Об утверждении Правил выдачи служебных удостоверений сотрудникам и военнослужащим органов гражданской защиты Республики Казахстан и его описания Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабының 3 және 4-тармақтарына, «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 135 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қызметтік куәлік адамның Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарына тиесілігін, оның Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарындағы лауазымын және арнаулы және (немесе) әскери атағын растайтын құжат болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметтік куәліктерді беру тәртібі
2-тарау. Қызметтік куәліктерді беру тәртібі
Тармақ 3
3. Қызметтік куәліктер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар аппаратының басшысына, комитеттер төрағалары мен төрағаларының орынбасарларына, құрылымдық, аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің басшыларына және жоғары басшы құрамдағы адамдарға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрінің - Төтенше жағдайлар министрлігі орталық аппаратының орта және аға басшы құрамына, құрылымдық, аумақтық бөлімшелер және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер басшыларының орынбасарларына;
Тармақша 3
3) аумақтық бөлімшелер және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер басшысының қатардағы, кіші, орта және аға басшы құрамға қолы қойылып беріледі.
Тармақ 4
4. «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемелерінің бастықтарына қызметтік куәліктер аумақтық бөлімше бастығының қолы қойылып беріледі.
Тармақ 5
5. Азаматтық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында білім алушыларға қызметтік куәліктер азаматтық қорғау органдары білім беру ұйымы бастығының қолы қойылып беріледі.
Тармақ 6
6. Қызметтік куәлік лауазымға тағайындалған, қызметі бойынша ауысқан, атақ берілген, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген, бұрын берілген қызметтік куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бүлінген кезде беріледі.
Тармақ 7
7. Қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі 5 жыл. Қолданылу мерзімі өткеннен кейін қызметтік куәлік ауыстырылуға жатады.
Тармақ 8
8. Қызметтік куәлікті беруді кадр қызметінің бөлімшесі жүргізеді.
Тармақ 9
9. Берілген қызметтік куәлік үшін қызметкер (әскери қызметші) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерін есепке алу журналына қол қояды.
Тармақ 10
10. Қызметтік куәліктерді беру тәртібіне бақылауды кадр қызметінің басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерін есепке алу журналы кадр қызметі бөлімшесінің сейфінде сақталады.
Тармақ 12
12. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда қызметкер (әскери қызметші) ауызша нысанда бұл факті туралы тікелей басшысына дереу хабарлауы тиіс. Кейін жазбаша нысанда 1 (бір) жұмыс күні ішінде болған факті туралы қосымша баяндайды.
Тармақ 13
13. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, басқа адамдарға берудің, оны жеке қызметтік емес мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша кадр қызметі «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес қызметтік тергеу жүргізеді.
Тармақ 14
14. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, растайтын құжат кадр қызметінің бөлімшесіне беріледі. Жаңа қызметтік куәлікті жоғалғанның орнына кадр қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру шыққаннан кейін береді.
Тармақ 15
15. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер (әскери қызметші) қызметтік куәлікті кадр қызметіне тапсырады.
Тармақ 16
16. Қызметтік куәлікті қайтару кезінде қабылдаған кадр бөлімшесінің қызметкері Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерін есепке алу журналына қол қояды.
Тармақ 17
17. Қызметкерлер (әскери қызметшілер) тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы жою туралы акт жасала отырып, комиссияның қатысуымен жойылуға жатады.
Басқа 1.1. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерін есепке алу журналы
Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидаларына қосымша Нысан Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерін есепке алу журналы Р / с № Қыз­мет­тік ку­ә­лік пен за­уыт блан­кі­сі­нің № Бе­ріл-ген кү­ні Қол­да­ны-лу мер­зі­мі Қыз­мет­тік ку­ә­лік кім­ге бе­ріл­ді (те­гі, аты, әке­сі­нің аты) Ата-ғы Ла­уа-зы­мы Қыз­мет­кер­дің ку­ә­лік­ті ал­ға­ны ту­ра­лы қо­лы Қай­та­ру ту­ра­лы бел­гі Жою ту­ра­лы бел­гі Ескертпе: Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерін есепке алу журналы тігіледі, нөмірленеді және басшының қолымен және кадр қызметі мөрімен расталады.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 135 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы
Тармақ 1
1. Қызметтік куәліктің нысан бойынша мұқабалары былғарыдан, термо-былғарыдан, винилді былғарыдан, қара-көк түсті винилді қағаздан осы Сипаттамаға 1-қосымшаға сәйкес жасалады. Ашылған түрінде қызметтік куәліктің көлемі 70 х 210 мм болады. Қызметтік куәлік мұқабасының сыртқы бетінің ортасында алтын түсті арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен қазақ тілде алтын түстес типографиялық қаріппен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ» деген жазу орналастырылады.
Тармақ 2
2. Қосымша парақтар екі бөліктен тұрады, олар осы Сипаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұқабаға жапсырылады. Қосымша парақтардың көлемі 95 х 65 мм, дайындау үшін пайдаланылатын қағаздың тығыздығы кемінде 200 г/м құрайды.
Тармақ 3
3. Қосымша парақтардың негізгі фонында тангир және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің эмблемасы орналасқан, ол екі түсті: негізгісі металдандырылған бояумен орындалған (сызықтардың қалыңдығы 0,03 мм-ден аспайды) жұқа қайталанбайтын өрнектерден тұрады, екінші түсі лауазымдық тиесілігіне қарай өзгереді: орта және аға басшы құрам үшін қызыл түсті; қатардағы және кіші басшы құрам үшін сары түсті.
