Об утверждении Правил предоставления кредитов на поддержку и развитие промышленных предприятий за счет средств местных бюджетов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджет қаржысы есебінен өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдауға және дамытуға несиелер берудің Ережесін бекіту туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 24.02.2005 № 80 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Бюджет жүйесi туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының үкiметтiк қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 8 маусымдағы N 874 қаулысына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына сәйкес, жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен өнеркәсiп кәсiпорындарын несиелеудiң тәртiбi мен шарттарын белгiлеу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған:
Тармақша 1
1) жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен өнеркәсiп кәсiпорындарын қолдауға және дамытуға несиелер берудiң Ережесi (N 1 қосымша);
Тармақша 2
2) өнеркәсiп кәсiпорындарын дамытудың басым бағыттарының тiзбесi (N 2 қосымша) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Бағдарлама әкiмшiсi өнеркәсiп және отын-энергетикалық кешен департаментi (Дүйсембаев) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер мен ұйымдарды таңдау және өнеркәсiп кәсiпорындарын жобаларын қарау жөнiндегi конкурстық комиссияның құрамын бекiтсiн.
Тармақ 3
3. Өнеркәсiп және отын-энергетикалық кешен департаментiнiң облыс әкiмiмен немесе оны ауыстырушы адаммен бiрге iрiктеу конкурсынан өткен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктермен және ұйымдармен несиелiк келiсiмдерге қол қоюға құқығы бар.
Тармақ 4
4. N 3 қосымшадағыға сәйкес облыс әкiмiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп саналсын.
Тармақ 5
5. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.П. Качалоға жүктелсiн.
Басқа 8. Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен өнеркәсiп кәсiпорындарын қолдауға және дамытуға несиелер берудiң ЕРЕЖЕСI
Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы N 42 қаулысына N 1 қосымша Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен өнеркәсiп кәсiпорындарын қолдауға және дамытуға несиелер берудiң ЕРЕЖЕСI Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1 Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының үкiметтiк қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуын жүзеге асыру Ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 8 маусымдағы N 874 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдың) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына сәйкес әзiрлендi және ол бюджеттiк қаржы есебiнен облыстың өнеркәсiп кәсiпорындарына несиелер берудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде төмендегiдей түсiнiктер пайдаланылады: кредитор - жергiлiктi атқарушы орган; бюджеттiк несие - кредитордың шұғылдық, төлемдiк және қайтарымдылық шарттарымен жергiлiктi бюджеттен берген ақшасы; қарыз алушы - қарыз алушы-банк немесе ең соңғы қарыз алушы; қарыз алушы - банк - ең соңғы қарыз алушыны одан әрi несиелеу үшiн жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк несиелер алатын, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер немесе ұйымдар; соңғы қарыз алушы - қарыз алушы - банк арқылы бюджеттiк несиелердi алушы өнеркәсiп кәсiпорыны - заңды немесе жеке тұлға; бюджеттiк несие жөнiндегi берешек - қарыз алушының бюджеттiк несиенi белгiленген күнге өтеу және қызмет көрсету кестесiне сәйкес төлемеген төлемдер сомасы; конкурстық комиссия - банктердi таңдап алу және өнеркәсiп кәсiпорындарының жобаларын қарау жөнiндегi комиссия.
Тармақ 2
2. Бюджеттiк несиелеу жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi жылға қабылдаған бюджеттердi орындаудың құрамдас бөлiгi болып табылады және ол банк-қарыз алушыға бюджеттiк несиелердi беру, кейiннен оны соңғы қарыз алушы беру жолымен жүзеге асырылады. Осы Ереже арқылы бiрлесiп қаржыландыру тәртiбiмен соңғы қарыз алушыларды қарыз алушы банкпен бiрге несиелендiрудiң шарттары да белгiленген. Жобаларды бюджеттiк несиелеу, бiрлесiп қаржыландыру қазiргi заңдарға сәйкес ашық конкурс өткiзу жолымен таңдап алынған облыста өнеркәсiп кәсiпорындарын дамытудың басым бағыттарының тiзбесiне сәйкес қарыз алушы - банк арқылы жүргiзiледi. Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен өнеркәсiп кәсiпорындарына бюджеттiк несие беру үшiн банк қызметiн көрсету жөнiнде ашық конкурс өткiзудiң тәртiбiн Конкурстық комиссия белгiлейдi. Мұнымен қатар Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктермен және ұйымдармен несиелiк келiсiмдердiң жалпы шарттарын, сыйақы мөлшерлемесiн және басқа да несиелендiру жөнiндегi шарттарды әзiрлейдi және бекiтедi.
