Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Қушоқы кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қушоқы кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қушоқы кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Каламкас Меерхановна Абдрасимова тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.