Тармақ 4
4. Мұқабаның сол жағына жапсырылатын қосымша парақтың жоғарғы бөлігінде мынадай мәтін орналасады: бөлімшенің микрошрифттен жасалған жолақпен шектелген қазақ тілдегі атауы. Микрошрифт мәтіні: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ».
Тармақ 5
5. Қызметтік куәліктің қосымша парағының сол жағында қосымша қорғау элементтері болады:
Тармақша 1
1) мынадай мазмұнда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын конгревті көтеру: Елтаңбаның астындағы «қоламен» орындалған, «ТЖМ-МЧС», сондай-ақ қызметтік куәліктің қосымша парақшасының сол жағындағы тік бұрышты жиек бойымен өтетін «ТЖМ-МЧС» мәтіні;
Тармақша 2
2) Т.А.Ә. және лауазымы бойынша сызықтар микрошрифтпен орындалған. Микрошрифт мәтіні: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ»;
Тармақша 3
3) қызметтік куәліктің қосымша парақтарының сол жағындағы тік бұрышты жиектің бойымен өтетін «ТЖМ-МЧС» мәтінімен көрінбейтін бояу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің эмблемасы;
Тармақша 4
4) дайындаушы кәсіпорынның алты таңбалы нөмірленуі және әріптік белгіленуі.
Тармақ 6
6. Мұқабаның оң жағына жапсырылатын қосымша парақтарының сол жақ бөлігінде фотосуреттің астына микросызықтармен орындалған графикалық жиек, негізгі фонында жіңішке қайталанбайтын өрнектерден және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің эмблемасынан тұратын тангир орналасқан. Қосымша парақтардың жоғарғы бөлігінде орналасқан мәтін: бөлімшенің орыс тіліндегі атауы, микрошрифтен жасалған жолақпен шектелген. Микрошрифт мәтіні: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ».
Тармақ 7
7. Қызметтік куәліктің қосымша парақтарының оң жағындағы қосымша қорғаныш элементтері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің эмблемасы және фотосуреті астында графикалық жиек бойымен өтетін «ТЖМ-МЧС» мәтінімен көрінбейтін бояу;
Тармақша 2
2) Т.А.Ә. және лауазымы бойынша сызықтар микрошрифтпен орындалған. Микрошрифт мәтіні: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ»;
Тармақша 3
3) фотосуреттің төменгі оң жақ бұрышына диаметрі 15 мм Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің эмблемасы бар голограмма жапсырылады.
Тармақ 8
8. Қызметтік куәлікті беретін кадр қызметі қосымша парақта мынадай мазмұнда жазба жазады:
Тармақша 1
1) сол жағында: қызметтік куәліктің сериясы мен нөмірі; қызметкерлерге (әскери қызметшілерге) арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы (департаменттің, қызметтің атауы көрсетілмей, жеке құрам бойынша инспекция бөлімшелерінен, аумақтық ТЖД басшылығынан, аудандардың, қалалардың төтенше жағдайлар басқармаларынан (бөлімдерінен) басқа) көрсетіледі – барлығы мемлекеттік тілде; орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарда олардың жеке нөмірі қойылады; қолданылу мерзімі көрсетіледі;
Тармақша 2
2) оң жағында: қызметтік куәліктің сериясы мен нөмірі; қызметкерлерге (әскери қызметшілерге) арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы (жеке құрам бойынша инспекция бөліністерінен, аумақтық ТЖД басшылығынан, аудандардың, қалалардың төтенше жағдайлар басқармаларынан (бөлімдерінен) басқа Департаменттің, қызметтің атауын көрсетпей) – барлығы орыс тілінде.
Тармақ 9
9. Куәліктің қосымша парақтары компьютерлік теру жолымен, «Times New Roman» қарпімен, өлшемі № 14 қара түсті, еңкішсіз, лазерлік принтерді пайдалана отырып толтырылады. Қосымша парақтарға 3,5 х 4,5 сантиметр түсті фотосурет жапсырылады. Арнаулы (әскери) атақтары бар қызметкерлер (әскери қызметшілер) күнделікті киім нысанында бас киімсіз, орден тағандарымен және білімі туралы белгілерімен суретке түседі.
Тармақ 10
10. Қосымша парақтарға «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидаларының 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес лауазымды адам қол қояды. Қол қойылғаннан кейін фотографиялық карточканың оң жақ төменгі бұрышына және куәлік бланкісіне мөр бедері қойылады, ол голографиялық жапсырмамен бекітіледі (жапсырма мөр бедерінің үстіне жапсырылады, содан кейін қосымша парақтың сыртқы беті ламинатталады. Бұдан кейін қосымша парақтың бланкісі қосымша парақтардың сол және оң жақтарындағы тиісті белгілер (бұрыштар) бойынша қиылады. Қиылған қосымша парақтар куәліктің ішкі бөліктеріне жапсырылады.
Басқа 2.1. Қызметтік куәліктің мұқабасының үлгісі
Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасына 1-қосымша Нысан Қызметтік куәліктің мұқабасының үлгісі
Басқа 2.2. Қызметтік куәліктің қосымша парағының үлгісі
Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасына 2-қосымша Нысан Қызметтік куәліктің қосымша парағының үлгісі