О закреплении рыбохозяйственных водоемов Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысының балық шаруашылығы су айдындарын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2005 № 63 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 14-бабына және табиғат пайдаланушыларға балық шаруашылығы су айдындарын бекіту жөніндегі облыстық тендерлік комиссияның 19 наурыз 2003 жылғы № 20 және 22 cәyip 2003 жылғы № 21 шешіміне сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1. Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 94 қаулысындағы қысқартылған сөздер ТІЗІМІ
1. Балық шаруашылығын кешенді пайдалану үшін бекітілсін:
Ұзынкөл ауданының ауданы 60,6 га Прудок көлі Қазақстан Республикасының азаматы Николай Николаевич Шеферге;
Федоров ауданының ауданы 506 га Ұзынкөл көлі, ауданы 90 га Шошқалы көлі, ауданы 371 га Тызыгун көлі, ауданы 403 га Сауыт көлі, ауданы 462 га Кіші Барақ көлі, ауданы 30 га Орал көлі «Қостанай облыстық аңшылар мен балықшылар» қоғамдық ұйымына;
Алтынсарин ауданының ауданы 10,5 га Ботабайкөл көлі «Визит» ЖШС-не;
Қостанай ауданының ауданы 243 га Көлемдікөл көлі Қазақстан Республикасының азаматы Станислав Владимирович Наумовқа;
Федоров ауданының ауданы 866 га Жақсыжаркөл көлі «Қаржау» ШҚ-на;
Жангелдин ауданының ауданы 6226 га Ақкөл көлі, ауданы 927 га Қарасор көлі «Ақкөл» МКК-на;
Арқалық ауданының ауданы 240 га Бикен су айдыны Қазақстан Республикасының азаматы Виктор Николаевич Тумановқа;
Арқалық ауданының ауданы 140 га Ақжар су қоймасы Қазақстан Республикасының азаматы Александр Дмитриевич Каплунге;
Ұзынкөл ауданының ауданы 31 га Безымянное көлі «Автотранспортшы» ЖШС-не;
Ұзынкөл ауданының ауданы 12 га Көгенкөл көлі, ауданы 47 га Чистенькое көлі Қазақстан Республикасының азаматы Юрий Александрович Сергеевке;
Қостанай ауданының ауданы 18 га Чистенькое көлі, ауданы 22 га Гноевское көлі, Федоров ауданының ауданы 175 га Соркөл көлі Қазақстан Республикасының азаматы Татьяна Александровна Дегтеваға;
Ұзынкөл ауданының ауданы 140 га Котыр көлі Қазақстан Республикасынын азаматы Виктор Николаевич Крутневке;
Қостанай облысы аумағында орналасқан ауданы 451,7 га Жаркөл көлі ауданы 92,9 Жаркөл (орыс) көлінің бір бөлігі Торғай боксит кен басқармасының «Қазақстан Алюминийі» ААҚ-на;
Федоров ауданының ауданы 4,2 га Наманай көлі, ауданы 11,5 га Тұнғиық көлі Қазақстан Республикасының азаматы Наталья Викторовна Денисоваға;
Қарабалық ауданының ауданы 475 га Светлое көлі, Малое Светлое Қазақстан Республикасының азаматы Геннадий Федорович Сырвачевқа, Батырхан Асылбекович Масалимовқа;
Қостанай ауданының ауданы 0,5 га «Безымянный» тоғаны «Надежда» ШҚ-на;
Қостанай ауданының ауданы 2,8 га «Большой» тоғаны «Аграрная фирма Владимирское» ЖШС-не;
Қостанай ауданының ауданы 205 га Малый Маматек көлі, жалпы ауданы 100 га аты жоқ көлдер (Сортыкөл және Очки) Қазақстан Республикасының азаматы Анатолий Петрович Тараванға, Вячеслав Георгиевич Зыковке;
Балық қорларын ұдайы өндіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, уылдырық шашылатын су айдындарын құру және уылдырық шашатын балық санын тұрақтандырып көбейту мақсатында Таран ауданының ауданы 50 га Кужайская балка тоғаны Қазақстан Республикасының азаматы Владимир Васильевич Смоленкоға бекітілсін.
Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 94 қаулысындағы қысқартылған сөздер ТІЗІМІ
ГА - Гектар
ААҚ - Ашық акционерлік қоғам
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ШҚ - Шаруа қожалығы
МКК - Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын