О проведении трехмесячника по санитарной очистке и благоустройству населенных пунктов области Қолданыста
Басқа 0
Облыстық елді мекендерді санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі үшайлықты өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Халықтың денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 жарлығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 1 сәуірден бастап, 1 шілдеге дейін облыстық елді мекендерді санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі үшайлык өткізілсін.
Тармақ 2
2. 1 қосымшаға сәйкес, облыстық елді мекендерді санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі үшайлықтың қорытындыларын шығару жөнінде облыстық комиссия құрамы;
2 косымшаға сәйкес, облыстық елді мекендерді санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі үшайлықты өткізу бойынша іс-шаралар жоспары;
3 қосымшаға сәйкес, облыстық елді мекендерді санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі үшайлықтың қорытындыларын шығару ережелері бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қала, аудан, ауылдық округтердің әкімдері үшайлықты өткізу жөнінде тиісті іс-шаралар әзірлесін.
Тармақ 4
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына баспасөз, радио және теледидарда үшайлықты өткізу барысын жүйелі жариялап отыру, ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Қаржы департаменті үшайлық қорытындыларды шығару жөнінде облыстық комиссияның хаттамасына сәйкес көркейту жөніндегі үшайлықтың жеңімпаздарына сыйлық беру үшін облыс әкімдігінің қаржы резерві есебінен 1800 мың. теңге бөлсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау облыс әкімінің орынбасары С.В.Развинге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 8. Комиссия мүшелері:
Облыс әкімдігінің
2003 жылғы 14 сәуірдегі № 83
қаулысына 1 қосымша
"Облыстық елді мекендерді
санитарлык тазарту және
көркейту жөніндегі үшайлықты өткізу
туралы"
Облыстық елді мекендерді санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі үшайлықтың қорытындыларын шығару жөнінде облыстық комиссияның құрамы:
Развин Сергей Владимирович - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Комиссия мүшелері:
Бекжанов Жамбыл Ілесбекүлы - облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Есенеев Қайырғали Қапезүлы - облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Бондаренко Владимир Иванович - облыстық ішкі істер басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Дмитрик Николай Иванович - "Северводхоз" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
Кәрібаев Қайрат Қалелханүлы - жергілікті автомобильдік басқарманың бастығы
Көтербеков Дулат Қазезтайүлы - Петропавл қаласы әкімінін орынбасары
Мұсабаев Марат Шамшәріпүлы - облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы (келісім бойынша)
Перепечина Ольга Валентиновна - қаржы департаментінің бастығы
Пересыпкин Иван Петрович - облыс әкімінің сәулет, құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым департаментінің бастығы
Сюникаев Рашид Абдолұлы - облыс әкімінің ауыл шаруашылық, ауыл шаруашылық өнімін сатып алу және ұқсату департаментінің бастығы
Шақшақбаев Вадим Шамильевич - облыс әкімінің индустрия және кәсіпкерлікті қолдау департаментінің бастығы
Басқа 9
Облыс әкімдігінің
2003 жылғы 14 сәуірдегі № 83
қаулысына 2 қосымша
"Облыстық елді мекендерді
санитарлық тазарту және
көркейту жөніндегі үшайлыкты
өткізу туралы"
Облыстық елді мекендерді санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі үшайлықты өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары
Тармақ 1
1. Елді мекендердің көшелерін тазарту, тұрғын үй, кәсіпорын және ұйымдардың жанындағы және аула ішіндегі аумақтарды қыста жиналған қоқыстар мен басқа қалдықтардан тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Қала, аудан, ауылдық округтердің әкімдері
Үшайлық ішінде
Тармақ 2
2. Үй құрылысы, қоғамдық, өндірістік және басқа ғимараттардың фасадтарын, тұрғын үй, кәсіпорындар жөне ұйымдардың қоршаулары мен дуалдарын ретке келтіру үшін қажетті шаралар қолдану.
Қала, аудан, ауылдық округтердің әкімдері
Үшайлық ішінде
Тармақ 3
3. Сумен жабдықтау және су өткізгіш объектілердің санитарлық гигиеналық жағдайларын жақсарту жөнінде іс-шаралар кешенін өткізу, оларды тиісті жағдайға келтіру (су құбырлары мен канализациялардың тазартқыш құрылғылары, насос станциялары, су запастарының резервуарлары, су қысымды мұнаралар, жер асты су тартқыштары, құдықтар, су бөлетін колонкалар).