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджет есебінен өнеркәсіп кәсіпорындарына бюджеттік несиелер беру туралы қарыз алушы - банкпен несиелік келісімдер жасауды жергілікті атқарушы органдар атынан әкім немесе оны ауыстырушы адам және облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті (бұдан әрі-Департамент) жүзеге асырады.
Тарау ii. II. Бюджеттiк несиелер берудiң тәртiбi мен шарттары
II. Бюджеттiк несиелер берудiң тәртiбi мен шарттары
Тармақ 4
4. Өнеркәсiптi қолдауға және дамытуға бағытталған бюджеттiк несиелер мақсатты болып табылады және ол мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджетте қаралған сомалар шегiнде берiледi.
Тармақ 5
5. Қарыз алушы - банк қоятын талаптар "Өнеркәсiп кәсiпорындарын бюджеттiк несиелендiру үшiн банктер қызметiн көрсету жөнiнде ашық конкурс өткiзу тәртiбiмен" айқындалады.
Тармақ 6
6. Бюджеттiк несиелендiру үрдiстерiнде әкiм немесе оны ауыстырушы адам, Департамент және қарыз алушы - банк арасында несиелiк келiсiм жасалады.
Тармақ 7
7. Бизнес-жобаларға байланысты несиелендiрудiң қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн, орта мерзiмдi несиелер - 1 жылдан жоғары, бiрақ 3 жылдан артық емес мерзiмдерi белгiленедi.
Тармақ 8
8. Бюджеттiк несиелер жергiлiктi бюджеттен ұлттық валютада қарыз алушы - банкке нөлдiк мөлшерлеме бойынша, банкке - соңғы қарыз алушыға Конкурстық комиссия белгiлеген мөлшерлеме бойынша берiледi.
Тармақ 9
9. Соңғы қарыз алушыға бюджеттiк несиелердi қайтарымдық негiзде беру, сондай-ақ жобаларды бiрлесiп қаржыландыру, олар тек облыста өнеркәсiптi дамытудың басым бағыттарының тiзбесiне сәйкес қызметпен шұғылданғанда ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Несиелеуге бөлiнген бюджеттiк қаржыларды қандай да болмасын еңбек ақы жөнiндегi, бюджетке төлемдер немесе басқа да банк алдындағы мiндеттемелер мен басқа да мерзiмi өткен төлемдердi өтеуге пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 11
11. Департамент басым бағыттар тiзбесiне сәйкес жобаларды таңдайды, алдын ала сараптама жасайды және Конкурстық комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия өзiнiң мәжiлiсiнде оны қарайды және қолдау тапқан жобалардың тiзiмiн бекiтедi. Конкурстық комиссияның шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделедi. Бекiтiлген жобалар тiзiмi Департамент арқылы уәкiлдi қарыз алушы - банкке берiледi.
Тармақ 12
12. Қарыз алушы - банк арқылы кредитордың несиелiк қорынан соңғы қарыз алушыға бюджеттiк несиелер беру қазiргi заңдарға, жасалған несиелiк шарттарға және банк-қарыз алушының iшкi несиелiк саясатына сәйкес iске асырылады.
Тармақ 13
13. Қарыз алушы-банк соңғы қарыз алушының жобаларына мынадай жолдармен сараптама жүргiзедi: соңғы қарыз алушының төлем қабiлеттiлiгiн және бюджеттiк несиенi өтемеген жағдайдағы тәуекелдiк дәрежесiн саралайды, жобаның экономикалық мақсатқа сәйкестiгiн, техникалық-экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiн саралайды, несиенi өтеудiң қолда бар көздерi мен қамтамасыз ету жолдарына тексеру жүргiзедi. Банктердiң мақұлдауына ие болған жобалар бойынша банк жазбалай түрде Департаментке жобаларды қаржыландыруға келiсетiндiгi туралы мәлiмдейдi.
Тармақ 14
14. Комиссияның оңды шешiмi мен банктiң мақұлдауына ие болған жобалар бойынша банктер соңғы қарыз алушыға несие беру туралы қажеттi құжаттарды ресiмдейдi, несиелiк шарттар жасайды.
Тармақ 15
15. Банктiң соңғы қарыз алушыға қоятын бюджеттiк несиенiң пайызы, оның көлемi мен мерзiмi шектi мөлшерден аспауы керек.
Тармақ 16
16. Бюджеттiк қаржыдан берiлетiн бюджеттiк несиелер, сондай-ақ соңғы қарыз алушыларды несиелеуге осы Ереже мен Комиссия белгiлеген шарттарда бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнген қаржы бөлiгi, қағида бойынша кепiлдiктi қамтамасыз ету немесе олардың берген басқа да кепiлдiктерi бойынша жүргiзiлуi қажет.
