Құжат мәтініне өту

Об использовании в таможенных целях документов и сведений, составленных на иностранном языке

Бұйрық · № 208 · қабылданған 14.05.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-15386/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об использовании в таможенных целях документов и сведений, составленных на иностранном языке Күшін жойған Бұйрық ·№ 208 ·14.05.2003
21.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об использовании в таможенных целях документов и сведений, составленных на иностранном языке

Күшін жойған Бұйрық ·№ 208 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об использовании в таможенных целях документов и сведений, составленных на иностранном языке
Атауы (қаз.)
Шетел тілінде жасалған құжаттар мен мәліметтерді кеден мақсаттарында пайдалану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
208
Қабылданған күні
14.05.2003
Көрсетілген редакция
21.09.2010 AI15386_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002274_
ЭКБ идентификаторы
15386
Редакция идентификаторы
AI15386_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:21

0 Шетел тілінде жасалған құжаттар мен мәліметтерді кеден мақсаттарында пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 366-бабына сәйкес, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу рәсімін жетілдіру мақсатында бұйырамын:

1 1. Шетел тілінде жасалған құжаттар мен мәліметтерді кеден мақсаттарында пайдалану мынадай жағдайларда жүргізіледі деп белгіленсін:

1 1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткендігі туралы, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарының баратын кеден органына жеткізілгендігі туралы кеден органдарын хабардар ету кезінде;

2 2) егер бұл Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен көзделсе, кеден органы ұсынылған құжаттарды жеткізілуін бақылау құжаты ретінде таныған жағдайда;

3 3) егер бұл құжаттарда қысқаша декларация толтыру үшін қажетті мәліметтер болса, қысқаша декларация беру кезінде;

4 4) жеке тұлғалар тауарларды жеңілдетілген немесе оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде осы бұйрықтың 2-тармағында көзделген құжаттар ұсынылған жағдайда;

5 5) жүк кедендік декларацияны беру, осы бұйрықтың 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну кезінде.

2 2. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде халықаралық стандарттарға сәйкес құжаттарға қатысты ұсынылған (растайтын) құжаттарда қамтылған мәліметтердің аудармасын талап етуге рұқсат етілмейді.

3 3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы