7. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алу жөніндегі мәмілелерді тіркеу күні қоғамның дауыс беретін акциялары бойынша төленбеген дивидендтерді алу құқығы осы тұлғаның талап етуі бойынша қоғамның дауыс беретін акцияларын сатқан акционерлерде сақталады.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуіне сәйкес қоғамның дауыс беретін акцияларын сатқан акционерлерге қоғамның дауыс беретін акциялары бойынша дивидендтерді төлеу осы Заңның 22 және 23-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 8
Тармақ 9
9. Осы Заңның 1-бабының 8) тармақшасында көрсетілген акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өздері бойынша дауыс беру құқығы берілетін, орналастырылған, номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде өзі туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі жай акциялар және (немесе) артықшылықты акциялар осы баптың мақсаттарында қоғамның дауыс беретін акциялары деп түсініледі.
Бап 26. 26-бап. Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу
26-бап. Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу
Тармақ 1
1. Орналастырылған акцияларды сатып алу оларды кейіннен сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамның жарғысына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарда қоғамның бастамасы бойынша акционердiң келiсiмiмен жүргізілуі мүмкін.
Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу қоғам акцияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен сатып алған жағдайларды қоспағанда, қоғамның оларды сатып алған кезінде акциялардың құнын айқындаудың осы Заңда белгіленген тәртіппен бекітілген әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Егер осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында өзгеше белгіленбесе, қоғамның бастамасы бойынша орналастырылған акцияларын қоғамның сатып алуы директорлар кеңесінің шешімі негізінде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қоғамның:
Тармақша 1
1) акционерлердің бірінші жалпы жиналысын өткізгенге дейін;
Тармақша 2
2) акцияларды құрылтайшылар арасында орналастыру қорытындылары туралы бірінші есеп бекітілгенге дейін;
Тармақша 3
3) егер акцияларды сатып алу нәтижесінде қоғамның өз капиталының мөлшері осы Заңда белгіленген ең төменгі жарғылық капиталдың мөлшерінен аз болса;
Тармақша 4
4) егер акцияларды сатып алу кезiнде қоғам Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi не дәрменсiздiгi белгiлерiне сай келсе не аталған белгiлер қоғамда оның барлық талап етiлетiн немесе сатып алу болжанатын акцияларды сатып алу нәтижесiнде пайда болса;
Тармақша 5
5) егер сот немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім
қабылдаса;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуға құқығы жоқ.
Тармақ 4
4. Егер қоғамның бастамасы бойынша оның сатып алынатын орналастырылған акцияларының саны акцияларды сатып алу-сату мәмiлесi (мәмiлелерi) жасалғанға дейiнгi олардың жалпы санынан бір процент асатын болса, ол өз акционерлеріне осындай сатып алу туралы хабарлауға міндетті.
Қоғамның өзі орналастырған акцияларын сатып алуы туралы хабарламасында өзі сатып алатын акциялардың түрлері, саны, бағасы, мерзімі туралы және оларды сатып алу талаптары туралы мәліметтер болуға тиіс және ол қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
Тармақ 5
5. Қоғамның өз акционерлері сатып алуға өтініш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам сатып алуға жариялаған акциялардың санынан асып түскен жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесілі акциялардың санына барабар сатып алынады.
Бап 27. 27-бап. Қоғамның орналастырған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алуы
27-бап. Қоғамның орналастырған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алуы
Тармақ 1
1. Қоғам орналастырылған акцияларды сатып алуды:
Тармақша 1
1) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған (егер акционер қоғамды қайта ұйымдастыру туралы мәселе қаралған акционерлердiң жалпы жиналысына қатысып, оған қарсы дауыс берсе);
Тармақша 1-1
1-1) акционерлердің жалпы жиналысы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған (егер акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе егер ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешімді қабылдауға қарсы дауыс берсе);
Тармақша 1-2
1-2) сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;
Тармақша 2
2) осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған iрi мәмiле жасау туралы шешiммен және (немесе) жасалуында қоғамның мүддесi бар мәмiле жасау туралы шешiммен келiспеген;
Тармақша 3
3) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамның жарғысына осы акционерге тиесiлi акциялар бойынша құқықтарды шектейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылдаған (егер акционер осындай шешiм қабылданған акционерлердiң жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешiмнiң қабылдануына қарсы дауыс
берсе);
Тармақша 4
4) акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесіне акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған (егер акционер осындай шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, көрсетілген шешімнің қабылдануына қарсы дауыс берсе) жағдайларда өзіне қойылуы мүмкін қоғам акционерінің талабы бойынша жүргізуге тиіс.
Қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесінің мазмұнын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында осы әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда осы тармақшаның ережесі қолданылмайды.
Тармақ 1-1
1-1. Орналастырылған акцияларды акционердiң талап етуi бойынша қоғамның сатып алуы қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында сатып алуы кезiнде олардың құнын айқындаудың осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда акционер өзіне тиесілі акцияларды акционерлердің жалпы жиналысы акциялардың құнын айқындау әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін қолданыста болған, қоғам оларды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында сатып алған кездегі акциялардың құнын айқындау әдістемесі редакциясына сәйкес сатып алуды талап етуге құқылы.
Тармақ 2
2. Акционер осы баптың 1-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап немесе сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде қоғамға жазбаша өтініш жіберу арқылы өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы қоғамға талап қоюға құқылы.
Аталған өтініш алынған күннен бастап отыз күн ішінде қоғам акционерден акцияларды сатып алуға міндетті.
Тармақ 3
3. Қоғамның өз акционерлері сатып алуға өтініш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам сатып алуы мүмкін акциялардың санынан артық болған жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесілі акциялардың санына барабар сатып алынады.
Бап 28. 28-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы бойынша шектеулер
28-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы бойынша шектеулер
Тармақ 1
1. Қоғам сатып алған және сатып алатын орналастырылған акциялардың жалпы саны орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс, ал қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуға жұмсайтын шығыстары:
Тармақша 1
1) орналастырылған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алған кезде:
акционерлердің жалпы жиналысында осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында көрсетілген шешімдер қабылданған;
сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;
оның жасалуында қоғамның мүддесі бар ірі мәміле және (немесе) мәміле жасасу туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша;
Тармақша 2
2) орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алған кезде - қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша оның өз капиталы мөлшерінің он процентінен аспауға тиіс.
Тармақ 1-1
1-1. Осы баптың 1-тармағының талаптары банктің Қазақстан Республикасының Үкіметінен не ұлттық басқарушы холдингтен "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өздері бұрын сатып алған өз акцияларын сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Қоғам сатып алған акциялар оның акционерлері жалпы жиналысының кворумын анықтаған кезде есепке алынбайды және онда дауыс беруге қатыспайды.
Бап 29. 29-бап. Қоғам акцияларына опциондар
29-бап. Қоғам акцияларына опциондар
Бап 30. 30-бап. Эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай міндеттемелерін қоғамның жай акцияларына айырбастау
30-бап. Эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай міндеттемелерін қоғамның жай акцияларына айырбастау
Тармақ 1
1. Қоғам өзінің жарғысында айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару мүмкiндiгi көзделген жағдайда ғана мұндай шығаруға құқылы.
Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ.
Тармақ 2
2. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын шығаруға қоғамның жарияланған және орналастырылған акциялары арасындағы айырма шегiнде жол берiледi.
Тармақ 3
3. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары, мерзімдері мен тәртiбi айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектiсiнде көрсетiледi.
Тармақ 4
4. Қоғамның бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастау мынадай құжаттардың бірінің:
Тармақша 1
1) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығару проспектісі;
Тармақша 2
Тармақша 2-1
2-1) уәкілетті органның банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен реттеу режимін және (немесе) реттеу құралдарын қолдану туралы шешімі;
Тармақша 3
3) егер қоғамға қатысты Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен оңалту рәсімі қолданылса, оңалту жоспары негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Егер бұрын қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды орналастырған кезде акционерлерге осы бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы берілсе, осы бағалы қағаздар шығару проспектісі негізінде бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастау кезінде қоғамның акционерлеріне акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.
Тармақ 6
6. Бағалы қағаздар және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелер банкке реттеу режимін қолданған кезде немесе қоғамды оңалту процесінде қоғамның акцияларына айырбасталатын жағдайларда, егер қоғамға қатысты оңалту рәсімі қолданылса, банктің (қоғамның) акционерлеріне өздерінің акциялары бағалы қағаздарды және (немесе) қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы орналастырылған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.
Тармақ 7
7. Қоғам бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастауға, осындай айырбастау нәтижесінде жай акцияларды сатып алатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыратын қоғам акционерлеріне (акцияларды сатып алуды жоспарлайтын тұлғаларға) қатысты белгіленген талаптарды орындаған жағдайда құқылы.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастауға тыйым салынады.
Бап 30-1. 30-1-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау
30-1-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау
Тармақ 1
1. Қоғамның жарғысында айырбастау мүмкіндігі көзделген жағдайда ғана қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастауды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаудың шарттарын, мерзімдерін және тәртібін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы айқындайды.
Бап 30-2. 30-2-бап. Қоғамның акцияларын бөлшектеу
30-2-бап. Қоғамның акцияларын бөлшектеу
Тармақ 1
1. Акционерлердің жалпы жиналысының шешiмi бойынша қоғам акцияларға бөлшектеу жүргізуге құқылы.
Акцияларды бөлшектеу қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің өзгеруіне алып келмейді.
Акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепке өзгерістер енгізу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қоғам акционерлерi жалпы жиналысының акцияларды бөлшектеу жөніндегі шешiмiнде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) бөлшектеуге жататын акциялардың түрі;
Тармақша 2
2) бөлшектеу коэффициенті;
Тармақша 3
3) бөлшектеуді жүргізу мерзімдері;
Тармақша 4
4) өзге де мәліметтер.
Жай акциялар бөлшектелген жағдайда, қоғам дәл осы коэффициент бойынша мыналарды жүргізуге міндетті:
қоғамның артықшылықты акцияларын бөлшектеу;
қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшерін азайту.
Артықшылықты акциялар бөлшектелген жағдайда, қоғам дәл осы коэффициент бойынша мыналарды жүргізуге міндетті:
қоғамның жай акцияларын бөлшектеу;
қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшерін азайту.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларды бөлшектеу кезінде акционерлердің құқықтарын шектеуге жол берілмейді.
Бап 31. 31-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу
31-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу
Тармақ 1
1. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу құқығын қоғам жарғысының ережелерімен шектеуге немесе алып тастауға болмайды.
Егер кепіл талаптарында өзгеше көзделмесе, акционердің дауыс беруге және өзі кепілге салған акция бойынша дивидендтер алуға құқығы болады.
Тармақ 2
2. Қоғам өзі орналастырған бағалы қағаздарды:
Тармақша 1
1) кепілге берілетін бағалы қағаздар толық төленген;
Тармақша 2
2) қоғамның сатып алған акцияларын қоспағанда, қоғамға кепілге берілетін және оның кепілінде жатқан акциялардың жалпы саны қоғамның орналастырылған акцияларының жиырма бес процентінен аспаған;
Тармақша 3
3) егер қоғам жарғысында өзгеше белгіленбесе, кепіл туралы шартты директорлар кеңесі мақұлдаған жағдайда ғана кепілге қабылдай алады.
Тармақ 3
3. Егер кепіл талаптарында өзгеше белгіленбесе, қоғам орналастырған және оның кепілінде жатқан акциялар бойынша дауыс беру құқығы акционерге тиесілі болады. Қоғам өзінде кепілде жатқан акцияларымен дауыс беруге құқылы емес.
Тармақ 4
4. Қоғамның бағалы қағаздарының кепілін тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес белгіленеді.
Бап 32. 32-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн қоғамның жарияланған акциялары есебiнен өтеу
32-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн қоғамның жарияланған акциялары есебiнен өтеу
Тармақ 1
1. Егер жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн (бұдан әрі - мерзімі өткен берешек) төлеу мерзімі үш айдан астам өтіп кетсе, Қазақстан Республикасының мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органы (бұдан әрі - мемлекеттік орган) қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеткізу мақсатында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес қоғамның жарияланған акцияларына билік етуін шектеу туралы шешім қабылдауға;
Тармақша 2
2) қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеуге жеткіліксіз болған жағдайда қоғамның мерзімі өткен берешегін қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығартқызып, кейіннен оларды орналастыру арқылы өтеткізу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.
Тармақ 2
2. Қоғамның жарияланған билік етуі шектелген акцияларын және мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастыру Қазақстан Республикасының салық заңдарында билік етуі шектелген мүлікті өткізу үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қоғам қызметін республиканың экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор салаларда жүзеге асыратын жағдайда, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеу есебіне мемлекет меншігіне оларды мәжбүрлеп алып қою арқылы орналастыруға құқылы.
Тармақ 3
3. Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын мемлекет меншігіне алып қою оларға мемлекеттік меншік құқығын қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiнде тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі.
Тармақ 4
4. Жарияланған акцияларды сот шешімімен мәжбүрлеп шығаруды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан түскен ақшаны, қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеуді қоспағанда, өзге мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.
Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан алынған сома мерзімі өткен берешек сомасынан асып түскен жағдайда айырма қоғамның кірісіне жіберіледі.
Тармақ 6
6. Қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеу үшін қажетті акциялардың орналастырылу бағасы мен санын қоғаммен келісе отырып, мемлекеттік орган белгілейді. Мемлекеттік органның бастамасымен акциялардың орналастырылу бағасын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалаушының да белгілеуі мүмкін.
Акциялардың орналастырылу бағасын бағалаушы белгілеген жағдайда бағалауға байланысты шығындарды қоғам көтереді.
Тармақ 7
7. Мерзімі өткен берешек қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан түсетін ақша есебінен өтелген жағдайда немесе қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларға мемлекеттің меншік құқығы қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiнде тіркелген кезден бастап қоғамның мерзімі өткен берешегі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес өтелген болып есептеледі.
Тарау 5. 5-тарау. Қоғамды басқару
5-тарау. Қоғамды басқару
Бап 33. 33-бап. Қоғамның органдары
33-бап. Қоғамның органдары
Тармақ 1
1. Мыналар қоғам органдары болып табылады:
Тармақша 1
1) жоғары орган - акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда - сол акционер);
Тармақша 2
2) басқару органы - директорлар кеңесі;
Тармақша 3
3) атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.