Қала, аудан, ауылдық округтердің әкімдері «Есіл су» РМК (келісім бойынша)
Үшайлық ішінде
Тармақ 4
4. Коммуналдық меншікке жататын ілгеріде пайдалануға жарамсыз апаттық жағдайдағы және бос тұрған ғимараттарды бұзуды қамтамасыз ету, оларды белгіленген жерлерге шығарып тастау. Аумақтағы коммуналдық меншікке жататын аяқталмаған қүрылыстық объектілерді, учаскеде тұрған барлық механизмдерді алып тастау жөніндегі жұмыс жүргізу.
Қала, аудан, ауылдық округтердің әкімдері
Үшайлық ішінде
Тармақ 5
5. Қатты тұрмыстық қалдықтардың орындарын, көң қоймаларды, мал қорымдарын тиісті санитарлық жағдайларға келтіру. Қоқыстың жасырын жиналған орындарын жою. 1, 2 кластық қауіптілігі бар қалдықтарды қоқыс орындарына шығаруға тыйым салу.
Қала, аудан, ауылдық округтердің әкімдері
Үшайлық ішінде
Тармақ 6
6. Қаңғыма иттер мен мысықтарды ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Иттерді қыдырту үшін алаңдарды анықтау.
Қала, аудан, ауылдық округтердің әкімдері
Ұдайы
Тармақ 7
7. Елді мекендерді көгалдандыру, скверлерге, газондарға, гүлзарларға бөлу, демалатын орындарды жайластыру. Облыс аумағы мен қоғамдық орындардағы жас көшеттердің ескі учаскелерін кеңейту жөніндегі іс-шараларды жандандыру.
Қала, аудан, ауылдық округтердің әкімдері
Үш айлық ішінде
Тармақ 8
8. Қала, аудан, ауыл округтерінің, елді мекендердің шекараларын ресімдеу, жақын аумақтарды жайластыру.
Қала, аудан, ауылдық округтердің әкімдері
Үш айлық ішінде
Тармақ 9
9. Жол, тротуар, жаяу жүретін жолдарды жөндеу бойынша жүмыстарды орындау. Асфальттық жабындыларды қалпына келтірумен бірге инженерлік жүйелер мен құрылғылардың зақымдарын тыйғаннан соң, қазбаларды жою. Көше жарықтарын жөндеуді қамтамасыз ету.
Қала, аудан, ауылдық округтердің әкімдері
Жазғы құрылыстық кезең ішінде
Тармақ 10
10. Мал шаруашылық фермаларын, шеберханаларды, тоқтарды, уландыратын алаңдарды, минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттар қоймаларын, қоғамдық көлікті, автобустық аялдамаларды, автотұрақтарды, ЖЖМС, ТҚС, шиномонтаждарды, шеберханаларды, шағын базарларды, тамақ өнеркәсіп кәсіпорындарын, сауда, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын тиісті санитарлық жағдайға келтіру жөніндегі жұмыс жүргізу.
Облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалаудың басқармасы (келісім бойынша), қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), қала, аудан, ауылдық округтердің әкімдері
Үдайы
Тармақ 11
11. Ескерткіштер, тұғырлық орындарды, қоғамдық жерлеу орындарын лайықты күйде ұстауды қамтамасыз ету және жөндеу.
Қала, аудан, ауылдык округтердің әкімдері
Үшайлық ішінде.
Басқа 21
3 қосымша
облыс әкімдігінің
2003 жылғы 14 сәуірдегі № 83
қаулысымен бекітілді
"Облыстық елді мекендерді
санитарлық тазарту және
көркейту жөніндегі үшайлыкты
өткізу туралы"
Облыстық елді мекендерді санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі үшайлықтың қорытындыларын шығару ережелері
Аудандық комиссия ай сайын әр елді мекендер бойынша және толығымен аудан бойынша үш айдың қорытындыларын шығарады.
Облыстық комиссия ай сайын орындалған жұмыс туралы аудандық және қалалық комиссиялары ұсынған есептерді қарастырады, іріктеу тексерістерін ұйымдастырады және елді мекендерді санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі үшайлықты өткізудің соңғы қорытындыларын шығарады.