Тармақ 17
17. Жобаларды бiрлесiп қаржыландырған жағдайда Департамент нөлдiк мөлшерлеме бойынша жобалар құнындағы бюджеттiк несиелiк қордағы жылдығы 1% өзiнiң үлесiн бередi. Жобаны бiрлесiп қаржыландырудағы банк қатысының үлесi берiлетiн несиенiң жалпы сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиiс. Сыйақының жалпы пайыздық мөлшерлемесi несиелеу сәтiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң қайта қаржыландырудағы мөлшерлемесiнен артпауы тиiс.
Тармақ 18
18. Несиелiк шарттар және онымен байланысты құжаттар жасалынғаннан кейiн қарыз алушы - банк соңғы қарыз алушының атына несие шотын ашады, оған несиелiк шарттарға сәйкес бюджеттiк несиелер сомасы аударылады. Аталған шоттан несиелер беру соңғы қарыз алушының есеп айырысу шотына ақша аудару жолымен немесе оны төлемдiк құжаттарға төлеу жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 19
19. Өнеркәсiптi қолдауға және дамытуға бағытталған, жергiлiктi бюджетте қаралған қаржыны облыстық қаржы басқармасы Департамент (бағдарлама әкiмшiсi) шотына аударады, Департамент нақты жоба жөнiнде оңды қорытынды туралы банктiң жазбалай хабарламасын алғаннан кейiн соңғы қарыз алушыны несиелеу үшiн қарыз алушы - банкке қаржыны олардың тапсырысына сәйкес бөледi. Несиелiк қор ретiнде пайдалануға бөлiнген бюджеттiк қаржыны банк 15 күн iшiнде игермеген жағдайда, ол қаржы 5 банкi күнi iшiнде Департамент шотына қайтарылуға жатады. Бөлiнген бюджеттiк қаржыны игермеген жағдайда банктiң Департамент шотына дер кезiнде қайтармаған ақша қаражаты үшiн санкцияның көлемiн Департамент пен банк арасында жасалған несиелiк келiсiмдерде айқындалады.
Тарау iii. III. Бюджеттiк несиелердi өтеудiң және қызмет көрсетудiң тәртiбi
III. Бюджеттiк несиелердi өтеудiң және қызмет көрсетудiң тәртiбi
Тармақ 20
20. Қарыз алушы - банк бюджеттiк несиенi өтеудi жасалған несиелiк келiсiмге сәйкес iске асырады. Бұл ретте төлемнiң төмендегiдей кезектiлiгi белгiленедi: - есептелген айыппұлдар мен төлемақы өсiмi; - есептелген сыйақылар; - негiзгi қарызды өтеу.
Тармақ 21
21. Департаменттiң несиелiк келiсiмдi мерзiмiнен бұрын бұзуына және қарыз алушы - банк келiсiмнiң шарттарын бұзған жағдайда несиеге берiлген сомаларды қайтарып алуына құқығы бар.
Тармақ 22
22. Несиелiк келiсiм бұзылмаса да Департамент бюджеттiк несиенiң өз мақсатына жұмсалмаған фактiлерiн анықтаса, онда ол заңсыз пайдаланған несие сомалары үшiн қарыз алушы - банктен несиелiк келiсiмде баяндалған мөлшерде айыппұл өндiрiп алуға құқылы.
Тармақ 23
23. Қарыз алушы - банк бюджеттiк несиенi несиелiк келiсiмде көрсетiлген мерзiмде өтемеген жағдайда қалыптасқан берешектерге айыппұл пайыздары есептеледi.
Тармақ 24
24. Қарыз алушы - банк негiзгi қарыз сомасын және басқа да осы несиеге байланысты төлемдер мен айыппұлдарды қайтарған жағдайда жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен берiлген несие өтелген болып саналады.
Тармақ 25
25. Соңғы қарыз алушыларда бюджеттiк несие бойынша берешектер қалыптасқан және оны несиелiк шартта белгiленген мерзiмде өтемеген жағдайда, банктер несиенi кепiлдiк заттар арқылы өндiру жолымен мәжбүрлеп қайтаруға шаралар алады.
Тармақ 26
26. Соңғы қарыз алушы несиенi дер кезiнде қайтармаған жағдайда және егер банк орындаған процедуралық нормалар қарыз алушының берешектi қайтаруына мүмкiндiк жасамаса, банк облыстық бюджетке қаржыны өздерiнiң есебiнен қайтаруды қамтамасыз етедi. Аталған қаржыны қайтару мерзiмi Департамент және банк арасында қол қойылып жасалған несиелiк келiсiмде белгiленедi.
