Об определении специально отведенных мест и (или) маршруты для осуществления выездной торговли на территории Шардаринского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шардара ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шардара ауданы аумағындағы көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Шардара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 54 «Шардара ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 19 ақпанда № 4455 тіркелген, 2018 жылғы 23 ақпанда «Шартарап – Шарайна» газетінде жарияланған және 2018 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Таженовке жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Шардара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 100 қаулысына қосымша Шардара ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар № Қала және ауыл округінің атауы Орналасатын орны 1. Шардара қаласы Шардара қаласы, 2-мөлтек ауданы, Н.Оңдасынов көшесі мен Еркөбек көшесінің қиылысы, Оңдасынов көшесінің боймен Шардара-Абай тас жолының бағыты 2. Шардара қаласы Шардара қаласы, Өтеғұл елді мекені, Жібек жолы көшесінің бойы, «Шардара» селолық тұтыну кооперативінің бұрынғы көкөніс сақтау қоймасы ғимаратының қарама-қарсы жағы, Шардара-Арыс тас жолының бағыты 3. Шардара қаласы Шардара қаласы, №14 бекет елді мекені, Шардара-Жетісай тас жолы мен Жібек жолы көшесінің қиылысы, Арбақалды көшесінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты 4. Шардара қаласы Шардара қаласы, Төле би көшесі мен Түгелбаев көшесінің қиылысы, Түгелбаев, Төле би Төлеби көшелерінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты 5. Қ.Тұрысбеков ауылдық округі Шардара ауылы, «Шардара» мешіті ғимаратының жаны, С.Қарабеков көшесінің боймен Шардара-Арыс тас жолының бағыты 6. Қоссейіт ауылдық округі Қонаев көшесі мен Асықата көшесінің қиылысы, Қонаев, Асықата көшелерінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты 7. Көксу ауылдық округі Көксу ауылы, Абай көшесі бұрынғы кеңшар кеңсесінің қарама-қарсы беті, Асылбеков көшесінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты 8. Көксу ауылдық округі Көксу (Сырдария) ауылы, «Мырзакент» мақта қабылдау пунктінің жаны, К.Ендібаев көшесінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты 9. Ұзыната ауылдық округі Н.Сапаров көшесі мен Ынтымақ көшесінің қиылысы, Н.Сапаров, Ынтымақ көшесінің боймен Шардара-Арыс тас жолының бағыты 10. Алатау батыр ауылдық округі «Шардара мақта» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақта қабылдау пунктінің алды, Тұран, Самал және Жемісті көшелерінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты 11. Қызылқұм ауылдық округі С.Сейфуллин көшесі мен Ә.Молдағұлова көшесінің қиылысы, С.Сейфуллин, Ә.Молдағұлова көшелерінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты 12. Сүткент ауылдық округі Ә.Тоқсанбаев көшесі, Мәдениет үйі ғимаратының шығыс жағы, Ә.Тоқсанбаев көшесінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты 13. Ақшеңгелді ауылдық округі Ақалтын ауылы, Б.Майлин көшесі, «Мырзакент» мақта қабылдау пунктінің шығыс жағы, Б.Майлин, Т.Нұрахметов көшелерінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты 14. Ақшеңгелді ауылдық округі Егізқұм елді мекені, Абылай хан көшесі,«Мырзакент» мақта қабылдау пункті жаны, Абылайхан көшесінің бойымен Ақалтын-Егізқұм тас жолының бағыты 15. Достық ауылдық округі Ш.Уәлиханов пен Қазыбек би көшесінің қиылысы, Ш.Уалиханов, Қазыбек би көшелерінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты 16. Жаушықұм ауылдық округі Жаушықұм көшесі мен Алтынсарин көшесінің қиылысы, Жаушықұм көшесінің бойымен Шардара-Жаушықұм тас жолының бағыты