Тармақша 4
4) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және (немесе) қоғам жарғысына сәйкес өзге де органдар.
Тармақ 2
2. (алып тасталды).
Тармақ 2-1
2-1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен акционерлік қоғам банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
Тармақ 3
3. Бұрын мемлекеттiк қызметшi болған және өзінің қызметтік функциялары бойынша қоғам қызметіне мемлекет тарапынан бақылау мен қадағалау жөнінде өкілеттігі болған жеке адам осындай өкілеттік тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде, дауыс беретін акцияларының кемінде он проценті мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі қоғамның органдарын қоспағанда, осы қоғамның органына сайлана алмайды.
Тармақ 4
4. алынып тасталды.
Бап 34. 34-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері
34-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Бап 34-1. 34-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ерекшеліктері
34-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілгендерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдік берілген тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар отандық өнеркәсіптің дамуын мониторингтеу мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылық бойынша ақпарат береді.
Бап 35. 35-бап. Акционерлердің жалпы жиналысы
35-бап. Акционерлердің жалпы жиналысы
Тармақ 1
1. Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді.
Қоғам акционерлердің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті. Акционерлердің өзге жалпы жиналыстары кезектен тыс болып табылады.
Акционерлердің бірінші жалпы жиналысы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен және акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесi жасалғаннан кейін екі ай ішінде шақырылуға және өткізілуге тиіс.
Акционерлердің бірінші жалпы жиналысында қоғамның директорлар кеңесі сайланады.
Тармақ 2
2. Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында:
Тармақша 1
1) қоғамның аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітіледі;
Тармақша 2
2) қоғамның аяқталған қаржы жылы үшін таза кірісін бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері айқындалады;
Тармақша 3
3) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселе қаралады.
Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесінің және қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақы беру мөлшері және олардың құрамы туралы қоғамның акционерлеріне хабарлайды.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы олар бойынша шешімдер қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған басқа мәселелерді де қарауға құқылы.
Тармақ 3
3. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс.
Есепті кезең ішінде қоғамның аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға дейін ұзартылған болып саналады.
Тармақ 4
4. Барлық дауыс беретін акциялары жалғыз акционерге тиесілі қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді. Осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді мұндай акционер жеке-дара қабылдайды және бұл шешімдер артықшылықты акциялармен куәландырылған құқыққа нұқсан келтірмейтін және оны шектемейтін жағдайда жазбаша түрде ресімделуге тиіс.
Тармақ 5
5. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда қоғамның жалғыз акционері немесе қоғамның барлық дауыс беретін акцияларын иеленуші тұлға заңды тұлға болып табылса, осы Заңда және қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының заңдарына және заңды тұлғаның жарғысына сәйкес заңды тұлғаның осындай шешімдерді қабылдауға құқығы бар органы, лауазымды адамдары немесе қызметкерлері қабылдайды.
Бап 36. 36-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті
36-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті
Тармақ 1
1. Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мына мәселелер жатқызылады:
Тармақша 1
1) қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциясында бекіту;
Тармақша 1-1
1-1) осы кодекстi қабылдау қоғамның жарғысында көзделген жағдайда, корпоративтiк басқару кодексiн, сондай-ақ оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар (Ұлттық әл-ауқат қорын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері (сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдарды қоспағанда) корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне сәйкес корпоративтік басқару кодекстерін бекітеді;
Тармақша 1-2
1-2) артықшылықпен сатып алу құқығын қолданбай, қоғамның орналастырылатын (өткізілетін) акцияларының немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың тәртібін, шекті мерзімдерін және жалпы санын айқындау;
Тармақша 2
2) қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
Тармақша 3
3) қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрiн өзгерту туралы шешiм қабылдау;
Тармақша 3-1
3-1) қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ оларды өзгертуді айқындау;
Тармақша 3-2
3-2) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдау;
Тармақша 3-3
3-3) орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдау, мұндай айырбастаудың шарттарын, мерзімдері мен тәртібін айқындау;
Тармақша 3-4
3-4) акцияларды бөлшектеу туралы шешім қабылдау, осындай бөлшектеу шарттарын, мерзімдерін және тәртібін айқындау;
Тармақша 3-5
3-5) өтеу мерзімінсіз мемлекеттік емес облигациялар шығару туралы шешім қабылдау және оларды шығару шарттарын айқындау;
Тармақша 4
4) есеп комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
Тармақша 5
5) директорлар кеңесі санының құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау (қайта сайлау) және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар төлемі мен шығыстары өтемақысының мөлшерін және шарттарын айқындау;
Тармақша 6
6) қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;
Тармақша 7
7) аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті бекіту;
Тармақша 8
8) қоғамның есепті қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;
Тармақша 9
9) қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 9-1
9-1) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;
Тармақша 10
10) қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру (алу) арқылы қоғамның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы не өзге де заңды тұлғалардың қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуы туралы шешім қабылдау;
Тармақша 11
11) алып тасталды - ҚР 2005.07.08. N 72 Заңымен;
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 2005.07.08. N 72 Заңымен;
Тармақша 13
13) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы қоғамның акционерлерге хабарлау нысанын белгілеу;
Тармақша 14
14) қоғам акцияларды осы Заңға сәйкес ұйымдастырылмаған нарықта сатып алған жағдайда олардың құнын белгілеу әдістемесіне өзгерістерді бекіту (егер оны құрылтай жиналысы бекітпесе, әдістемені бекіту);
Тармақша 15
15) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
Тармақша 16
16) акционерлерге, егер мұндай тәртіп қоғамның жарғысында айқындалмаса, қоғам қызметі туралы ақпарат беру тәртібін айқындау;
Тармақша 17
17) "алтын акцияны" енгізу және оның күшін жою;
Тармақша 17-1
17-1) нәтижесінде акционерлік қоғам активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызы сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын (сатып алынуы немесе иелiктен шығарылуы мүмкiн) мәміле туралы шешімді қабылдау күніне құны оның активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) ірі мәмілені қоғамның жасасуы туралы шешім қабылдауы;
Тармақша 18
18) шешім қабылдау осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер.
Тармақ 1-1
1-1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің жалғыз акционері құзыретінің ерекшеліктері "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының
1-1), 1-2),
2), 3) және 14) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмдерi қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен, ал инвестициялық жекешелендiру қорын қайта құру нәтижесiнде құрылған қоғамда – қоғамның жиналыста өкiлдiк еткен дауыс беретiн акцияларының айқын басым көпшілігімен қабылданады.
Осы баптың 1-тармағының 3-5) тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімі қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
Егер осы Заңда және (немесе) қоғам жарғысында өзгеше белгiленбесе,
акционерлердiң жалпы жиналысының өзге мәселелер бойынша шешiмдерi қоғамның дауыс беруге қатысушы дауыс беретiн акцияларының жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
Акционерлердiң жалпы жиналысы орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау бөлігінде осы баптың 1-тармағының 3-3) тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша шешiм қабылдаған кезде артықшылықты акцияларды иеленетін акционердің құқықтарын шектеуі мүмкін шешім орналастырылған (сатып алынғандары шегеріле отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі осындай шешім үшін дауыс берген жағдайда ғана қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 3
3. Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шешім қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді басқа органдардың, лауазымды адамдардың және қоғам қызметкерлерінің құзыретіне беруге жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Егер жарғыда өзгеше белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның ішкі қызметіне жататын мәселелер бойынша қоғамның өзге органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.
Бап 37. 37-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру тәртібі
37-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру тәртібі
Тармақ 1
1. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын директорлар кеңесі шақырады.
Тармақ 2
2. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы:
Тармақша 1
1) директорлар кеңесінің;
Тармақша 2
2) ірі акционердің бастамасы бойынша шақырылады.
Ерікті түрде таратылу процесіндегі қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын қоғамның тарату комиссиясы шақыруы, әзірлеуі және өткізуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы міндетті түрде шақырылатын жағдайлар көзделуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізуді:
Тармақша 1
1) атқарушы орган;
Тармақша 2
2) қоғаммен жасалған шартқа сәйкес орталық депозитарий;
Тармақша 3
3) директорлар кеңесі;
Тармақша 4
4) қоғамның тарату комиссиясы жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысын шақыру, әзірлеу және өткізу жөніндегі шығындарды қоғам көтереді.
Тармақ 5
5. Қоғамның органдары акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырудың осы Заңда белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, акционерлердің жылдық жалпы жиналысы кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімі негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
Егер қоғам органдары акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы қоғамның ірі акционерінің талабын орындамаса, қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы оның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімінің негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
Бап 38. 38-бап. Ірі акционердің бастамасы бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткізу ерекшеліктері
38-бап. Ірі акционердің бастамасы бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткізу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы ірі акционердің талабы қоғамның атқарушы органының орналасқан жері бойынша тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы директорлар кеңесіне қойылады, онда мұндай жиналыстың күн тәртібі болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Қоғамның директорлар кеңесі ірі акционердің талабы бойынша шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелерінің тұжырымдамаларына өзгерістер енгізуге және ұсынылған өткізу тәртібін өзгертуге құқылы емес.
Қойылған талапқа сәйкес акционерлердің кезектен тыс жиналысы шақырылған кезде директорлар кеңесі жалпы жиналыстың күн тәртібін өз қалауы бойынша кез келген мәселелермен толықтыруға құқылы.
Тармақ 3
3. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапты ірі акционер (акционерлер) қойған жағдайда, мұндай жиналысты шақыруды талап етуші акционерлердің (акционердің) есімдері (атаулары) және оған тиесілі акциялардың саны, түрі көрсетілуге тиіс.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапқа акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуші адам (адамдар) қол қояды.
Тармақ 4
4. Директорлар кеңесі аталған талапты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шешім қабылдауға және осындай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы талапты қойған адамға акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы не оны шақырудан бас тарту туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Тармақ 5
5. Қоғамның директорлар кеңесінің ірі акционердің талап етуі бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тарту туралы шешімі:
Тармақша 1
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапты қоюдың осы бапта белгіленген тәртібі сақталмаған;
Тармақша 2
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізуге ұсынылған мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қабылдануы мүмкін.
Қоғамның директорлар кеңесінің акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тарту туралы шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Егер қоғамның директорлар кеңесі осы Заңда белгіленген мерзім ішінде қойылған талап бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешімді қабылдамаса, оның шақырылуын талап етуші адам қоғамды акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізуге міндеттеу талабымен сотқа жүгінуге құқылы.
Бап 39. 39-бап. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі
39-бап. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі
Тармақ 1
1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiндегi деректер негізінде орталық депозитарий жасайды. Аталған тізімді жасау күні жалпы жиналысты өткізу туралы шешім қабылданған күннен ерте белгіленбеуі керек.
Акционерлердің тізіміне енгізілуге тиісті мәліметтерді уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 2
2. Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердiң тiзiмi жасалғаннан кейiн, осы тiзiмге енгiзiлген тұлға қоғамның оған тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен айырса, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл орайда акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар табыс етілуге тиіс.
Бап 40. 40-бап. Жалпы жиналыстың өткізілетін күні, уақыты және орны
40-бап. Жалпы жиналыстың өткізілетін күні, уақыты және орны
Тармақ 1
1. Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күн мен уақыт оған қатысу құқығы бар адамдардың неғұрлым көпшілігі жиналысқа қатыса алатындай етіп белгіленуге тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысы, шешімдері сырттай дауыс беру арқылы қабылданатын акционерлердің жалпы жиналысын қоспағанда, атқарушы орган орналасқан жердегі елді мекенде өткізілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу басталатын уақыт пен жиналысты өткізу уақыты қоғамның есеп комиссиясына жиналысқа қатысушыларды тіркеуді, санын есептеуді және оның кворумын айқындауды жүргізуге жеткілікті уақытты қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 3
3. Қоғам акционерлері қатысу тәртібімен өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысының отырысына қоғамның ішкі құжаттарында айқындалған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып қашықтан қатысуға құқылы.
Бап 41. 41-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы ақпарат
41-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы ақпарат
Тармақ 1
1. Акционерлерге ("алтын акцияның" иесіне) алда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетіні туралы жиналыс өткізілетін күннен – күнтізбелік отыз күн бұрын, ал өткізу кезінде бір немесе одан көп акционерді хабардар ету үшін пошта байланысы құралдары пайдаланылатын сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында күнтізбелік қырық бес күн бұрын хабарлануға тиіс.
Қаржы ұйымы болып табылатын қоғам акционерлерінің, уәкілетті органның талабы бойынша пруденциялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де нормалар мен лимиттерді орындау мақсатында күн тәртібіне қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы мәселе енгізілген жалпы жиналысы өткізілген жағдайда, акционерлерге ("алтын акцияның" иесіне) акционерлердің алдағы жалпы жиналысының өткізілетіні туралы акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін – он жұмыс күнінен бұрын, ал өткізу кезінде бір немесе одан көп акционерлерді хабардар ету үшін пошта байланысы құралдары пайдаланылатын сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында он бес жұмыс күнінен бұрын хабарлануы тиіс.
Тармақ 2
2. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға не оларға жіберілуге тиіс. Егер қоғам акционерлерінің саны елу акционерден аспаса, хабарлама акционерге жазбаша хабарлама жолдау арқылы жіберілуге тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарлама акционерлерге қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жіберіледі.
Тармақ 3
3. Шешімі қатысу немесе аралас дауыс беру арқылы қабылданатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада:
Тармақша 1
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
Тармақша 2
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) қоғам акционерлері жалпы жиналысының өткізілетін күні, уақыты және орны, жиналысқа қатысушыларды тіркеу басталатын уақыт, сондай-ақ егер алғашқысы өткізілмесе, қоғам акционерлерінің өткізілуге тиісті болған жалпы жиналысының қайта өткізілетін күні және уақыты;
Тармақша 4
4) акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн;
Тармақша 5
5) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі;
Тармақша 6
6) қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртібі;
Тармақша 7
7) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі;
Тармақша 8
8) сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі;
Тармақша 9
Тармақша 10
10) оларға сәйкес қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары болуға тиіс.
