О предоставлении лекарственных средств дополнительно Күшін жойған
Басқа 0
Дәрілік заттарды қосымша
беру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар қосымша тегін берілсін:
«Дюшен бұлшықет дистрофиясы» - «Этеплирсен», «Дефлазакорт» дәрілік заттары;
«Жұлын бұлшықетінің атрофиясы» - «Нусинерсен» дәрілік заты;
«Эпилепсия» - «Вигабатрин», «Сультиам», «Этосуксимид» дәрілік заттары;
«Созылмалы миелолейкоз» - «Понатиниб» дәрілік заты;
«Шашыраңқы склероз» - «Диметилфумарат» дәрілік заты.
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.