Бағалау орындалган жұмыстар бойынша орташа балды шығарумен бірге 5 балдық жүйе бойынша жүргізіледі.
Тармақ 1
1. Қала, аудан, ауыл округтердің, елді мекендердің шекараларын ресімдеу (елді мекендердің көрсеткіші немесе шекара белгісінің болуы, жақын аумақтарды жайластыру).
Тармақ 2
2. Жеке үй құрылыстарының жағдайлары (үй-жай аумақтарының санитарлық жағдайы және көгалдандыру, қоршаулар, фасадтар, ең жақсы аула, үй көрмелері өткізіле ме).
Тармақ 3
3. Қоғамдық ғимараттардың, әлеуметтік сала және сауда объектілерінің, спорттық құрылғылардың жағдайлары (фасадтар, қоршаулар, көгалдандыру, жақын аумақтардың санитарлық жағдайы, шағын базарды, ЖЖМС, автобус аялдамаларын, жарнамалық жазбаларды ұстау).
Тармақ 4
4. Өндірістік сектордың жағдайы: мал шаруашылық фермалары, МТМ, тоқтар, уландыратын алаңдар, минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттардың қоймалары (фасадтар, қоршаулар, көгалдандыру, жақын аумақтардың санитарлық жағдайы).
Тармақ 5
5. Елді мекендердің жолдары мен тротуарларын, жаяу жүргінші жолдарын, су ағызғыштарды ұстау.
Тармақ 6
6. Коммуналдық меншікке жататын аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау және қираған ғимараттарды бұзу.
Тармақ 7
7. Ескерткіштер, тұғырлық және қоғамдық жерлеу орындарын жөндеу және үстау.
Тармақ 8
8. Стадион, сәулет ескерткіштерін жөндеу.
Тармақ 9
9. Елді мекендерде көгалдандыру, отырғызылған жасыл желектерді санациялау (скверлер, саябақтар, мектеп учаскелері) және демалатын орындарды жайғастыру.
Тармақ 10
10. Сумен жабдықтау (су қысымдық мүнаралардың санитарлык-гигиеналық жағдайлары, су бөлу колонкалардың түзу болуы, олардың айналасындағы төсеніштердің болуы, құдықтардың санитарлық-техникалық жағдайы, олардың жаңа құрылысы).
Тармақ 11
11. Елді мекендердің тұрғындары су көздерімен, өзен мен көлдердің арналары мен жағалауларын, орман және отырғызылған ағаштарды, ауыл маңындағы тоғайларды тазартуға қатысу.
Тармақ 12
12. Тұрмыстық қатты қалдықтар төгу орындардың, көң қоймалардың жағдайы.
Тармақ 13
13. Тамақ өнеркәсіп объектілерінің, қоғамдық тамақтандыру, сауда кәсіпорындарының көктемгі-жазғы кезеңдік жұмыстарға дайындығы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қанағаттандырарлық қорытындысы.
Облыстық комиссия аудан орталығы, селолық округтер мен елді мекендер бойынша жинаған балдарды есептей отыра, аудандарды бағалайды. Балдарды есептеу әр бағыттар бойынша орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасына қатысты жүзеге асырылады:
жүмыстың көлемін 100 % орындағаны үшін - 5 балл;
75 %- 99 % - 4 балл;
50 % - 74 % - 3 балл;
25 %- 49 % - 2 балл;
25 % дейін - 1 балл.
Жамбыл, Уәлиханов аудандары үшін қорытындыларды шығару кезінде жиналған балдарға 1,02 коэффициентті қолдану, мына бағыттар бойынша: көгалдандыру, сумен жабдықтау объектілерін дайындау.
Үшайлықты және көрмелерді өткізу қорытындылары бойынша облыстық конкурстың сыйлық қоры келесі көлемде белгіленеді:
1 орын - 300 мың.теңге;
2 орын - 200 мың.теңге;
3 орын - 100 мың.теңге.
сонымен бірге жеңімпаз әр айдың қорытындысы бойынша анықталады.
Аудандық комиссия үшайлықты және көрмелерді өткізу қорытындылары бойынша аудандық конкурстың сыйлық қорын белгілейді.