Тармақ 4
4. Аралас дауыс беру кезінде қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада Заңның осы бабының 3-тармағында көзделген ақпаратқа қосымша ретінде бюллетеньдерді берудің соңғы күні көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Шешімі сырттай дауыс беру арқылы қабылданатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада:
Тармақша 1
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
Тармақша 2
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн;
Тармақша 4
4) сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді берудің басталған және аяқталған күні;
Тармақша 5
5) сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні;
Тармақша 6
6) қоғам акционерлері жалпы жиналысының күн тәртібі;
Тармақша 7
7) қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртібі;
Тармақша 8
8) дауыс беруді өткізу тәртібі;
Тармақша 9
9) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы соған сәйкес өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары қамтылуға тиіс.
Тармақ 6
6. Миноритарлық акционер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде басқа акционерлермен бірігу мақсатында орталық депозитарийге өтініш жасауға құқылы.
Миноритарлық акционердің өтініш жасау және орталық депозитарийдің басқа акционерлерге ақпарат тарату тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
Бап 42. 42-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізу
42-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізу
Тармақ 1
1. Акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізуді акционерлердің бастапқы (болмай қалған) жалпы жиналысы белгіленген күннен кейінгі келесі күннен ерте тағайындауға болмайды.
Тармақ 2
2. Акционерлердің қайталап өткізілетін жалпы жиналысы акционерлердің болмай қалған жалпы жиналысы белгіленген жерде өткізілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Акционерлердің қайталап өткізілетін жалпы жиналысы күн тәртібінің акционерлердің болмай қалған жалпы жиналысының күн тәртібінен айырмашылығы болмауға тиіс.
Бап 43. 43-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі
43-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі
Тармақ 1
1. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін директорлар кеңесі қалыптастырады және онда талқылауға шығарылатын мәселелердің нақты тұжырымдалған түбегейлі тізбесі қамтылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысын ашу кезінде директорлар кеңесі күн тәртібін өзгерту бойынша алған ұсыныстары туралы баяндауға міндетті.
Тармақ 3
3. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту қоғамның жиналыста өкілдік еткен дауыс беретін акцияларының жалпы санының көпшілік дауысымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысының күн тәртібіне:
Тармақша 1
1) қоғам акционерлері жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он бес күннен кешіктірілмей толықтырулар туралы хабардар етілген жағдайда, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер немесе директорлар кеңесі ұсынған осындай толықтырулар;
Тармақша 2
2) егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде тоқсан бес пайызын жиынтығында иеленетін акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі енгізілуіне дауыс берсе, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Қатысу тәртібімен өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі, егер орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі енгізілуіне дауыс берсе, мәселені шешу артықшылықты акцияларды иеленетін акционерлердің құқықтарын шектеуі мүмкін мәселемен толықтырылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Акционерлердің жалпы жиналысы сырттай және (немесе) аралас дауыс беру арқылы шешім қабылдаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін өзгертуге және (немесе) толықтыруға болмайды.
Тармақ 7
7. Акционерлердің жалпы жиналысы оның күн тәртібіне енгізілмеген мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы емес.
Тармақ 8
8. Күн тәртібінде «әр түрлі», «өзге», «басқалары» деген сөздерді қоса алғанда, кең түсінік беретін тұжырымдамаларды және осыларға ұқсас тұжырымдамаларды пайдалануға тыйым салынады.
Бап 44. 44-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
44-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
Тармақ 1
1. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарда осы мәселелер бойынша негізделген шешімдер қабылдауға қажетті ақпарат болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Қоғамның органдарын сайлау мәселелері бойынша материалдарда ұсынылып отырған кандидаттар туралы мынадай ақпарат:
Тармақша 1
1) аты-жөні, сондай-ақ тілегі бойынша - әкесінің аты;
Тармақша 2
2) білімі туралы мәліметтер;
Тармақша 2-1
2-1) қоғамға үлестестігі туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) соңғы үш жылдағы жұмыс орны және атқарған қызметі туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) кандидаттардың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге де ақпарат болуға тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қоғамның директорлар кеңесін сайлау (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау) туралы мәселе енгізілген жағдайда, материалдарда директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылып отырған кандидат қай акционердің өкілі болып табылатындығы немесе ол қоғамның тәуелсіз директоры лауазымына кандидат болып табылатын-табылмайтындығы көрсетілуге тиіс. Егер директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидат акционер не осы Заңның 54-бабының 2-тармағының 3) тармақшасындағы көрсетілген жеке тұлға болып табылса, онда бұл мәліметтер де акционерлердің тізімі қалыптастырылған күнгі қоғамның дауыс беретін акцияларын акционердің иелену үлесі туралы деректер енгізіле отырып, материалдарда көрсетілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар:
Тармақша 1
1) қоғамның жылдық қаржы есептілігі;
Тармақша 2
2) жылдық қаржы есептілігіне аудиторлық есеп;
Тармақша 3
3) директорлар кеңесінің аяқталған қаржы жылындағы қоғамның таза табысын бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы жыл ішіндегі дивидендтің мөлшері туралы ұсыныстары;
Тармақша 3-1
3-1) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне жүгінуі және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат;
Тармақша 3-2
Тармақша 4
4) акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге бастамашының қалауы бойынша өзге де құжаттар қамтылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлер танысуы үшін қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде жиналыс өткізілетін күннен он күн бұрын дайын әрі қол жетімді болуға тиіс, ал акционердің сауал салуы болған кезде - сауал салу алынғаннан кейін оған үш жұмыс күні ішінде жіберілуге тиіс, егер жарғыда өзгеше көзделмесе, құжаттар көшірмелерін жасауға және құжаттарды жеткізуге кеткен шығыстар акционерге жүктеледі.
Бап 45. 45-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының кворумы
45-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының кворумы
Тармақ 1
1. Егер акционерлердiң жалпы жиналысына қатысушыларды тiркеу аяқталған кезде (акционерлердің жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу кезінде барлық бюллетеньді ұсыну күні не бюллетеньдерді ұсыну мерзімі аяқталған күні) оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, қоғамның дауыс беретiн акцияларының жинақтап алғанда елу және одан да көп процентiн иеленген акционерлер (акционерлердің өкілдері) тiркелсе, жиналыс күн тәртiбiндегi мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы.
Тармақ 2
2. Акционерлердің өтпей қалған жалпы жиналысы орнына қайталап өткізілетін жалпы жиналысы, егер:
Тармақша 1
1) кворумның болмауы себепті акционерлердің өтпей қалған жалпы жиналысын шақыру тәртібі сақталған болса;
Тармақша 2
2) тіркеу аяқталған кезде оған қатысу үшін қоғамның дауыс беретін акцияларының жинақтап алғанда қырық және одан да көп процентін иеленетін акционерлер (немесе олардың өкілдері), оның ішінде сырттай дауыс беретін акционерлер тіркелген болса, күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Он мың және одан да көп акционері бар қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізу үшін аз кворум (қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде он бес проценті) көзделуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Егер жиналысқа қатысушыларды тіркеу аяқталған кезде оған қатысу үшін қоғамның дауыс беретін акцияларын иеленетін кемінде бес жүз акционер (немесе олардың өкілдері) тіркелген болса, инвестициялық жекешелендіру қорын қайта ұйымдастыру және қайта тіркеу нәтижесінде құрылған қоғамда акционерлердің қайталап өткізілетін жалпы жиналысы мәселелерді қарауға және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
Тармақ 4
4. Акционерлерге сырттай дауыс беру үшін бюллетеньдер жіберілген жағдайда, аталған бюллетеньдермен берілген және жалпы жиналысқа қатысушыларды тіркеу кезінде қоғам алған дауыстар кворумды айқындау және дауыс беру қорытындыларын шығару кезінде есепке алынады.
Акционерлердің жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізген кезде кворум болмаған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы қайталап өткізілмейді.
Бап 46. 46-бап. Есеп комиссиясы
46-бап. Есеп комиссиясы
Тармақ 1
1. Есеп комиссиясы акционерлер саны жүз және одан да көп қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында сайланады.
Акционерлер саны жүзден аз қоғамда есеп комиссиясының функциясын акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы жүзеге асырады. Акционерлердің бірінші жалпы жиналысында есеп комиссиясының функциясын орталық депозитарий жүзеге асырады.
Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша есеп комиссиясының функциясы орталық депозитарийге жүктелуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Есеп комиссиясы үш адамнан кем болмауға тиіс. Есеп комиссиясына қоғамның алқалы органдары мүшелерінің, сондай-ақ қоғамның атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның кіруіне болмайды.
Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін уақытта есеп комиссиясының мүшесі болмаған жағдайда жиналыс өткізілетін уақытқа есеп комиссиясының мүшесін қосымша сайлауға рұқсат етіледі.
Тармақ 3
3. Есеп комиссиясы:
Тармақша 1
1) акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін келген адамдардың өкілеттігін тексереді;
Тармақша 2
2) акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркейді және оларға акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды береді;
Тармақша 3
3) сырттай дауыс беру үшін алынған бюллетеньдердің дұрыстығын анықтайды және дұрыс бюллетеньдер мен күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша оларда көрсетілген дауыстарды санайды;
Тармақша 4
4) акционерлердің жалпы жиналысы кворумының, оның ішінде жиналыс өткізілген барлық уақыттың ішінде болуын да анықтайды және кворумның болғаны немесе болмағаны туралы хабарлайды;
Тармақша 5
5) акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің құқықтарын іске асыру мәселелерін түсіндіреді;
Тармақша 6
6) акционерлердің жалпы жиналысында қаралған мәселелер бойынша дауыстарды санайды және дауыс берудің қорытындысын шығарады;
Тармақша 7
7) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасайды;
Тармақша 8
8) дауыс беру бюллетеньдерін және дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы қоғамның мұрағатына береді.
Тармақ 4
4. Есеп комиссиясы акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру үшін толтырылған бюллетеньдердегі ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Бап 47. 47-бап. Акционерлердің жалпы жиналысындағы өкілдік
47-бап. Акционерлердің жалпы жиналысындағы өкілдік
Тармақ 1
1. Акционер жеке өзі немесе өз өкілі арқылы акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге құқылы.
Қоғамның атқарушы органы мүшелерінің акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде сөз сөйлеуге құқығы жоқ.
Мұндай өкілдік акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша дауыс беру туралы нақты нұсқаулары бар сенімхатқа негізделген жағдайларды қоспағанда, қоғам қызметкерлерінің акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде сөз сөйлеуге құқығы жоқ.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін білдіруге құқығы бар тұлға үшін акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.
Бап 48. 48-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қатысу тәртібімен өткізу тәртібі
48-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қатысу тәртібімен өткізу тәртібі
Тармақ 1
1. Акционерлердің жалпы жиналысын қатысу тәртібімен өткізу тәртібі осы Заңға, қоғамның жарғысына және қоғамның ішкі қызметін реттейтін өзге де құжаттарға сәйкес не акционерлердің жалпы жиналысының тікелей шешіммен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (акционерлердің өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.
Шешімдері аралас дауыс беру арқылы қабылданатын акционерлердің жалпы жиналысының кворумын айқындау кезінде сырттай дауыс берген акционерлердің (акционерлер өкілдерінің) бюллетеньдері ескеріледі.
Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысына келген акционер (акционердің өкілі) тіркелуге міндетті.
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Қоғамның артықшылықты акцияларының меншік иесі болып табылатын акционер акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысына қатысуға және онда қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.
Егер қоғамның жарғысында немесе акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысының шешімінде өзгеше белгіленбесе, оған өзге адамдар шақырусыз қатыса алады. Акционерлердің жалпы жиналысында мұндай адамдардың сөз сөйлеу құқығы қоғамның жарғысында немесе акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде белгіленеді.
Тармақ 2-1
2-1. Егер дауыс беру үшін бұрын бюллетень жіберген акционер аралас дауыс беру пайдаланылатын акционерлердің жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру үшін келген болса, оның бұрын жіберген бюллетені акционерлердің жалпы жиналысының кворумын айқындау және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыстарды есептеу кезінде есепке алынбайды.
Тармақ 3
3. Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.
Тармақ 4
4. Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды.
Акционерлердің жалпы жиналысы ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша) дауыс беру нысанын белгілейді. Егер қоғамның жарғысында өзгеше көзделмесе, акционерлердің жалпы жиналысының төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлау туралы мәселе бойынша дауыс беру кезінде әрбір акционердің бір дауысы болады, ал шешім қатысушылар санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
Жиналысқа қатысушы акционерлердің барлығы атқарушы органға кіретін жағдайларды қоспағанда, атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Тармақ 5
5. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.
Тармақ 6
6. Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 7
7. Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.
Тармақ 8
8. Акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасында көрсетілген мәліметтердің толық және дұрыс болуы үшін жауап береді.
Бап 49. 49-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылдауы
49-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылдауы
Тармақ 1
1. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері сырттай дауыс беруді өткізу арқылы қабылдануы мүмкін. Сырттай дауыс беру акционерлердің жалпы жиналысына қатысып отырған акционерлердің дауыс беруімен (аралас дауыс берумен) бірге не акционерлердің жалпы жиналысының отырысы өткізілмей қолданылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі барлық немесе жекелеген мәселелер бойынша шешімдерді сырттай дауыс беру арқылы қабылдауға тыйым салу белгіленуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Сырттай дауыс беруді өткізген кезде дауыс беру үшін бірыңғай нысандағы бюллетеньдер акционерлердің тізіміне енгізілген адамдарға жіберіледі (таратылады).
Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру нәтижелеріне ықпал ету мақсатымен қоғамның дауыс беруге арналған бюллетеньдерді жекелеген акционерлерге таңдап жіберуге құқығы жоқ.
Тармақ 4
4. Дауыс беруге арналған бюллетень акционерлердің тізіміне енгізілген адамдарға:
Тармақша 1
1) пошта байланысының құралдары қолданылған
кезде – акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күнге дейін күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірілмей;
Тармақша 2
2) хабарлама электрондық тәсілмен жіберілген немесе ол қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған
кезде – акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
Акционерлерінің саны жүз және одан көп қоғамда сырттай дауыс беру кезінде осы қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің
интернет-ресурсында акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламамен бірге акционерлердің жалпы жиналысында сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді жариялауға міндетті.
