Об утверждении правил применения поощрений государственных служащих аппарата акима и местных исполнительных органов города Приозерск Күшін жойған
Басқа 0
Приозерск қаласы әкімінің аппараты
және жергілікті атқарушы органдарының
мемлекеттік қызметшілеріне
көтермелеулерді қолдану
қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңдарына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Приозерск қаласы әкімінің аппараты және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Приозерск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдары осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Приозерск қаласы әкімінің аппараты және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидасы
Приозерск қаласы
әкімдігінің
2021 жылғы 16
наурыздағы
№ 10/30
қаулысымен бекітілген
Приозерск қаласы әкімінің аппараты және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидасы
Тармақ 1
1. Приозерск қаласы әкімінің аппараты (бұдан әрі - Аппарат) және жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - ЖАО) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабына сәйкес әзірленді және Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілеріне келесі көтермелеулер қолданылады:
Тармақша 1
1) біржолғы ақшалай сыйақы;
Тармақша 2
2) алғыс жариялау;
Тармақша 3
3) Құрмет грамотасымен марапаттау;
Тармақша 4
4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
Тармақ 3
3. Нақ сол ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылады.
Тармақ 4
4. Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.
Тармақ 5
5. Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу құрамы Приозерск қаласының әкімімен бекітілетін комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін ай сайын бір жолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақы төлемі Аппарат пен ЖАО-ның бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар міндеттерді орындағаны және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілері комиссия ұсынымдары негізінде Приозерск қаласы әкімінің өкімімен біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
Тармақ 8
8. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізгені, аса маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілері Приозерск қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталады.
Тармақ 9
9. Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілерін Приозерск қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттаумен көтермеленуді есепке алуды қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүргізеді.
Тармақ 10
10. Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің өзге нысандары Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:
Тармақша 1
1) тәртіптік жазалары алынбаған;
Тармақша 2
2) сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;
Тармақша 3
3) «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері оларға қатысты ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеру жүргізуі кезеңінде;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік мекемеде бір айдан кем жұмыс істегендер.