Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қолданыста болады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 81 бұйрығымен бекітілген «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 2
2) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – «электрондық үкімет» шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;
Тармақша 3
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызметті Түркістан облысының және Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) баяндалған.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды. Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ЭҮШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрінеді.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты жұмыскерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында құжаттарды одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау арқылы рұқсаттық бақылау жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 4-5/223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11366 болып тіркелген) бекітілген мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі - біліктілік талаптары) көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілейді. Рұқсаттық бақылау қорытындылары бойынша ерікті нысанда көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасалады. Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасалғаннан кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензияны не осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді. Лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 11
11. Лицензияны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған болуы;
Тармақша 2
2) лицензиялық алымның енгізілмеген болуы;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануы тиіс қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата туру немесе оған/оларға тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
Тармақша 5
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушы борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
Тармақша 6
6) лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің белгіленуі.
Тармақ 12
12. Лицензияны қайта ресімдеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) заңды тұлға-лицензиаттың бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылуы;
Тармақша 2
2) заңды тұлға-лицензиат атауының және (немесе) орналасқан жерінің өзгеруі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы. Егер, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің мекенжайы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көшелер атауының өзгеруіне байланысты болса, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда лицензияны қайта ресімдеу жүзеге асырылмайды. Лицензиаттардың мекенжайларына мұндай өзгерістер мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады. Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабы 2-тармағына сәйкес рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиат лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Тармақ 13
13. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабы 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта рәсімдеуді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексермейді.
Тармақ 14
14. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) тиісінше ресімделуін тексереді. Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту дайындайды. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензияны қайта ресімдейді.
Тармақ 15
15. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны қайта ресімдеу осы Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімдемеу негіз болып табылады. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны қайта ресімдеуден бас тартуға:
Тармақша 1
1) лицензияны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттардың ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) бұрын лицензияның заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған қатарынан басқа заңды тұлғаға ресімделген болуы негіз болып табылады.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Тармақ 18
18. Лицензияның қолданылуын тоқтату Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 35-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Қателерді түзету, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және қайта бастау Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 44 және 45-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Тармақ 21
21. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Тармақ 22
22. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Басқа 1.1. «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Түр­кі­стан об­лы­сы мен Шым­кент қа­ла­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры. 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру тә­сі­лі­де­рі www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі 1) ли­цен­зия бе­ру, оның ішін­де заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат бө­лі­ніп шы­ғу және бө­лу ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де – құ­жат­тар­ды тір­ке­ген сәт­тен ба­стап 5 (бес) жұ­мыс кү­ні; 2) заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат бө­лі­ніп шы­ғу және бө­лу ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­уді қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де – құ­жат­тар­ды тір­ке­ген сәт­тен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні. 4 Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған). 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Мақ­та қол­хат­та­рын бе­ре оты­рып, қой­ма қыз­ме­ті бой­ын­ша қыз­мет­тер көр­се­ту­ге ар­нал­ған ли­цен­зия не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­сетiледi. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» 2017 жы­л­ғы 25 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің (Са­лық ко­дек­сі) 554-ба­бы­на сәй­кес ли­цен­зи­я­лық алым тө­лей­ді, ол: 1) ли­цен­зия бе­ру үшін – 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті; 2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін – ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­нің 10 пай­ы­зын құ­рай­ды. Ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы, сон­дай-ақ тө­лем­дік «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. «Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» 2014 жы­л­ғы 16 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 44-ба­бын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да ли­цен­зи­я­лар бе­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым алын­бай­ды. 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13-00-ден 14-30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. 2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да, өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1) ли­цен­зи­я­ны алу үшін: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы, осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша заң­ды тұл­ға­ның ли­цен­зи­я­ны алу­ға ар­нал­ған өті­ні­ші; 2) осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес мақ­та қол­хат­та­рын бе­ре оты­рып, қой­ма қыз­ме­ті бой­ын­ша қыз­мет­тер көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің элек­трон­дық ны­са­ны. заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат бө­лі­ніп шы­ғу және бө­лу ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­дан бас­қа, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы, осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша заң­ды тұл­ға­ның ли­цен­зи­я­ны қай­та рә­сім­де­у­ге ар­нал­ған өті­ні­ші; 2) ақ­па­ра­ты мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі; заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат бө­лі­ніп шы­ғу және бө­лу ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­стыр­ған кез­де: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы, осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша заң­ды тұл­ға­ның ли­цен­зи­я­ны қай­та рә­сім­де­у­ге ар­нал­ған өті­ні­ші; 2) осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес мақ­та қол­хат­та­рын бе­ре оты­рып, қой­ма қыз­ме­ті бой­ын­ша қыз­мет­тер көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­ік ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің элек­трон­дық ны­са­ны; 3) ақ­па­ра­ты мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі; 4) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен ре­сім­дел­ген, заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат бө­лі­ніп шы­ғу ны­са­нын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да бө­лін­ген заң­ды тұл­ға­ға ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­у­ге бө­лу жүр­гіз­ген заң­ды тұл­ға­ның ке­лі­сі­мі ту­ра­лы ше­шім­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке тір­кел­ген құқық­тар (ауырт­па­лық­тар) және оның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы, ли­цен­зи­я­лық алым­ның бюд­жет­ке тө­лен­ге­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ЭҮШ ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алу­ға бо­ла­тын құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер ли­цен­зи­я­ны алу ке­зін­де: 1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да заң­ды тұ­лға­лар­дың осы са­на­ты үшін қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лын­ған бо­луы; 2) ли­цен­зи­я­лық алым ен­гі­зіл­ме­ген бо­луы; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 17 на­уры­зда­ғы № 4-5/223 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11366 бо­лып тір­кел­ген) мақ­та қол­хат­та­рын бе­ру ар­қы­лы қой­ма қыз­ме­ті бой­ын­ша қыз­мет­тер көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­ке қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сіне сәй­кес кел­ме­уі; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның ли­цен­зи­я­ла­нуы ти­іс қыз­ме­тін неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се оған/олар­ға тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы; 5) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­нуы негі­зін­де сот­тың көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бо­рыш­кер­ге ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым са­луы; 6) ли­цен­зия алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің бел­гі­ле­нуі. Ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту­ға құ­жат­тар­дың ұсы­ныл­мауы неме­се ти­ісін­ше ре­сім­дел­ме­уі негіз бо­лып та­бы­ла­ды. Заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат бө­ліп шы­ға­ру және бө­лу ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­уден бас тар­ту­ға мы­на­лар негіз бо­лып та­бы­ла­ды: 1) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың ұсы­ныл­мауы неме­се ти­ісін­ше ре­сім­дел­ме­уі; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі; 3) бұ­рын ли­цен­зи­я­ның заң­ды тұ­лға­лар-ли­цен­зи­ат­тар­дың бө­лі­ну нәти­же­сін­де жа­ңа­дан пай­да болған қа­та­ры­нан бас­қа заң­ды тұл­ға­ға ре­сім­дел­ген бо­луы. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 1.1.1. Заңды тұлғаның лицензия алуға арналған өтініші
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Заңды тұлғаның лицензия алуға арналған өтініші Кімге:___________________________________________________________ (лицензиярдың толық атауы) кімнен:__________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ___________________________________________________________________ (қызмет түрінің толық атауы көрсетілсін) жүзеге асыруға арналған лицензия беруiңiздi сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін) почталық индексі, елі, __________________________________________________________________ облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық почта __________________________________________________ Телефондар _________________________________________________________ Банктік шот _________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы __________________________________________________________ (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) ______ парақта қоса беріледі. Осымен: барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; көрсетілетін қызметті алушыға лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны; барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны; көрсетілетін қызметті алушының лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіскені расталады; Басшы ____________________________ _______________________________ (электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi) Толтырылған күні: 20 жылғы « » « »