Тармақ 5
5. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде:
Тармақша 1
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
Тармақша 2
2) жиналысты шақырудың бастамашысы туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді берудің нақты күні;
Тармақша 4
4) акционердің жалпы жиналысы жабылатын күн;
Тармақша 5
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
Тармақша 6
6) егер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы мәселелер болса, сайлауға ұсынылатын кандидаттардың есімдері;
Тармақша 7
7) дауыс берілетін мәселелердің тұжырымдалуы;
Тармақша 8
8) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс берудің "жақтайды", "қарсы", "қалыс қалды" деген сөздермен білдірілген нұсқалары;
Тармақша 9
9) күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру (бюллетеньді толтыру) тәртібінің түсіндірмесі болуға тиіс.
Тармақ 6
6. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға – акционер (жеке тұлға – акционердің өкілі) осы адамның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсете отырып қол қоюға тиіс.
Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетенге оның басшысы (заңды тұлға – акционердің өкілі) қол қоюға тиіс.
Акционердің өкілі сырттай дауыс беру үшін бюллетеньге қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттілігін растайтын сенімхаттың немесе өзге құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Жеке тұлға – акционердің не заңды тұлға – акционер басшысының немесе жеке тұлға – акционер өкілінің не заңды тұлға – акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
Дауыстарды есептеу кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасы қойылған мәселелер бойынша дауыстар есептеледі.
Тармақ 7
7. Егер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы мәселелер болса, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде жекелеген кандидаттарға берілген дауыстардың санын көрсететін орын болуға тиіс.
Тармақ 7-1
7-1. Егер акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өткізілген жағдайда тиісті түрде толтырылған бюллетеньдер барлық акционерлерден дауыстарды санау белгіленген күннен бұрын келіп түскен болса, онда дауыстарды уақытынан ертерек күні санауға жол беріледі, бұл дауыс беру қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.
Тармақ 8
Бап 50. 50-бап. Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру
50-бап. Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру
Тармақ 1
1. Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда бір акционерге берілетін акциялар бойынша дауыстардың ең көп санын шектеуді;
Тармақша 2
2) директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивтік дауыс беруді;
Тармақша 3
3) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбір адамға акционерлердің жалпы жиналысын өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыстан беруді қоспағанда, "бір акция - бір дауыс" принципі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Акциялар бойынша берілетін кумулятивтік дауыс беру кезінде дауыстарды акционер директорлар кеңесінің мүшелігіне бір кандидат үшін толық беруі немесе ол директорлар кеңесінің мүшелігіне бірнеше кандидат арасында бөліп беруі мүмкін. Дауыстар саны ең көп берілген кандидаттар директорлар кеңесіне сайланған болып танылады.
Тармақ 3
3. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысында дауыс беру жасырын әдіспен жүргізілген жағдайда мұндай дауыс беруге арналған бюллетеньдер (бұдан әрі осы бапта - қатысып жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер) дауыс беру жасырын тәсілмен жүргізілетін әрбір жекелеген мәселе бойынша жасалуға тиіс. Бұл орайда қатысып жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньде:
Тармақша 1
1) мәселенің тұжырымдалуы немесе жиналыстың күн тәртібіндегі оның рет нөмірі;
Тармақша 2
2) мәселелер бойынша "жақтайды", "қарсы", "қалыс қалды" деген сөздермен білдірілген дауыс беру нұсқалары немесе қоғамның органына әрбір кандидат бойынша дауыс беру нұсқалары;
Тармақша 3
3) акционерге тиесілі дауыстар саны болуға тиіс.
Тармақ 4
4. Акционер бюллетеньге өзі қол қоюға, оның ішінде өзіне тиесілі акцияларды осы Заңға сәйкес сатып алу туралы қоғамға талап қою мақсатында тілек білдірген жағдайды қоспағанда, акционер қатысып жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қоймайды.
Қатысып жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер бойынша дауыстарды есептеу кезінде дауыс берушілердің бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібі сақталған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасы қалдырылған мәселелер бойынша дауыстары есепке алынады.
Бап 51. 51-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама
51-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама
Тармақ 1
1. Дауыс беру қорытындылары бойынша есеп комиссиясы дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасап, оған қол қояды.
Тармақ 2
2. Акционердің дауыс беруге қойылған мәселе бойынша ерекше пікірі болған жағдайда қоғамның есеп комиссиясы хаттамаға тиісті жазба енгізуге міндетті.
Тармақ 3
3. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасалып, оған қол қойылғаннан кейін қатысып жасырын және сырттай дауыс беру үшін толтырылған (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер де), соның негізінде хаттама жасалған бюллетеньдер хаттамамен бірге тігіледі және қоғамда сақталады.
Тармақ 4
4. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
Тармақ 5
5. Дауыс беру қорытындылары акционерлердің дауыс беру өткізілген жалпы жиналысының барысында жария етіледі.
Тармақ 6
6. Акционерлердің жалпы жиналысының дауыс беру қорытындылары немесе сырттай дауыс беру нәтижелері акционерлердің назарына акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында оларды қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы және қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен (осындай тәртіп болған кезде) жеткізіледі.
Бап 52. 52-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы
52-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы
Тармақ 1
1. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасында:
Тармақша 1
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
Тармақша 2
2) акционерлердің жалпы жиналысының өткізілген күні, уақыты және орны;
Тармақша 3
3) қоғамның акционерлердің жалпы жиналысындағы ұсынған дауыс беретін акцияларының саны туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) акционерлердің жалпы жиналысының кворумы;
Тармақша 5
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
Тармақша 6
6) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру тәртібі;
Тармақша 7
7) акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы (төралқасы) және хатшысы;
Тармақша 8
8) акционерлердің жалпы жиналысына қатысқан адамдардың сөйлеген сөздері;
Тармақша 9
9) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі дауыс беруге қойылған әрбір мәселе бойынша акционерлердің жалпы дауыс саны;
Тармақша 10
10) дауысқа қойылған мәселелер, олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
Тармақша 11
11) акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Жалпы жиналыста қоғамның директорлар кеңесін (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін) сайлау туралы мәселе қаралған жағдайда жалпы жиналыстың хаттамасында: директорлар кеңесінің сайланған мүшесі қандай акционердің өкілі болып табылатыны және (немесе) директорлар кеңесінің сайланған мүшелерінің қайсысы тәуелсіз директор болып табылатыны көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысының хаттамасына:
Тармақша 1
1) акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы (төралқа мүшелері) мен хатшысы;
Тармақша 2
2) есеп комиссиясының мүшелері (болған кезде) қол қоюға тиіс.
Тармақша 3
Тармақ 3-1
3-1. Акционерлердің сырттай дауыс беру арқылы өткізілетін жалпы жиналысының хаттамасына есеп комиссиясының мүшелері (егер есеп комиссиясын сайлау талап етілмесе – акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы) қол қоюға тиіс.
Тармақ 4
4. Осы баптың 3 және 3-1-тармақтарында аталған адамдардың біреуі хаттаманың мазмұнымен келіспеген жағдайда, ол адам бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме бере отырып, оған қол қоюдан бас тартуға құқылы, ол хаттамаға қоса тіркелуге тиіс.
Тармақ 5
5. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы дауыс беру қорытындылары туралы хаттамамен, жалпы жиналысқа қатысу және дауыс беру құқығына берілген сенімхаттармен, сондай-ақ хаттамаға қол қоюмен және хаттамаға қол қоюдан бас тарту себептерінің жазбаша түсініктемелерімен бірге тігіледі. Аталған құжаттар атқарушы органда сақталуға және танысу үшін акционерлерге кез келген уақытта берілуге тиіс. Акционердің талап етуі бойынша оған акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесі беріледі.
Бап 53. 53-бап. Директорлар кеңесі
53-бап. Директорлар кеңесі
Тармақ 1
1. Осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, директорлар кеңесі қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Егер осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында өзгеше белгіленбесе, мынадай мәселелер директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады:
Тармақша 1
1) қоғам қызметінің басым бағыттарын және қоғамның даму стратегиясын айқындау немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қоғамның даму жоспарын бекіту;
Тармақша 2
2) акционерлердің жылдық және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2-1
2-1) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу нысанын айқындау;
Тармақша 3
3) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жарияланған акциялар саны шегiнде акцияларды орналастыру (өткiзу) туралы, оның iшiнде орналастырылатын (өткiзiлетiн) акциялар саны, оларды орналастыру (өткiзу) тәсiлi мен бағасы туралы шешiм қабылдау;
Тармақша 3-1
3-1) осы Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда қоғамның акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылдау;
Тармақша 4
4) қоғамның орналастырылған акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау;
Тармақша 5
5) қоғамның жылдық қаржы есептілігін алдын ала бекіту;
Тармақша 5-1
5-1) директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережелерді бекіту;
Тармақша 6
6) алынып тасталды;
Тармақша 7
7) қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару талаптарын айқындау, сондай-ақ оларды шығару туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 8
8) атқарушы органның сан құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның басшысын және мүшелерін (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамды) сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
Тармақша 9
9) атқарушы органның басшысы мен мүшелерінің (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның) лауазымдық айлықақыларының мөлшерін және оларға еңбекақы және сыйлықақы төлеу талаптарын айқындау;
Тармақша 10
10) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысы мен мүшелерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеудің мөлшері мен талаптарын айқындау;
Тармақша 10-1
10-1) корпоративтік хатшыны тағайындау, оның өкілеттік мерзімін айқындау, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысы мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау;
Тармақша 11
11) қаржылық есептіліктің аудиті үшін аудиторлық ұйымның, сондай-ақ қоғамның акцияларын төлеуге берілген не ірі мәміле нысанасы болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау жөніндегі бағалаушының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау;
Тармақша 12
12) (алып тасталды)
Тармақша 13
13) қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды (бұған қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында атқарушы орган қабылдайтын құжаттар қосылмайды), оның ішінде аукциондар өткізу және қоғамның бағалы қағаздарына қол қою шарттары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжатты бекіту;
Тармақша 14
14) қоғамның филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олар туралы ережелерді бекіту;
Тармақша 15
15) қоғамның басқа заңды тұлғалардың акцияларының он және одан да көп пайызын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн) сатып алу (иелігінен шығару) туралы шешімдерін қабылдау;
Тармақша 15-1
15-1) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) он және одан да көп проценті қоғамға тиесілі заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
Тармақша 16
16) қоғамның міндеттемелерін оның өзіндік капиталы мөлшерінің он және одан да көп проценті болатын шамаға көбейту;
Тармақша 17
17) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен
Тармақша 18
18) қоғам немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметі туралы ақпаратты айқындау;
Тармақша 19
19) жасасу туралы шешім осы Заңның 36-бабы 1-тармағының
17-1) тармақшасына және 73-бабының 3-1-тармағына сәйкес қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданатын ірі мәмілелерді қоспағанда, ірі мәмілелер және жасауға қоғам мүдделі мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 20
20) осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген, акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де мәселелер.
Тармақ 3
3. Тiзбесi осы баптың 2-тармағында белгiленген мәселелердi атқарушы органның шешуiне беруге болмайды.
Тармақ 3-1
3-1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесі құзыретінің ерекшеліктері "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.
Тармақ 4
4. Қоғамның жарғысына сәйкес оның атқарушы органының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша директорлар кеңесінің шешім қабылдауға, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешімдеріне қайшы келетін шешімдер қабылдауға құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер вето құқығы белгіленген мәселелер бойынша "алтын акция" иесімен келісілуге тиіс.
Тармақ 6
6. Директорлар кеңесі:
Тармақша 1
1) мүдделердің ықтимал қақтығысын, оның ішінде қоғам меншігін заңсыз пайдалануды және мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелерді жасасқан кезде асыра пайдалануды лауазымды адамдар мен акционерлер деңгейінде қадағалауға және оларды мүмкіндігінше жоюға;
Тармақша 2
2) қоғамдағы корпоративтік басқару практикасының тиімділігін бақылауды жүзеге асыруға тиіс.
Бап 53-1. 53-1-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
53-1-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
Тармақ 1
1. Аса маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу үшін қоғамда директорлар кеңесінің комитеттері құрылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Директорлар кеңесінің комитеттері мынадай мәселелерді қарайды:
Тармақша 1
1) стратегиялық жоспарлау;
Тармақша 2
2) кадрлар және сыйақылар;
Тармақша 3
3) ішкі аудит;
Тармақша 4
4) әлеуметтік мәселелер;
Тармақша 5
5) қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәселелер.
Директорлар кеңесінің жеке комитеті қарайтын ішкі аудит мәселелерін қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған мәселелерді қарау директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше комитетінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Директорлар кеңесінің комитеттері директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылардан тұрады.
Директорлар кеңесінің комитетін директорлар кеңесінің мүшесі басқарады. Тәуелсіз директорлар функцияларына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында көзделген мәселелерді қарау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің басшылары (төрағалары) болып табылады.
Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды.
Ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитет тек қана директорлар кеңесінің мүшелерінен тұруға тиіс.
Тармақ 4
4. Директорлар кеңесі комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі, олардың саны, сондай-ақ сандық құрамы қоғамның директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжатында белгіленеді.
Бап 54. 54-бап. Директорлар кеңесінің құрамы
54-бап. Директорлар кеңесінің құрамы
Тармақ 1
1. Жеке адам ғана директорлар кеңесiнiң мүшесi бола алады.
Директорлар кеңесінің мүшесі осы Заңға және (немесе) қоғамның жарғысына сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындауды өзге адамдарға беруге құқылы емес.
Тармақ 2
2. Директорлар кеңесiнiң мүшелерi:
Тармақша 1
1) акционерлер – жеке адамдар;
Тармақша 2
2) директорлар кеңесiне акционерлердiң өкiлдерi ретiнде сайлауға ұсынылған (ұсыным берiлген) адамдар;
Тармақша 3
3) қоғамның акционері болып табылмайтын және директорлар кеңесiне акционердiң өкiлi ретiнде сайлауға ұсынылмаған (ұсыным берiлмеген) жеке адамдар арасынан сайланады.
Тармақ 3
3. Директорлар кеңесінде бір орынға бір кандидат сайлауға түсетін жағдайды қоспағанда, акционерлер директорлар кеңесінің мүшелерін сайлауды дауыс беруге арналған бюллетеньдерді пайдалана отырып, кумулятивтік дауыс беру арқылы жүзеге асырады. Кумулятивтік дауыс беру бюллетенінің мынадай бағандары болуы тиіс:
Тармақша 1
1) директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылған кандидаттардың тізбесі;
Тармақша 2
2) акционерге тиесілі дауыстар саны;
Тармақша 3
3) акционердің директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылған кандидатқа берген дауыстарының саны.
