Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29 бабының 2 тармағына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша облыстық комиссия отырысының 2021 жылғы 14 наурыздағы №4 хаттамасының негізінде, Түркістан облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2021 жылдың 13 наурызынан бастап Түркістан облысы Арыс, Кентау қалалары және Бәйдібек, Ордабасы, Отырар аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Ш.Жетпісбай тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім 2021 жылдың 13 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.