Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих аппарата акима Жанааркинского района Күшін жойған
Басқа 0
Жаңаарқа ауданы әкімі
аппаратының мемлекеттік
қызметшілеріне көтермелеулерді
қолдану қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңдарына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы каулының мемлекеттік тіркелуін камтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
Жаңаарқа ауданы
әкімдігінің
2021 жылғы 16
наурыздағы
№ 25/01
қаулысына қосымша
Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
Тармақ 1
1. Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының (бұдан әрі-Аппарат) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабына сәйкес әзірленді және «Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне келесі көтермелеулер қолданылады:
Тармақша 1
1) біржолғы ақшалай сыйақы;
Тармақша 2
2) алғыс жариялау;
Тармақша 3
3) грамотамен марапаттау;
Тармақша 4
4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
Тармақ 3
3. Бір ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге тек бір көтермелеу қолданылады.
Тармақ 4
4. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.
Тармақ 5
5. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу құрамын аудан әкімі бекіткен комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Аппараттың әкімшілік мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақылар төлемі Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге осы қағиданың 6 тармағында көрсетілген Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспарына сәйкес, Аппаратты ұстауға берілген аудандық бюджеттен үнемделген қаражат есебінен комиссия ұсынымдары негізінде аудан әкімінің шешімі бойынша біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
Тармақ 8
8. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне біржолғы ақшалай сыйақы төлеу аудан әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізгені, ерекше маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін мемлекеттік қызметшілер аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталады.
Тармақ 10
10. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін Жаңаарқа ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттаумен көтермеленуді есепке алуды аудан әкімі аппаратының кадрлық қызмет бөлімі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің өзге нысандары Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:
Тармақша 1
1) алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;
Тармақша 2
2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;
Тармақша 3
3) Аппаратта бір айдан аз жұмыс істегендер.