Кумулятивтік дауыс беруге арналған бюллетеньге "қарсы" және "қалыс қалды" деген дауыс беру нұсқаларын енгізуге тыйым салынады.
Акционер өзіне тиесілі акциялар бойынша дауысты директорлар кеңесінің мүшелігіне бір кандидатқа толығымен беруге немесе оларды бірнеше кандидаттар арасында бөліп беруге құқылы. Ең көп дауыс санын жинаған кандидаттар директорлар кеңесіне сайланған болып есептеледі. Егер директорлар кеңесінің мүшелігіне екі және одан көп кандидат тең дауыс санын жинаған болса, бұл кандидаттарға қатысты тең дауыс санын жинаған кандидаттар көрсетілген кумулятивтік дауыс беру бюллетеньдерін акционерлерге ұсыну арқылы қосымша кумулятивтік дауыс беру өткізіледі.
Тармақ 4
4. Атқарушы органның басшысынан басқа мүшелерi директорлар кеңесiне сайлана алмайды. Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесiнiң төрағасы болып сайлана алмайды.
Тармақ 5
5. Директорлар кеңесi мүшелерiнiң саны кемiнде үш адам болуға тиiс. Қоғамның директорлар кеңесі құрамының кем дегенде отыз пайызы тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
Тармақ 6
6. Директорлар кеңесiнiң құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында және қоғамның жарғысында белгiленедi.
Тармақ 7
7. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорды сайлау ерекшеліктері "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Бап 55. 55-бап. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі
55-бап. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі
Тармақ 1
1. Директорлар кеңесінің құрамына сайланған адамдардың, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және қоғамның жарғысында өзгеше көзделмесе, қайта сайлануына шек қойылмауы мүмкін.
Тармақ 2
2. Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін акционерлердің жалпы жиналысы белгілейді.
Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі акционерлердің жаңа директорлар кеңесін сайлау өткізілетін жалпы жиналысын өткізу кезінде аяқталады.
Тармақ 3
3. Акционерлердің жалпы жиналысы директорлар кеңесінің барлық немесе жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Директорлар кеңесінің мұндай мүшесінің өкілеттіктері акционерлердің жалпы жиналысы оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 4
4. Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату директорлар кеңесіне берілген жазбаша хабарлама негізінде жүзеге асырылады.
Директорлар кеңесінің мұндай мүшесінің өкілеттігі, егер хабарламада директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату күні көрсетілмесе, директорлар кеңесі аталған хабарламаны алған кезден бастап тоқтатылады.
Тармақ 5
5. Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау акционерлердің жалпы жиналысында ұсынылған кумулятивтiк дауыс берумен жүзеге асырылады, бұл орайда директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшесiнiң өкілеттігі тұтас алғанда директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімінің өтуімен бір мезгілде аяқталады.
Бап 56. 56-бап. Директорлар кеңесінің төрағасы
56-бап. Директорлар кеңесінің төрағасы
Тармақ 1
1. Егер қоғам жарғысында өзгеше көзделмесе, директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы оның мүшелері арасынан сайланады.
Егер қоғам жарғысында өзгеше көзделмесе, директорлар кеңесі төрағаны кез келген уақытта қайта сайлауға құқылы.
Тармақ 2
2. Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарын жүргізеді, сондай-ақ қоғам жарғысында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Директорлар кеңесінің төрағасы болмаған жағдайда, оның функцияларын директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
Бап 57. 57-бап. Директорлар кеңесінің отырысын шақыру
57-бап. Директорлар кеңесінің отырысын шақыру
Тармақ 1
1. Директорлар кеңесiнiң отырысы оның төрағасының немесе атқарушы органның бастамасы бойынша, не:
Тармақша 1
1) директорлар кеңесiнiң кез келген мүшесiнiң;
Тармақша 2
2) қоғамның iшкi аудит қызметiнiң;
Тармақша 3
3) қоғамға аудиттi жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның;
Тармақша 4
4) iрi акционердiң талап етуi бойынша шақырылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Директорлар кеңесiнiң отырысын шақыру туралы талап директорлар кеңесiнiң төрағасына директорлар кеңесi отырысының ұсынылатын күн тәртiбi бар тиiстi жазбаша хабар жiберу арқылы қойылады.
Директорлар кеңесiнiң төрағасы отырысты шақырудан бас тартқан жағдайда, бастамашы аталған талаппен атқарушы органға жүгiнуге құқылы, ол директорлар кеңесiнiң отырысын шақыруға мiндеттi.
Директорлар кеңесiнiң отырысын директорлар кеңесiнiң төрағасы немесе атқарушы орган, егер қоғам жарғысында өзгеше мерзiм белгiленбесе, шақыру туралы талап келiп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешiктiрмей шақыруға тиiс.
Директорлар кеңесiнiң отырысы аталған талапты қойған адамды мiндеттi түрде шақыра отырып өткiзiледi.
Тармақ 3
3. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне директорлар кеңесiнiң отырысын өткiзу туралы хабарлама жiберу тәртiбiн директорлар кеңесi айқындайды, ал "алтын акция" иесiне хабарлама жiберу тәртiбi қоғамның жарғысында айқындалады.
Тармақ 4
4. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар директорлар кеңесінің мүшелеріне, егер қоғамның жарғысында өзгеше мерзім айқындалмаса, отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік жеті күн бұрын беріледі.
Ірі мәміле және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәміле жасасу жөнінде шешім қабылдау туралы мәселелер қаралған жағдайда, мәміле туралы ақпаратта мәміленің тараптары, мәміленің орындалу мерзімдері мен талаптары, тартылған адамдардың қатысу үлесінің сипаты мен көлемі туралы мәліметтер, сондай-ақ бағалаушының есебі (осы Заңның 69-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда) қамтылуға тиіс.
Тармақ 5
5. Директорлар кеңесiнiң мүшесi өзiнiң директорлар кеңесiнiң отырысына қатыса алмайтыны туралы атқарушы органға алдын ала хабарлауға мiндеттi.
Бап 58. 58-бап. Директорлар кеңесінің отырысы
58-бап. Директорлар кеңесінің отырысы
Тармақ 1
1. Директорлар кеңесінің отырысын өткізу үшін кворум қоғамның жарғысында белгіленеді, бірақ ол директорлар кеңесі мүшелері санының жартысынан кем болмауға тиіс.
Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны жарғыда белгіленген кворумға қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау үшін директорлар кеңесі акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға міндетті. Директорлар кеңесінің қалған мүшелері акционерлердің мұндай кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы ғана шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 2
2. Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің бір даусы болады.
Директорлар кеңесінің шешімдері, егер осы Заңда және қоғам жарғысында өзгеше көзделмесе, директорлар кеңесінің отырысқа қатысқан мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады.
Дауыстар саны тең болған кезде директорлар кеңесі төрағасының немесе директорлар кеңесінің отырысында төрағалық етуші адам даусының шешуші дауыс болуы қоғам жарғысында көзделуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Директорлар кеңесі директорлар кеңесінің мүшелері ғана қатыса алатын өзінің жабық отырысын өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 4
4. Қоғам жарғысында және (немесе) қоғамның iшкi құжаттарында директорлар кеңесiнiң қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша директорлар кеңесiнiң сырттай дауыс беру арқылы шешiмдер қабылдау мүмкiндiгi және осындай шешiмдердi қабылдау тәртiбi көзделуi мүмкiн.
Белгiленген мерзiмде алынған бюллетеньдерде кворум болған ретте шешiм сырттай дауыс беру арқылы қабылданды деп танылады.
Директорлар кеңесiнiң сырттай отырысының шешiмi жазбаша түрде ресiмделуге және оған директорлар кеңесiнiң хатшысы мен төрағасының қолы қойылуға тиiс.
Шешiм ресiмделген күннен бастап жиырма күн iшiнде директорлар кеңесiнiң мүшелерiне жiберiлуге тиiс, оған осы шешiмдi қабылдауға негiз болған бюллетеньдердің көшірмелері қоса тiркеледi.
Тармақ 5
5. Директорлар кеңесінің қатысу тәртібімен өткен отырысында қабылданған шешімдері хаттамамен ресімделеді, ол отырыс өткен күннен бастап жеті күн ішінде жасалып, оған отырыста төрағалық еткен адам мен директорлар кеңесінің хатшысы қол қоюға және онда:
Тармақша 1
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
Тармақша 2
2) отырыстың өткізілген күні, уақыты және орны;
Тармақша 3
3) отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) отырыстың күн тәртібі;
Тармақша 5
5) дауысқа қойылған мәселелер және директорлар кеңесінің әр мүшесінің директорлар кеңесі отырысының күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижесі көрсетілген осы мәселелер бойынша дауыс берудің қорытындылары;
Тармақша 6
6) қабылданған шешімдер;
Тармақша 7
7) директорлар кеңесінің шешімі бойынша өзге де мәліметтер болуға тиіс.
Тармақ 6
6. Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамалары және директорлар кеңесі сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған шешімдер қоғамда сақталады.
Директорлар кеңесінің хатшысы директорлар кеңесі мүшесінің талап етуі бойынша оған директорлар кеңесі отырысының хаттамасын және сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешімдерді танысу үшін беруге және (немесе) оған хаттама мен шешімдердің қоғамның уәкілетті
қызметкерінің қолтаңбасымен
куәландырылған үзінді көшірмелерін беруге міндетті.
Тармақ 7
7. Директорлар кеңесінің отырысына қатыспаған немесе қоғамның директорлар кеңесінің осы Заңда және қоғамның жарғысында белгіленген тәртіпті бұза отырып қабылдаған шешіміне қарсы дауыс берген қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі оған сот тәртібімен дау айтуға құқылы.
Тармақ 8
8. Акционер қоғамның директорлар кеңесінің осы Заңның және қоғам жарғысының талаптарын бұза отырып қабылдаған шешіміне, егер аталған шешім акционерлік қоғамның және (немесе) осы акционердің құқығы мен заңды мүдделерін бұзса, сотта дау айтуға құқылы.
Бап 59. 59-бап. Атқарушы орган
59-бап. Атқарушы орган
Тармақ 1
1. Ағымдағы қызметке атқарушы орган басшылық етеді. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.
Атқарушы орган қоғам қызметінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Қоғамның алқалы атқарушы органының шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған атқарушы органның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қоюға және онда дауысқа қойылған мәселелер, атқарушы органның әр мүшесінің әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижесі көрсетілген, осы мәселелер бойынша дауыс беру қорытындылары қамтылуға тиіс.
Қоғамның атқарушы органы мүшесінің дауыс беру құқығын өзге адамға, оның ішінде қоғамның атқарушы органының басқа мүшесіне беруіне жол берілмейді.
Атқарушы орган акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.
Атқарушы органның вето құқығы белгіленген мәселелер жөніндегі шешімдері "алтын акция" иесімен келісілуге тиіс.
Егер мәміле жасасу кезінде тараптардың қоғам белгілеген шектеулер туралы білгендігін дәлелдесе, қоғам өзінің атқарушы органы осы шектеулерді бұза отырып жасаған мәміленің жарамды екеніне дауласуға құқылы.
Тармақ 2
2. Қоғамның акционерлері және оның акционерлері болып табылмайтын қызметкерлері алқалы атқарушы органның мүшелері бола алады.
Атқарушы органның мүшесі директорлар кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.
Атқарушы органның басшысы не қоғамның атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адам атқарушы орган басшысының не атқарушы органның, басқа заңды тұлғаның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, лауазымын атқаруға не қызмет нысанасы қаржылық қызметтерді көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалы басшысының лауазымын атқаруға құқылы емес.
Атқарушы орган мүшесінің функциялары, құқықтары мен міндеттері осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен, қоғамның жарғысымен, сондай-ақ аталған адам мен қоғам арасында жасалатын еңбек шартымен белгіленеді. Қоғам атынан атқарушы органның басшысымен жасалатын жеке еңбек шартына директорлар кеңесінің төрағасы немесе осыған жалпы жиналыс немесе директорлар кеңесі уәкілеттік берген адам қол қояды. Атқарушы органның қалған мүшелерімен жасалатын еңбек шартына атқарушы органның басшысы қол қояды.
Бап 60. 60-бап. Атқарушы орган басшысының өкілеттігі
60-бап. Атқарушы орган басшысының өкілеттігі
Атқарушы органның басшысы:
Тармақша 1
1) акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 3
3) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан өкілдік ету құқығына сенімхат береді;
Тармақша 4
4) қоғам қызметкерлерін (осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады, қоғамның штат кестесіне сәйкес қоғам қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының және айлықақыларына дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, атқарушы орган мен қоғамның ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді қоспағанда, қоғам қызметкерлеріне берілетін сыйлықақы мөлшерін айқындайды;
Тармақша 5
5) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;
Тармақша 6
6) атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттік саласын және жауапкершілікті бөледі;
Тармақша 7
7) қоғам жарғысында және қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 61. 61-бап. Ішкі аудит қызметі
61-бап. Ішкі аудит қызметі
Тармақ 1
1. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері директорлар кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.
Тармақ 3
3. Ішкі аудит қызметі тікелей директорлар кеңесіне бағынады және өз жұмысы туралы оның алдында есеп береді.
Тармақ 4
4. Ішкі аудит қызметі Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес құрылған аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды.
Бап 62. 62-бап. Қоғамның лауазымды адамдары қызметінің принциптері
62-бап. Қоғамның лауазымды адамдары қызметінің принциптері
Тармақ 1
1. Қоғамның лауазымды адамдары:
Тармақша 1
1) өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындайды және қоғам мен акционерлердің мүдделерін мейлінше жоғары дәрежеде көрсететін әдістерді пайдаланады;
Тармақша 2
2) қоғамның мүлкін пайдаланбауға тиіс әрі оны қоғам жарғысына және акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдеріне қайшы пайдалануға, сондай-ақ оны өз мақсаттарына пайдалануға жол бермеуге және өздерінің үлестес тұлғаларымен мәмілелер жасаған кезде асыра пайдаланбауға тиіс;
Тармақша 3
3) тәуелсіз аудит жүргізуді қоса алғанда, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті;
Тармақша 4
4) қоғамның қызметі туралы ақпараттың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ашылуы мен берілуін бақылайды;
Тармақша 5
5) егер қоғамның ішкі құжаттарында өзгеше белгіленбесе, қоғамның қызметі туралы ақпараттың құпиялылығын, оның ішінде қоғамдағы жұмыс тоқтатылған сәттен бастап үш жылдың ішінде сақтауға міндетті.