Тармақ 27
27. Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен берiлген несиелердi қайта құрылымдау: - cыйақының мөлшерлемесi; - несиенi өтеу мерзiмi немесе төлемнiң кезектiлiгi; - несие валютасы; бұларға өзгерiстер әкiмдiктiң қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Мұнда несиенi өтеудiң мерзiмiне немесе төлемнiң кезектiлiгiне, несие валютасына, сондай-ақ сыйақының мөлшерлемесiне өзгерiстер жасағанда, ол тиiстi қаржы жылының жергiлiктi бюджетi туралы мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң мөлшерiне әсер етпеуi керек.
Тарау iv. IҮ. Бюджеттiк несиелердi есепке алу және бақылау
IҮ. Бюджеттiк несиелердi есепке алу және бақылау
Тармақ 28
28. Бюджеттiк несиелердiң мақсатты жұмсалуын бақылауды банктер мен Департамент бөлiнген қаржыны тексеру және шығындарды азайту жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 29
29. Қарыз алушы несиелiк қорды белгiленген мақсатқа жұмсамағаны белгiлi болса банк 3 күн iшiнде бұл туралы Департаментке хабарлайды және берiлген қаржыны мерзiмiнен бұрын қайтару жөнiнде шаралар алады. Несиенi мерзiмiнен бұрын қайтару соңғы қарыз алушы берешектерiнiң барлық сомасын мерзiмi өткен несиеге шығару, яки мерзiмiнен бұрын өндiрiп алу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен қарыз алушы - банкке берiлген барлық несиелер облыстық қаржы басқармасында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде тiркелуге жатады.
Тармақ 31
31. Департаментке берiлген бюджеттiк несиелерге мониторингi жүргiзудi облыстық қаржы басқармасы Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң белгiлеген тәртiбi пен нысаны бойынша қарыз алушы - банктiң жүйелi түрде есеп беруi негiзiнде iске асырады.
Тармақ 32
32. Берiлген бюджеттiк несиелердi пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалауды Департамент iске асырады.
Тармақ 33
33. Департамент бақылау мақсатында қарыз алушы - банктен бюджеттiк несиеге байланысты қажеттi ақпараттарды талап етуге құқылы
Басқа 46. Батыс Қазақстан облысы бойынша өнеркәсіпті дамытудың басым бағыттарының ТIЗБЕСI
Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы N 42 қаулысына N 2 қосымша Батыс Қазақстан облысы бойынша өнеркәсіпті дамытудың басым бағыттарының ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. Технологиялар мен жабдықтардың жаңа түрлерін енгізу және игеру.
Тармақ 2
2. Мұнай-газ саласын, машина жасауды, мұнай-химия өнеркәсібін дамытуға бағытталған бағдарламаны қолдау.
Тармақ 3
3. Айналым қаржысын толықтыру және өндірісті дамытуға және электр қуатын, газ, су және жылуды бөлуге бағытталған бағдарламаны қолдау.
Тармақ 4
4. Импорт алмастыру шеңберінде жасалған шарттар бойынша жұмыс істейтін өнеркәсіп кәсіпорындарының айналым қаржысын толықтыру.
Тармақ 5
5. Қолда бар келісім-шарт бойынша кәсіпорындар орындайтын өндірістің жаңа түрлерін қолдау.
Тармақ 6
6. Облыстың қорғаныс кешені кәсіпорындарының конверсиялық технологиясын қолдау.
Тармақ 7
7. Машина жасау және өңдеу өнеркәсібін қолдау.
Тармақ 8
8. Жеңіл және тамақ өнеркәсібін және құрылыс индустриясын дамытуға бағытталған бағдарламаны қолдау.
Тармақ 9
9. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытуға бағытталған бағдарламаны қолдау.
Басқа 56. Облыс әкiмiнiң күшi жойылған шешiмдерiнiң тізбесі
Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы N 42 қаулысына N 3 қосымша Облыс әкiмiнiң күшi жойылған шешiмдерiнiң тізбесі
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң "Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдауға бағытталған бюджеттік қаржыны пайдалану туралы" 2001 жылғы 10 қыркүйектегі N 194 шешімі (тiркеу N 1104).
Тармақ 2
2. "Облыс әкімінің "Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдауға бағытталған бюджеттік қаржыны пайдалану туралы" 2001 жылғы 10 қыркүйектегі N 194 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыс әкімінің 2002 жылғы 20 мамырдағы N 64 шешімі (тiркеу N 1521).