Об утверждении Правил осуществления анализа эффективности применения налоговых льгот Күшін жойған
Басқа 0
Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 11-бабына сәйкес әзірленді және салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) салықтық жеңілдіктер – салық ауыртпалығын төмендету мақсатында салық төлеушілерге мөлшерлемені төмендету, бір немесе бірнеше салықты төлеуден толық босату, салық салынатын базадан шегерімдер, түзетулер түрінде салық заңнамасының нормаларына сәйкес берілген артықшылықтар;
Тармақша 2
2) салық шығыстары – Салық кодексінің нормаларына сәйкес салық төлеушілерді қолдау және дамыту мақсатында оларға берілген жеңілдіктерге негізделген республикалық және жергілікті бюджеттердің алынбаған (жіберіп алынған) кірістерінің көлемі;
Тармақша 3
3) стандартты салықтық жеңілдіктер – халықаралық практикаға сәйкес келетін және оларды қолданбаса, тиісті салалардағы қаржы-экономикалық операциялар өзінің орындылығын жоғалтатын жеңілдіктер;
Тармақша 4
4) ынталандырушы жеңілдіктер – экономика салаларын немесе салық төлеушілер санаттарын дамытуға бағытталған жеңілдіктер.
Тарау 2. 2-тарау. Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) жыл сайын, ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей салық саясаты саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) салалар, санаттар және салықтар бөлінісінде салық шығыстары бойынша деректерді ұсынады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган алынған деректердің негізінде салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігіне талдау жүргізуді талап ететін салықтық жеңілдіктерді айқындайды.
Стандартты салықтық жеңілдіктер салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігіне талдау жүргізудің нысанасы болып табылмайды.
Қажет болған жағдайда уәкілетті орган қосымша деректер алу үшін Комитетке және мүдделі орталық мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді.
Тармақ 5
5. Салық шығыстарының мөлшері, саланың басымдығы немесе даму көрсеткіштері талдау үшін салықтық жеңілдіктерді іріктеу өлшемшарттары болып табылады. Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдау үш жылдан астам қолданыстағы салықтық жеңілдіктер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Комитет және мүдделі орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органның сұрау салуы келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде сұрау салынған деректерді уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 7
7. Орталық мемлекеттік органдар тиісті ақпаратты ұсынған кезде:
Тармақша 1
1) жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық саясат мақсаттарының мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес келуі;
Тармақша 2
2) көрсеткіштердің өсуі (жұмыс орындарының саны, өндірілетін өнімнің (ұсынылған көрсетілетін қызметтердің) көлемі, бюджетке төленген салықтардың, жылдық жиынтық кірістің сомасы және өзгелер);
Тармақша 3
3) салықтық жеңілдіктің қажеттігі (жеңілдіктерге құқықты пайдаланған салық төлеушілер санының салық төлеушілердің жалпы санына арақатынасы) бойынша ақпаратты да ұсынады.
Тармақ 8
8. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органға салықтық жеңілдіктерді алып тастау туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 9
9. Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігіне талдау жүргізу үшін мынадай әдістер пайдаланылады:
өнім өндірісіне жұмсалатын шығыстардың өсуінің оң мультипликативтік әсерін және салықтық жеңілдіктер беруден мемлекеттік шығыстардың қысқаруының өсуінің теріс мультипликативтік әсерін есептеу үшін жалпы тепе-теңдіктің динамикалық моделі;
арнайы экономикалық аймақтарда, индустриялық аймақтарда, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында жұмыс істейтін және әртүрлі салықтардың түрлері бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алатын кәсіпорындарға берілген салықтық жеңілдіктерді талдауға арналған микросимуляциялық (кәсіпкерлік субъектілері деңгейінде) модельдер және басқа да әдістер.
Тарау 3. 3-тарау. Жүргізілген талдау қорытындылары
3-тарау. Жүргізілген талдау қорытындылары
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган жүргізілген талдау қорытындылары бойынша cалықтық жеңілдіктердің мөлшерін (мерзімін) алып тастау/қысқарту туралы ұсыныс әзірлеу кезінде ұсынысты Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің (бұдан әрі – Консультациялық кеңес) қарауына шығарады.
Тармақ 11
11. Консультациялық кеңес уәкілетті орган ұсынған материалдар мен ұсыныстарды қарайды және мынадай ұсыныстардың бірін:
Тармақша 1
1) салықтық жеңілдікті сақтау немесе ұзарту туралы;
Тармақша 2
2) салықтық жеңілдікті алып тастау немесе мөлшерін (мерзімін) қысқарту туралы ұсыныс береді.
Тармақ 12
12. Консультациялық кеңестің салықтық жеңілдікті алып тастау немесе мөлшерін қысқарту туралы ұсынымдары уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасы тұжырымдамасын әзірлеуі үшін негіз болып табылады.
________________________