Тармақ 2
2. Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелері:
Тармақша 1
1) хабардарлық, ашықтық негізінде, қоғамның және оның акционерлерінің мүдделері үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, қоғамның жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкес әрекет етуге;
Тармақша 2
2) барлық акционерлерге әділ қарауға, корпоративтік мәселелер бойынша объективті түрде тәуелсіз ой-пікір білдіруге тиіс.
Бап 63. 63-бап. Қоғамның лауазымды адамдарының жауапкершілігі
63-бап. Қоғамның лауазымды адамдарының жауапкершілігі
Тармақ 1
1. Қоғамның лауазымды адамдары өздерінің іс-әрекеттерінен және (немесе) әрекетсіздігінен келтірілген зиян үшін және қоғамға келтірілген залалдар үшін:
Тармақша 1
1) қателесуге әкеп соқтыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат беру;
Тармақша 2
2) осы Заңда белгіленген ақпарат беру тәртібін бұзу;
Тармақша 3
3) олардың жосықсыз іс-әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі нәтижесінде, оның ішінде олардың не олардың үлестес тұлғаларының қоғаммен осындай мәмілелер жасасу нәтижесінде пайда (табыс) табу мақсатында, қоғамға зиян келтіруге әкеп соқтырған ірі мәмілелерді және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелерді жасасуды ұсыну және (немесе) жасасу туралы шешім қабылдау нәтижесінде келтірілген залалдарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей қоғам мен акционерлер алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген жағдайларда, акционерлердің жалпы жиналысының ірі мәмілелерді және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелерді жасасу туралы шешімдер қабылдауы, егер оларды орындау нәтижесінде қоғамға залал келтірілсе, оларды жасасуды ұсынған лауазымды адамды немесе өзі мүше болып табылатын қоғам органының отырысында, оның ішінде олар не олардың үлестес тұлғалары пайда (табыс) табу мақсатында жосықсыз әрекет еткен және (немесе) әрекет етпеген лауазымды адамды жауаптылықтан босатпайды.
Тармақ 1-1
1-1. Егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде мұндай мүліктің құны оның «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық құнына анық мөлшерлес емес екені дәлелденетін болса, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде қоғам немесе қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын иеленетін (жиынтықта иеленетін) акционер (акционерлер) өз атынан қоғам мүддесінде, жасалуына мүдделілік болған және нәтижесінде қоғам құны өзінің активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алған немесе иеліктен шығарған, лауазымды адамның және (немесе) оның үлестес тұлғаларының пайда (кіріс) алуына алып келген мәмілені қоғамның жасасуы нәтижесінде қоғамда туындаған зиян үшін лауазымды адамды жауаптылыққа тарту туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 2
2. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде қоғам немесе қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иеленетін) акционер (акционерлер) өз атынан лауазымды адамға оның қоғамға келтірген зиянды не залалдарды қоғамға өтеуі туралы, сондай-ақ, егер лауазымды адам жосықсыз әрекет еткен және (немесе) әрекет етпеген болса, қоғамға залал келтіруге әкеп соқтырған ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу туралы шешімдер (жасасуға ұсыныстар) қабылдау нәтижесінде алынған пайданы (табысты) лауазымды адамның және (немесе) оның үлестес тұлғаларының қоғамға қайтаруы туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің негізінде қоғам немесе қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иеленетін) акционер (акционерлер) өз атынан, қоғамның лауазымды адамына және (немесе) үшінші тұлғаға, егер осындай мәмілені жасасу және (немесе) жүзеге асыру кезінде қоғамның осы лауазымды адамы осындай үшінші тұлғамен келісім негізінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, қоғамның жарғысы мен ішкі құжаттарының талаптарын немесе оның еңбек шартын бұза отырып әрекет етсе, қоғамның осы үшінші тұлғамен жасаған мәмілесі нәтижесінде қоғамға келтірілген залалдарды қоғамға өтеуі туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда аталған үшінші тұлға және қоғамның лауазымды адамы қоғамға осындай залалдарды өтеу кезінде ынтымақты борышкерлер ретінде әрекет етеді.
Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иеленетін) акционер (акционерлер) сот органдарына өтініш жасағанға дейін қоғамның лауазымды адамдарының келтірген залалдарды қоғамға өтеуі және ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу туралы шешімдер (жасасуға ұсыныстар) қабылдау нәтижесінде алынған пайданы (табысты) қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының қоғамға қайтаруы туралы мәселені директорлар кеңесінің отырысына шығару туралы талаппен қоғамның директорлар кеңесінің төрағасына жүгінуге тиіс.
Директорлар кеңесінің төрағасы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде директорлар кеңесінің көзбе-көз отырысын шақыруға міндетті.
Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иеленетін) акционердің (акционерлердің) өтініші бойынша директорлар кеңесінің шешімі отырыс өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде оның (олардың) назарына жеткізіледі. Директорлар кеңесінің көрсетілген шешімін алғаннан кейін не оны осы тармақта белгіленген мерзімде алмаса, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иеленетін) акционер (акционерлер) өз атынан аталған мәселе бойынша директорлар кеңесінің төрағасына акционердің өтініш жасағанын растайтын құжаттар болған кезде қоғам мүдделерін қорғау үшін талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 3
3. Мәміленің жасалуына мүдделі және орындау нәтижесінде қоғамға залалдар келтірілген мәміле жасасуды ұсынған лауазымды адамды қоспағанда, қоғамның лауазымды адамдары, егер қоғамның органы қабылдаған, қоғамға не акционерге залалдар келтіруге әкеп соқтырған шешімге қарсы дауыс берсе немесе дәлелді себептермен дауыс беруге қатыспаса, жауаптылықтан босатылады.
Егер лауазымды адамның қоғамның лауазымды адамдары қызметінің осы Заңда белгіленген қағидаттарын сақтай отырып, шешім қабылдау кезінде өзекті (тиісті) ақпарат негізінде тиісінше әрекет еткені және мұндай шешім қоғам мүдделеріне қызмет етеді деп негізді түрде есептегені дәлелденген болса, ол коммерциялық (кәсіпкерлік) шешімнің нәтижесінде туындаған залалдарды өтеуден босатылады.
Тармақ 4
4. Меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласында немесе коммерциялық немесе өзге де ұйымдар қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыстарды жасағаны үшін сот кінәлі деп таныған, сондай-ақ көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған қоғамның лауазымды адамдары заңда белгіленген тәртіппен сотталғандығы жойылған немесе алынған не қылмыстық жауаптылықтан босатылған күннен бастап бес жыл бойы қоғамның лауазымды адамдары, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілі міндеттерін орындай алмайды.
Тармақ 5
5. Егер қоғамның қаржылық есептілігі қоғамның қаржылық жағдайын бұрмаласа, қоғамның осы қаржылық есептілігіне қол қойған қоғамның лауазымды адамдары осының нәтижесінде материалдық зиян келтірілген үшінші тұлғалар алдында жауаптылықта болады.
Тармақ 5-1
5-1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері осы баптың 1-1-тармағында көзделген мәмілені жасасу нәтижесінде туындаған, қоғамға зиян келтірілген жағдайларға қолданылады.
Тармақ 6
6. Осы баптың мақсаты үшін айқындама деп мыналар түсіндіріледі:
жосықсыз іс-әрекет, яғни нәтижесінде қоғамға әдеттегі кәсіпкерлік тәуекелмен қамтылмайтын залалдар келтірілген, қоғамның лауазымды адамдары қызметінің осы Заңда белгіленген қағидаттарын бұза отырып, ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу туралы қоғам мүдделерінен тыс шешім қабылдау (мәміле жасасуды ұсыну);
әрекетсіздік, яғни нәтижесінде қоғамға әдеттегі кәсіпкерлік тәуекелмен қамтылмайтын залалдар келтірілген ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу туралы шешім қабылдау кезінде қоғамның лауазымды адамының қалыс қалуы не дәлелді себепсіз дауыс беруге қатыспауы.
Тарау 6. 6-тарау. Қоғамның үлестес тұлғалары
6-тарау. Қоғамның үлестес тұлғалары
Бап 64. 64-бап. Қоғамның үлестес тұлғасы
64-бап. Қоғамның үлестес тұлғасы
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) iрi акционер;
Тармақша 2
2) қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, осы тармақтың 1), 3) және 8) тармақшаларында аталған жеке тұлғаның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
Тармақша 3
3) қоғамның немесе, тәуелсіз директорды қоспағанда, осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның лауазымды адамы;
Тармақша 4
4) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлғаның бақылауындағы заңды тұлға;
Тармақша 5
5) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлға оған қатысты iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға;
Тармақша 6
6) оған қатысты алғанда қоғам iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға;
Тармақша 6-1
6-1) оған қатысты осы тармақтың 6) тармақшасында аталған заңды тұлға iрi акционері болып табылатын немесе мүлкіндегі тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға;
Тармақша 7
7) қоғаммен бiрге үшiншi тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;
Тармақша 8
8) қоғаммен шарт арқылы байланысы бар, қоғам қабылдайтын шешiмдердi сол шартқа сәйкес айқындауға құқылы тұлға;
Тармақша 9
9) дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның не осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8) және 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың дауыс беретiн акцияларының (ұйымның қатысу үлесінің) он және одан да көп процентiн иеленетiн, пайдаланатын және оларға билiк ететiн тұлға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға қоғамның үлестес тұлғасы болып табылады.
Тармақ 1-1
1-1. Мыналар:
Тармақша 1
1) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
Тармақша 2
2) осы жеке тұлға және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ірі акционері (ірі қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамы болып табылатын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) жеке тұлғаның және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың бақылауында болатын заңды тұлға;
Тармақша 4
4) оған қатысты осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар ірі акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға;
Тармақша 5
5) осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары жеке тұлғаның үлестес тұлғасы болып табылады.
Тармақ 2
2. Тиісті қоғам немесе өзге заңды тұлға қабылдайтын шешімді анықтау мүмкіндігі қоғамға немесе өзге заңды тұлғаға бақылау жасау деп танылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың ережелері коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғамдарға және кредиттік бюроларға қолданылмайды.
Мыналар:
Тармақша 1
1) коммерциялық емес ұйымның немесе кредиттік бюроның ірі акционерлері (қатысушылары) болып табылатын тұлғалар;
Тармақша 2
2) іс-әрекетке қабілетсіз және іс-әрекетке қабілеті шектеулі тұлғалар үлестес тұлғалар болып табылмайды.
Бап 65. 65-бап. Қоғамның лауазымды адамының үлестес
тұлғасы
65-бап. Қоғамның лауазымды адамының үлестес
тұлғасы
Бап 66. 66-бап. Үлестес тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу ерекшеліктері
66-бап. Үлестес тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Үлестес тұлғаларының қатысуымен қоғамның мәмілелер жасасу ерекшеліктері осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленеді.
Тармақ 2
2. Қоғамның үлестес тұлғаларының қатысуымен мәмiле жасасу тәртiбiне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген талаптардың сақталмауы кез келген мүдделi тұлғаның талап қоюы бойынша соттың мәмiленi жарамсыз деп тануына негiз болып табылады.
Тармақ 3
3. Үлестес тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу тәртібіне осы Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып қасақана мәміле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдік немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
Бап 67. 67-бап. Қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді ашу
67-бап. Қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді ашу
Тармақ 1
1. Қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды.
Тармақ 2
2. Қоғам үлестес тұлғаларының есебiн осы тұлғалар немесе орталық депозитарий беретiн мәлiметтер негiзiнде (уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен iрi акционер болып табылатын тұлғаларға қатысты ғана) жүргiзуге мiндеттi.
Қоғамның акционерлерi мен лауазымды адамдарының өз үлестес тұлғалары туралы ақпаратты табыс ету тәртiбi жарғымен белгiленедi.
Тармақ 3
3. Қоғамның үлестес тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үлестестік туындаған күннен бастап жеті күн ішінде өзінің үлестес тұлғалары туралы мәліметті қоғамға табыс етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 7. 7-тарау. Жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген қоғамның мәмілелері
7-тарау. Жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген қоғамның мәмілелері
Бап 68. 68-бап. Ірі мәміле
68-бап. Ірі мәміле
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) нәтижесінде құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;
Тармақша 2
2) нәтижесінде қоғам өзінің орналастырылған бағалы қағаздарын сатып алуы немесе орналастырылған бiр түрдегi бағалы қағаздардың жалпы санының жиырма бес және одан да көп проценті мөлшерінде олардың сатылып алынған бағалы қағаздары сатылуы ықтимал мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;
Тармақша 3
3) қоғамның жарғысында ірі мәміле деп танылатын өзге де мәміле ірі мәміле деп танылады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) белгілі бір мүлікті сатып алуға немесе иеліктен айыруға қатысты белгілі бір тұлғамен не өзара үлестес тұлғалар тобымен жасалатын бірнеше мәміле;
Тармақша 2
2) бір шартпен немесе өзара байланысты бірнеше шартпен ресімделетін мәмілелер;
Тармақша 3
3) жарғымен немесе акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен өзара байланысты мәмілелер деп танылатын өзге де мәмілелер өзара байланысты мәмілелер деп танылады.
Бап 69. 69-бап. Мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің құны
69-бап. Мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің құны
Тармақ 1
1. Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәмілені жасасу туралы шешім Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамалық актісіне сәйкес бағалаушы айқындаған осы мүліктің нарықтық құны ескеріле отырып қабылдануға тиіс.
Егер осындай мәміле нысанасы ақша және (немесе) бастапқы нарықта шығарылатын (орналастырылатын) бағалы қағаздар және (немесе) бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның активтері және (немесе) талап ету құқықтары болса, бағалау жүргізілмейді.