Басқа 1.1.2. Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны Жылжымайтын объектінің кадастрлік нөмірі _____________________________ Жылжымайтын объектінің мекенжайы __________________________________ Меншік иесі (құқығын иеленуші) _______________________________________ Құқықтың пайда болу негізі ___________________________________________ Мақта тазалау зауытында қажетті жабдықтардың бар-жоғы туралы мәліметтер: Көр­сет­кіш­тер Өл­шем бір­лі­гі 20__ жы­л­ғы «__» ___ бар-жо­ғы Жай-күйі 1 2 3 4 Мақ­та қа­был­дау пунк­ті да­на Шит­ті мақ­та­ны мақ­та тал­шы­ғы­на ба­стап­қы өң­деу жө­нін­де­гі тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған жаб­дық са­ға­ты­на тон­на Та­ра­зы жабды­ғы да­на Жел­де­ту жабды­ғы да­на Ти­еу-тү­сі­ру ме­ха­низмде­рі да­на Мақ­та­ның са­па­сын анық­та­у­ға ар­нал­ған өн­ді­рі­стік-тех­но­ло­ги­я­лық зерт­ха­на да­на Мақ­та­ны сақ­та­у­ға ар­нал­ған ар­найы бө­лін­ген орын Өрт сөн­ді­ру құ­рал­да­ры да­на Мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде қажетті жабдықтардың бар-жоғы туралы мәліметтер: Көр­сет­кіш­тер Өл­шем бір­лі­гі 20__ жы­л­ғы «__» ___ бар-жо­ғы Жай-күйі 1 2 3 4 Шит­ті мақ­та­ны қой­ма­ға жи­на­у­ға және сақ­та­у­ға ар­нал­ған ашық (жа­бық) алаң шар­шы метр Та­ра­зы жабды­ғы да­на Шит­ті мақ­та­ның сы­на­ма­ла­рын ірік­те­у­ге және са­па­сын анық­та­у­ға ар­нал­ған зерт­ха­на­лық жаб­дық да­на Ти­еу-тү­сі­ру ме­ха­низмде­рі да­на Жел­де­ту жабды­ғы да­на Мақта тазалау зауытында өткізу режимінің, аумақ қоршауының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде қоршаудың бар-жоғы туралы мәліметтер _______________________ __________________________________________________________________ Тиісті білімі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының бар-жоғы туралы мәліметтер: Р/с № Ма­ман­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі Ла­у­а­зы­мы Бі­лі­мі бой­ын­ша ма­манды­ғы Ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі 1 2 3 4 5
Басқа 1.1.3. Заңды тұлғаның лицензияны қайта ресімдеуге арналған өтініші
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Нысан Заңды тұлғаның лицензияны қайта ресімдеуге арналған өтініші Кімге:___________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) кімнен:__________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________ жүзеге асыруға (қызмет түрінің толық атауы) __________________________________________________________ берген (лицензияны берген лицензиардың атауы) 20__ жылғы «__»__________№__________ лицензияны мынадай негіз(дер) (лицензияның берілген күні, нөмірі (лері)) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет): 1) заңды тұлға-лицензиаттың «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет) қайта ресімдеуді сұраймын: бірігу ________________________________________________________ қайта құрылу _________________________________________________ қосылу ______________________________________________________ бөліп шығарылу_______________________________________________ бөліну __________________________ жолымен қайта ұйымдастырылуы 2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ________________________ 3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____________ 4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы____________________________________________________ 5) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ____________________________ Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________ (елі – шетелдік заңды тұлға үшін, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық пошта _________________________________________________ Телефондар ________________________________________________________ Факс ______________________________________________________________ Банктік шот ________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы_________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) ______ парақ қоса беріледі. Осымен: барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; көрсетілетін қызметті берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны; лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіскені расталады. Басшы _____________________________ _________________________________ (электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi) Толтырылған күні: 20 жылғы « » « »
Басқа 1.2. Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензия
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензия 20 жылғы « » № _______________________________________________________айналасуға («Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы) ____________________________________________________________берілді. (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) Лицензия түрі ______________________________________________________ Ескертпе: __________________________________________________________ (иеліктен шығару, рұқсат сыныбы) Лицензиар _________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) Басшы (уәкілетті адам) (электрондық цифрлық қолтаңба) ______________________________________________________ (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi) Бастапқы берілген күні: ______жылғы «__» __________ Лицензияның қолданылу мерзiмi: _______ жылғы «__» __________ Берілген орны ______________________________________________________
Басқа 1.3. Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан [Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ата­уы] Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ата­уы] Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту Берілген күні: [Берілген күні] [Көрсетілетін қызметті алушының атауы] Тіркелген жері: Облыс: [Облыс] Аудан: [Аудан] Қала/елді мекен: [Қала/елді мекен] [бизнес-сәйкестендіру нөмірі] Мемлекеттік тіркеу күні [күні] Бас тарту себебі: [Бас тарту себебі] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 81 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 4-5/545 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12190 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 4-6/1067 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12896 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 5-тармақшасы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 535 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18064 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 5-тармағы.