Тармақ 2
2. Егер нарықтық құнын белгілеу қажет болатын мүлік ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүрген бағалы қағаздар болса, олардың нарықтық құнын белгілеу кезінде осындай бағалы қағаздармен мәмілелердің осындай рынокта қалыптасқан бағасы немесе осындай бағалы қағаздарға сұраным мен ұсынымның бағасы есепке алынады. Егер нарықтық құнын анықтау қажет болатын мүлік қоғамның өз акциялары болса, олардың нарықтық құнын белгілеу кезінде қоғамның өзіндік капиталының мөлшері де, қоғамның даму жоспарларына сәйкес оның өзгеру перспективасы мен нарықтық құнды белгілейтін адам маңызды деп санайтын өзге факторлар да есепке алынады.
Тармақ 3
Бап 70. 70-бап. Қоғамның ірі мәміле жасасуы
70-бап. Қоғамның ірі мәміле жасасуы
Тармақ 1
1. Жасасу туралы шешім осы Заңның 36-бабы 1-тармағының
17-1) тармақшасына және 73-бабының 3-1-тармағына сәйкес қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданатын мәмілелерді қоспағанда, қоғамның iрi мәмiлелер жасасуы туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдайды.
Кредиторларға, жұртшылық пен акционерлерге ақпарат беру мақсатында қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешім қабылданған күннен кейiн үш жұмыс күні iшiнде қоғам мәмiле туралы хабарды қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Қоғамның жарғысында iрi мәмiлелердiң тiзбесi, сондай-ақ оларды жасасу тәртiбi белгiленуi мүмкiн, оларды жасасу туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы қабылдайды.
Тармақ 3
3. Осы Заңда және қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған қоғамның iрi мәмiле жасасу туралы шешiмiмен келiспеген жағдайда, акционер өзiне тиесiлi акцияларды қоғамның осы Заңда белгiленген тәртiппен сатып алуын талап етуге құқылы.
Бап 71. 71-бап. Қоғамның мәміле жасасуға мүдделілігі
71-бап. Қоғамның мәміле жасасуға мүдделілігі
Тармақ 1
1. Қоғамның үлестес тұлғалары, егер олар:
Тармақша 1
1) мәміле жасаушы тарап болса немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысса;
Тармақша 2
2) мәміле жасаушы тарап болып табылатын немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысатын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары болса, қоғамның мәміле жасасуына мүдделі тұлғалары (бұдан әрі - мүдделі тұлғалар) деп танылады.
Тармақ 2
2. Мынадай мәмiлелер:
Тармақша 1
1) акционердiң қоғам акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын сатып алуы, сондай-ақ қоғамның орналастырылған өз акцияларын сатып алуы жөнiндегi мәмiле;
Тармақша 2
2) банктiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәлiметтердi жария етпеу туралы мiндеттеме қабылдау жөнiндегi мәмiле;
Тармақша 3
3) қоғамды осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) қоғамның өз үлестес тұлғасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын сатып алу туралы заңдарына сәйкес жасайтын мәмілесі;
Тармақша 5
5) үлгі нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, қоғамның өзінің үлестес тұлғасымен шарт жасасу жасалуына қоғам мүдделi болатын мәмiле болып табылмайды.
Бап 72. 72-бап. Қоғамның мәміле жасасуына мүдделілік туралы ақпарат
72-бап. Қоғамның мәміле жасасуына мүдделілік туралы ақпарат
Осы Заңның 71-бабының 1-тармағында аталған тұлғалар:
Тармақша 1
1) үш жұмыс күні ішінде, олардың мәмiле тараптары болып табылатындығы немесе оған өкiл немесе делдал ретiнде қатысатындығы туралы;
Тармақша 2
2) өздерімен үлестес заңды тұлғалар туралы, оның ішінде дербес немесе өздерінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта, дауыс беретін акциялардың (үлестердің, пайлардың) он және одан да көп процентін иеленетін заңды тұлғалар туралы және органдарында өздері қызмет атқаратын заңды тұлғалар туралы;
Тармақша 3
3) өздері мүдделі тұлғалар болып танылуы мүмкін, өздеріне белгілі жасалған немесе ықтимал мәмілелер туралы ақпаратты директорлар кеңесінің назарына қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен жеткізуге міндетті.
Бап 73. 73-бап. Мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілені жасасу тәртібіне қойылатын талаптар
73-бап. Мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілені жасасу тәртібіне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiм, осындай мәміленің үлгілік шарттарын қоғамның директорлар кеңесі бекіткен жағдайларды қоспағанда, оның жасалуына мүдделi емес директорлар кеңесi мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
Тармақ 2
2. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәміленi жасасуы туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы:
Тармақша 1
1) қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi тұлғалар болып табылған;
Тармақша 2
2) шешiм қабылдауға қажеттi дауыстар саны болмауына орай, директорлар кеңесiнiң мұндай мәмiленi жасасу туралы шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi болмаған жағдайларда оның жасалуына мүдделi емес акционерлердiң көпшiлiк даусымен қабылдайды.
Тармақ 3
3. Егер қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi және жай акцияларды иеленетін барлық акционерлер мүдделi адамдар болып табылған және (немесе) директорлар кеңесі шешім қабылдауға қажетті дауыс санының болмауы себебінен мұндай мәмілені жасасу туралы шешім қабылдай алмаған жағдайларда, мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiмді акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылдайды.
Бұл ретте акционерлердің жалпы жиналысына негізделген шешімді қабылдауға қажетті ақпарат (құжаттарымен қоса) беріледі.
Егер қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi адамдар болып табылған және (немесе) директорлар кеңесі шешім қабылдауға қажетті дауыс санының болмауы себебінен мұндай мәмілені жасасу туралы шешім қабылдай алмаған жағдайларда, мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiмді жалғыз акционер немесе қоғамның барлық дауыс беретін акцияларын иеленетін адам қабылдайды.
Тармақ 3-1
3-1. Жасалуына мүдделілік бар iрi мәмiлені қоғамның жасасуы туралы шешiм акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
Тармақ 4
Бап 74. 74-бап. Қоғамның жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген мәмілелер жасасуының салдары
74-бап. Қоғамның жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген мәмілелер жасасуының салдары
Тармақ 1
1. Ірі мәмілені және жасалуына мүдделілік болған мәмілені жасасу кезінде осы Заңда көзделген талаптарды сақтамау, сондай-ақ өзге де мәмілелерді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жасасу осы мәмілелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп тануға алып келуі мүмкін.
Егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде сатып алынған немесе иеліктен шығарылған мүліктің құны оның «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық құнына анық мөлшерлес емес екені дәлелденетін болса, жасалуына мүдделілік болған, нәтижесінде қоғам құны өзінің активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алған немесе иеліктен шығарған, лауазымды адамның және (немесе) оның үлестес тұлғаларының пайда (кіріс) алуына алып келген және жасалуы нәтижесінде қоғамға зиян келтірілген мәміле қоғамның дауыс беретін акцияларының бес немесе одан көп пайызын иеленетін (жиынтығында иеленетін) акционердің (акционерлердің) талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Мәміле жасасудың осы Заңда көзделген тәртібіне қойылатын талаптарын, сондай-ақ лауазымды адамдар қызметінің қағидаттарын бұза отырып қоғаммен мәміле жасалуына мүдделі тұлға қоғам алдында өзінің қоғамға келтірген залалы мөлшерінде жауапты болады. Мәмілені бірнеше тұлға жасаған жағдайда олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі ортақ болады.
Тармақ 3
3. Осы Заңда және қоғамның жарғысында белгіленген талаптарды бұза отырып қасақана ірі мәміле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдік немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
Тармақ 3-1
3-1. Ірі мәмілені және (немесе) жасалуында мүдделілік болған мәмілені жасау кезінде осы Заңда белгіленген тәртіпті және (немесе) шарттарды сақтамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 4
4. Осы тараудың 70 және 73-баптарының талаптары осы Заңда жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген, ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін ұйымдардың арасында "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.
Тарау 8. 8-тарау. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті
8-тарау. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті
Бап 75. 75-бап. Қоғамның қаржылық есептілігі
75-бап. Қоғамның қаржылық есептілігі
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР 28.02.2007 № 235 Заңымен.
Тармақ 2
2. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық есептілігін жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен белгіленеді.
Бап 76. 76-бап. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі
76-бап. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі
Тармақ 1
1. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердiң жалпы жиналысына талқылау және бекiту үшiн аудитi Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөнiндегi заңдарына сәйкес жасалған өткен жылғы жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi. Атқарушы орган қаржылық есептiлiктен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есептi табыс етедi.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 28.02.2007 № 235 Заңымен.
Тармақ 3
3. Жылдық қаржылық есептілікті директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетін күнге дейін отыз күннен кешіктірмей алдын ала бекітуге тиіс.
Қоғамның
аудиттелген
жылдық қаржылық есептілігін түпкілікті бекіту акционерлердің жылдық жалпы жиналысында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Қоғам шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiктi, ал еншiлес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiктi және аудиторлық есептi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен және мерзiмдерде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жыл сайын жариялауға мiндеттi.
Iрi мәмiле және (немесе) мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiле туралы ақпарат қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбада жария етiледi, сондай-ақ осы Заңда және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізіледі. Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәміле туралы ақпаратта мәміленің тараптары, мәміленің мерзімдері мен талаптары, тартылған адамдардың қатысу үлесінің сипаты мен көлемі туралы, сондай-ақ мәміле туралы өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
Бап 77. 77-бап. Халықтық акционерлік қоғамның уәкілетті
органға қаржылық есептілікті табыс ету
тәртібі
77-бап. Халықтық акционерлік қоғамның уәкілетті
органға қаржылық есептілікті табыс ету
тәртібі
Бап 78. 78-бап. Қоғамның аудиті
78-бап. Қоғамның аудиті
Тармақ 1
1. Сот банкрот деп таныған қоғамды, сондай-ақ уәкілетті орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, қоғам жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті.
Тармақ 2
2. Қоғамға аудит директорлар кеңесінің, атқарушы органның бастамасы бойынша қоғам есебінен не ірі акционердің талап етуі бойынша оның есебінен жүргізіледі, бұл ретте iрi акционер аудиторлық ұйымды дербес анықтауға құқылы. Iрi акционердiң талап етуi бойынша аудит жүргiзiлген жағдайда, қоғам аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажеттi құжаттаманы (материалдарды) беруге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Егер қоғамның атқарушы органы қоғамға аудит жүргізуден жалтарса, аудит кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешімімен тағайындалуы мүмкін.
Тарау 9. 9-тарау. Қоғамның ақпаратты жария етуі. Қоғамның құжаттары
9-тарау. Қоғамның ақпаратты жария етуі. Қоғамның құжаттары
Бап 79. 79-бап. Қоғамның ақпаратты жария етуі
79-бап. Қоғамның ақпаратты жария етуі
Қоғам «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органың нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интернет-ресурсында жария етуге міндетті.
Бап 80. 80-бап. Қоғамның құжаттары
80-бап. Қоғамның құжаттары
Тармақ 1
1. Қоғам өз қызметіне қатысты қоғам құжаттарын өз қызметінің бүкіл мерзімі бойы электрондық нысанда және (немесе) қағаз жеткізгіште қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде немесе оның жарғысында айқындалған өзге де жерде сақтауға тиіс.
Мына құжаттар:
Тармақша 1
1) қоғамның жарғысы, қоғам жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
Тармақша 2
2) құрылтай жиналысының хаттамалары;
Тармақша 3
3) құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі), құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
Тармақша 4
4) алынып тасталды - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 5
5) алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен;
Тармақша 6
6) қоғамның белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір әрекеттер (операциялар) жасауына рұқсаттар;
Тармақша 7
7) қоғамның өз балансында тұратын (тұрған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар;
Тармақша 8
8) қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектілері;
Тармақша 9
9) қоғамның бағалы қағаздар шығаруын мемлекеттік тіркеуді, бағалы қағаздардың күшін жоюды растайтын құжаттар, сондай-ақ қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру мен өтеу қорытындылары туралы уәкілетті органға табыс еткен есептерін бекіту;
Тармақша 10
10) қоғамның филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;
Тармақша 11
11) акционерлердің жалпы жиналыстарының хаттамалары, дауыс беру қорытындылары туралы хаттамалар мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), акционерлердің жалпы жиналыстарының күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар;
Тармақша 12
12) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін табыс етілген акционерлер тізімі;
Тармақша 13
13) директорлар кеңесі отырыстарының (сырттай өткізілген отырыстар шешімдерінің) хаттамалары мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі осы Заңға, қоғамның жарғысына және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес акционерлердің құқықтарын қозғайтын мәселелер бойынша материалдар;
Тармақша 14
14) атқарушы орган отырыстарының (шешімдерінің) хаттамалары;
Тармақша 15
15) бар болған жағдайда, корпоративтік басқару кодексі сақталуға тиіс.
Тармақ 2
2. Өзге құжаттар, оның ішінде қоғамның қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады.
Тармақ 3
3. Акционердің талабы бойынша қоғам оған осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құжаттардың көшірмесін қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен, бірақ қоғамға осындай талап келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей беруге міндетті, бұл ретте қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге жол беріледі.
Құжаттардың көшірмелерін беру үшін төленетін ақы мөлшерін қоғам белгілейді және ол құжаттардың көшірмелерін дайындауға жұмсалған шығыстар құны мен құжаттарды акционерге жеткізіп беруге байланысты шығыстарды төлеу ақысынан аспауы керек.
Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат қамтылған бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және айырбастаудың жекелеген мәселелерін регламенттейтін құжаттар оның талабы бойынша танысу үшін акционерге берілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Қоғам мынадай жағдайлардың кемінде біреуі болған:
Тармақша 1
1) акционер талап қойған күнге сұратылған құжаттың электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған;
Тармақша 2
2) акционердің құжат беру туралы бірінші талабын қоғам толық көлемде орындаған жағдайда, ол соңғы үш жыл ішінде қайта сұратылған;
Тармақша 3
3) орындалуы акционердің талаппен жүгінген күні жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (талаппен жүгінген күнге дейін үш жылдан астам) өткен кезеңдеріне жататын;
Тармақша 4
4) орындалуы тұлғаның қоғам акцияларын иелену кезеңінде жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (тұлға қоғам акцияларына ие болған күнге дейін он екі айдан астам) өткен кезеңдеріне (бұл норма қоғамға жүгінген күнге дейінгі он екі айдан кейін қоғам акционерлері болған тұлғаларға қолданылады) жататын кезде, осы баптың 3-тармағында аталған акционердің талабы қоғамға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей құжаттардың көшірмесін беруден бас тартуға құқылы.
Тарау 10. 10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату
10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату
Бап 81. 81-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру
81-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, біріктіру, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қоғам бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылатын қоғамның кредиторлары осы қоғам борышкер болып табылатын міндеттеменің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және залалдардың өтелуін талап етуге құқылы.
Тармақ 3
3. Егер қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда өз қызметін тоқтатса, оның акциялары шығарылымының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күші жойылуға тиіс.
Бап 82. 82-бап. Қоғамдардың бірігуі
82-бап. Қоғамдардың бірігуі
Тармақ 1
1. Екi немесе бiрнеше қоғамның өз қызметiн тоқтатып, бiрiгу туралы шарттың негiзiнде және өткiзу актiлерiне сәйкес өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтарын және мiндеттерiн беру арқылы жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бiрiгуi деп танылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдарды бiрiктіру жолымен құрылатын қоғамның жарғылық капиталы қайта ұйымдастырылатын бір қоғамның инвестициялары қайта ұйымдастырылатын басқа қоғамға шегеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың өз капиталдарының сомасына тең болады.
Тармақ 3
3. Құрылған қоғамның акциялары қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акционерлерi арасында мынадай тәртiппен орналастырылады:
Тармақша 1
1) құрылған қоғамның әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерi арасында орналастырылатын жарияланған акцияларының саны сол қоғамдардың өз капиталдарының арақатынасына сүйене отырып айқындалады;
Тармақша 2
2) әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында бөлiнетiн, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын акциялар саны әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында олардың қолында болған қайта ұйымдастырылатын қоғам акциялары санының осы қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.
Тармақ 3-1
3-1. Негізгі ұйым мен орналастырылған акцияларының жүз пайызын негізгі ұйым иеленетін еншілес ұйым біріккен жағдайда, құрылған қоғамның акциялары негізгі ұйым акционерлері арасында орналастырылады.
Тармақ 4
4. Қайта ұйымдастырылатын әрбiр қоғамның директорлар кеңесi бiрiгу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және оларды орналастыру тәртiбi туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына ұсынады.
Тармақ 5
5. Бiрiгу туралы шешiм қайта ұйымдастырылатын қоғамдар акционерлерiнiң бiрлескен жалпы жиналысында әрбiр жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады. Акционерлердiң жалпы жиналысының осы шешiмiнде:
Тармақша 1
1) қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, акцияларды орналастыру тәртiбi туралы мәлiметтер және бiрiгудiң өзге де талаптары көрсетiлетiн бiрiгу туралы шартты бекiту туралы ереже;
Тармақша 2
2) бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы ереже болуға тиiс.
Тармақ 6
6. Бiрiгу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың барлық акционерлерi қол қоюға тиiс.
Өткiзу актiсiне атқарушы органдардың басшылары мен қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың бас бухгалтерлерi қол қояды.
Тармақ 7
7. Қайта ұйымдастырылатын қоғамдар өздерiнiң барлық кредиторларына қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi.
Бап 83. 83-бап. Қоғамның біріктірілуі
83-бап. Қоғамның біріктірілуі
1. Қосылатын қоғамның қосылу туралы шарт негізiнде және өткізу актiсiне сәйкес қосылатын қоғамның бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн басқа қоғамға бере отырып, қызметiн тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға қосылуы деп танылады. Қосылу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары қол қоюға тиіс. Өткізу актісіне қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органының басшылары және бас бухгалтерлері қол қоюға тиіс.
Қосылу жүзеге асырылатын қоғам өз акцияларын қосылатын қоғамның акционерлеріне осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын, қосылатын қоғам акцияларының сатылу бағасының қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына арақатынасына пропорционалды түрде орналастыру (өткізу) арқылы қосылатын қоғамның акцияларын сатып алады.
Қосылатын қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейiн көрсетілген акциялар жойылады.
Тармақ 2
2. Біріктірілетін қоғам акцияларын сату бағасы біріктірілетін қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларға арақатынасына қарай айқындалады.
Біріктіру жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының санына арақатынасына сүйене отырып айқындалады.
Еншілес ұйымының орналастырылған акцияларының жүз пайызы тиесілі негізгі ұйым акционерлерінің (жалғыз акционері) жалпы жиналысы жарғылық капиталын ұлғайтпай өзіне еншілес ұйымды біріктіру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 3
3. Біріктірілетін қоғамның директорлар кеңесi біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру туралы, біріктірілетін қоғамның акцияларын сату тәртiбi, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына шығарады.
Біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның директорлар кеңесi өзiне басқа қоғамды біріктіру нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, акцияларды орналастыру (өткiзу) тәртiбi, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының шешуiне енгiзедi.
Тармақ 4
4. Қосылу туралы шешім қосылу жүзеге асырылатын қоғам мен қосылатын қоғам акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында әрбір жеке қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен қабылданады.
Акционерлердің бірлескен жалпы жиналысының қосылу туралы шешімінде қосылуға қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жері, қосылатын қоғам акцияларының сатылу бағасы, қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы туралы мәліметтер, қосылудың өзге де шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.
Тармақ 5
5. Қосылатын қоғам, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғам өздерiнiң барлық кредиторларына қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi.
Кредиторларға жазбаша хабарламалар жіберу туралы талап банктерді қосылу нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларына қолданылмайды. Өздерінің біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы ақпарат кредиторларды өткізу актісімен таныстыру уақыты, орны және тәртібі көрсетіле отырып, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
Тармақ 6
6. Банктерді біріктіру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде осы баптың біріктірілетін қоғамның акцияларын сату бағасына және оған біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына қатысты ережелері (оның ішінде қоғам органдарының осы бағаларды айқындауы, қарауы және бекітуі жөніндегі ережелер) қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Біріктірілетін қоғам акцияларын сату бағасына және біріктірілу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (сату) бағасына қатысты осы баптың ережелері (оның ішінде біріктірілетін қоғамның акцияларын сатып алу жөніндегі ережелер) еншілес ұйымның орналастырылған акцияларының жүз пайызын иеленетін негізгі ұйымға еншілес ұйымды біріктіру кезінде қолданылмайды.
Бап 84. 84-бап. Қоғамның бөлінуі
84-бап. Қоғамның бөлінуі
Тармақ 1
1. Қоғамның жаңадан пайда болатын қоғамдарға өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның бөлiнуi деп танылады. Бұл орайда бөлiнетiн қоғамның құқықтары мен мiндеттерi бөлiну балансына сәйкес жаңадан пайда болатын қоғамдарға ауысады.
Қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталдарының сомасы қайта ұйымдастырылатын қоғамның өз капиталының мөлшерiне тең болады.
Тармақ 2
2. Қайта ұйымдастырылған акционерлiк қоғамның барлық акционерлерi қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған қоғамдардың әрқайсысының акционерлерi болып табылады.
Қоғамдардың бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акциялар осы қоғамдардың акционерлерi арасында қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерге тиесiлi акциялары санының қайта ұйымдастырылатын қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.
Тармақ 3
3. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiнiп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары және бөлiну балансын бекiту туралы мәселелердi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізедi.
Тармақ 4
4. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бөлiну нысанында қайта ұйымдастыру, бөлiну тәртiбi мен талаптары туралы, бөлiну балансын бекiту туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 5
5. Қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiну туралы шешiм қабылдаған күннен кейін екi ай мерзiмде өздерiнiң барлық кредиторларына бөлiну туралы жазбаша хабарлама жiберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi.
Бап 85. 85-бап. Қоғамның бөлініп шығуы
85-бап. Қоғамның бөлініп шығуы
Тармақ 1
1. Қайта ұйымдастырылатын қоғам қызметiн тоқтатпай, оның мүлкiнiң, құқықтары мен мiндеттерiнiң бiр бөлiгiн бөлiну балансына сәйкес бере отырып, қоғамның бiр немесе бiрнеше қоғам құруы қоғамның бөлiнiп шығуы деп танылады.
Бөлiнiп шығу кезiнде қайта ұйымдастырылатын қоғамның жарғылық капиталы кемiтілуге жатпайды.
Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамдарды әділет органдарында немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тiркеу жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның жалғыз құрылтайшысы болып табылады.
Бөлiнiп шыққан қоғамның жарғылық капиталының мөлшерi қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiну балансына сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады және ол осы Заңның 11-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Тармақ 4
4. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiніп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары туралы мәселелердi, сондай-ақ бөліну балансының жобасын акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізеді.
Тармақ 5
5. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру, бөлініп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы, бөлініп шығу тәртібі мен талаптары туралы және бөлiну балансын бекiту туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 6
6. Қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiнiп шығу туралы шешiм қабылдаған күннен кейін екi ай мерзiмде өздерiнiң барлық кредиторларына бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi.
Бап 86. 86-бап. Қоғамды қайта құру
86-бап. Қоғамды қайта құру
Тармақ 1
1. Қоғам (акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымды қоспағанда) шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы, қайта құрылатын қоғамның барлық құқықтары мен мiндеттерi өткiзу актiсiне сәйкес оған ауысады.
Қоғам «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғары ғылыми ұйым нысанындағы коммерциялық емес ұйым, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымы, сондай-ақ
«Астана Хаб» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуға құқылы.
Тармақ 2
2. Қайта құрылатын қоғамның директорлар кеңесі қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртібі туралы мәселені акционерлердің жалпы жиналысының қарауына енгізеді. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушының қатысу үлесi немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң пайы осы қатысушының қайта құрылатын қоғамда ие болған қоғам акциялары санының қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санына арақатынасына барабар айқындалады.
Шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің жарғылық капиталының мөлшері қайта ұйымдастырылатын қоғам өткізу актісіне сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Тармақ 3
3. Қайта құрылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртібі туралы шешім қабылдайды және өткізу актісін бекітеді.
Тармақ 4
4. Қайта құру кезінде құрылатын жаңа заңды тұлғаның қатысушылары өздерінің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оның құрылтай құжаттарын бекіту және органдарын сайлау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 5
5. Акциялар шығарылымының күші жойылған күні орталық депозитарий жасаған акционерлер тізіміне енгізілген тұлғалар акционерлік қоғамнан қайта құрылған жаңа заңды тұлғаның қатысушылары болады.
Бап 87. 87-бап. Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы сот шешімін орындамаудың салдары
87-бап. Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы сот шешімін орындамаудың салдары
Тармақ 1
1. Егер қоғамның сот шешімі бойынша бөліну немесе бөлініп шығу нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органдары қайта ұйымдастыруды осындай шешімде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот біліктілік талаптарына сай келетін сенімгер басқарушы тағайындайды және оған бөліну немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруды тапсырады.
Тармақ 2
2. Сенімгер басқарушы тағайындалған кезден бастап оған директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысының осы Заңның 84 және 85-баптарында көзделген қайта ұйымдастыру талаптарын айқындау жөніндегі өкілеттіктері ауысады.
Тармақ 3
3. Қоғам атынан әрекет жасайтын сенімгер басқарушы бөліну балансын жасайды және оны бөліну немесе бөлініп шығу нәтижесінде құрылған қоғамдардың жалпы жиналысында бекітілген құрылтай құжаттарымен бірге соттың қарауына береді. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қоғамдарды мемлекеттік тіркеу сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Бап 88. 88-бап. Қоғамды тарату
88-бап. Қоғамды тарату
Тармақ 1
1. Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кредиторлармен келісімдер бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін белгілейтін акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қоғамды мәжбүрлеп таратуды сот жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, қоғамды тарату туралы талапты мүдделі тұлғалар сотқа ұсынуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Соттың немесе жалпы жиналыстың қоғамды тарату туралы шешімімен тарату комиссиясы тағайындалады.
Тарату комиссиясы қоғамның таратылуы кезеңінде оны басқару және тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-әрекет жасау жөніндегі өкілеттіктерге ие болады.
Ерiктi тарату кезiнде тарату комиссиясының құрамына қоғам кредиторларының өкілдері, ірі акционерлердің өкілдері, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес өзге де адамдар енгізілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Тармақ 5
5. Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.
Бап 89. 89-бап. Таратылатын қоғамның мүлкін акционерлер арасында бөлу
89-бап. Таратылатын қоғамның мүлкін акционерлер арасында бөлу
Тармақ 1
1. Таратылатын қоғамның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін акционерлер арасында бөлуді тарату комиссиясы мынадай кезектілікпен жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) бірінші кезекте - осы Заңға сәйкес сатып алынуға тиіс болатын акциялар бойынша төлемдер;
Тармақша 2
2) екінші кезекте - артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу;
Тармақша 3
3) үшінші кезекте - жай акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу.
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 2005.07.08. № 72
Заңымен;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 2005.07.08. № 72 Заңымен.
Қалған мүлік
ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы,
осы Заңның 13-бабы 2-тармағының талаптары ескерiле отырып, барлық акция
иелерінің арасында оларға тиесілі акциялардың санына қарай бөлінеді.
Таратылатын қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, осы акционерге төленуге жататын ақша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.
Тармақ 2
2. Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
Егер таратылатын қоғамның мүлкі есептелген, бірақ төленбеген дивидендтерді төлеуге және артықшылықты акциялардың құнын өтеуге жеткіліксіз болса, аталған мүлік түгелдей осы санаттағы акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың санына қарай бөлінеді.
Тарау 11. 11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
Бап 90. 90-бап. Өтпелі ережелер
90-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған қоғамдар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзуге және қоғамның жарғылық капиталының мөлшерiн осы Заң қолданысқа енгiзiлген күнге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге ала отырып, осы Заңның 10-бабына сәйкес келтiруге не қоғамды қайта ұйымдастыруға немесе оны таратуға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Қоғам осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату не оны қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру туралы сотқа өтiнiш беруге құқылы.
Тармақ 3
3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін акциялар ұстаушылардың тізілімін жасауды, жүргізуді және сақтауды дербес жүзеге асырған қоғам осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде қоғамның тіркеушісін сайлау туралы шешім қабылдап, оған қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесін құрайтын құжаттарды беруге міндетті.
Бап 91. 91-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
91-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. "Акционерлік қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 223-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; N 24, 1072-құжат; 2001 ж., N 23, 321-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат) күші жойылды деп танылсын.