О Совете предпринимателей при акиме города Қолданыста
Басқа 0
Қала әкімі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы қаңтардың 23-iндегi "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабындағы 1-тармақтың 17-тармақшасына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 2001 жылғы N3 жаршысы; 2001 жылғы қаңтардың 30-ындағы N25-26 "Казахстанская правда"; 2001 жылғы ақпанның 7-сiндегi N6-7 "Юридическая газета") сәйкес, кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдай туғызу, әкiмшiлiк кедергiлердi жою, перспективалы ұсыныстарды iске асыру және кәсiпкерлiктi дамытуға кедергi болып отырған проблемалық мәселелердi шешу мақсатында қала әкiмдiгi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қала әкiмi жанында келесi құрамда кәсiпкерлер Кеңесi (одан әрi - Кеңес) құрылсын:
Кеңес төрағасы:
Вениамин Қадырұлы Мұқатаев - қала әкiмi
Төраға орынбасары:
Қуаныш Нұрлыбекұлы Бiрманов - қала әкiмiнiң орынбасары
Хатшы:
Артур Бекетұлы Нұралин - қалалық экономика басқармасы шағын кәсiпкерлiк бөлiмiнiң меңгерушiсi
Кеңес мүшелерi:
1) Дмитрий Владимирович Волкогонов - жеке кәсiпкер, кәсiпшi
2) Петр Владимирович Гавва - "Ремстройсервис" ЖШС-нiң директоры
3) Залиха Мұқанқызы Дарбаева - жеке кәсiпкер
4) Елжас Сабыржанұлы Дүртқаринов -«"Универсервис" ЖШС-нiң директоры,
қалалық мәслихат депутаты
5) Ғали Нажмединұлы Исқалиев - "Темирбанк"» ААҚ Батыс Қазақстан
филиалының директоры
6) Марат Амангелдiұлы Қарабаев - қала әкiмi аппараты мемлекеттiк құқық
жұмысы бөлiмiнiң бас маманы
7) Марина Владимировна Кабанкина - жеке кәсiпкер
8) Александр Анатольевич Ким - кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту
департаментi директорының орынбасары
9) Олег Владимирович Лазаренко - жеке кәсiпкер
10) Нұрлан Мәжитұлы Мұқамбетқалиев - "Даму" облыстық кәсiпкерлер
қауымдастығы төрағасының орынбасары
11) Ақжамал Абдiрқызы Мұқашева - жеке кәсiпкер
12) Шайхулла Шарифуллович Нутфуллин - "Центр РОСТА" ЖШС-нiң директоры
13) Менболат Нұрболатұлы Сахметов - "Ауыл бастамаларын қолдау
орталығы"облыстық қоғамдық
бiрлестiгiнiң директоры
14) Қайыр Абiлғалиұлы Сүнтиев - облыстық өндiрiстiк сауда палатасының
жетекшiсi
15) Сәкен Жөкенұлы Хамзин - "Пэтформ" ЖШС-ның бас директоры
Тармақ 2
2. Кеңес туралы Ереже бекiтiлсiн (N1 қосымша).
Тармақ 3
3. 2001 жылғы қарашаның 9-ындағы "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссия құру туралы" N 323 Әкiмдiктiң қаулысы күшiн жойған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Кеңестiң жеке құрамы қалалық мәслихатқа бекiтуге ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын өзiм бақылайтын боламын
Басқа 6. Қала әкiмi жанындағы Қәсiпкерлер кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
Орал қаласы әкiмдiгiнiң
2003 жылғы қаңтардағы 16
N 8 қаулысына
N 1-қосымша
Қала әкiмi жанындағы Қәсiпкерлер кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар.
1. Жалпы қағидалар.
Тармақ 1.1
1.1. Қала әкiмi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi-Кеңес) қала әкiмi жанындағы ведомствоаралық сипатты кеңесшi орган.
Тармақ 1.2
1.2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасын, әкiмдiктiң қаулыларын, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 1.3
1.3. Кеңес үздiк кәсiпкерлерден, iскер қауым мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiнен құрылады және қала әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiледi.
Тарау 2. 2. Кеңестiң мiндеттерi.
2. Кеңестiң мiндеттерi.
Тармақ 2.1
2.1. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамытудың қалалық бағдарламасын, шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды орындауға көмек көрсету.
Тармақ 2.2
2.2. Қала әкiмiнiң шешiмдерiн қабылдау (дайындау) барысында заңнамада белгiленген тәртiп бойынша кәсiпкерлердiң мүдделерiн бiлдiру, заңды құқықтарын қорғау және пiкiрлерiн ескеру.
Тармақ 2.3
2.3. Кәсiпкерлер мен олардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң қаланың әлеуметтiк кәсiпкерлер экономикалық жағдайын жақсартуға, шағын және орта кәсiпкерлiктiң қалыптасуына және дамуына кедергi болып отырған себептердi жоюға бағытталған сындарлы ұсыныстарын, бастамалары мен өтiнiштерiн қолдау.
Тармақ 2.4
2.4. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiндегi мақсатты бағдарламалар мен жобаларды дайындау, үйлестiру және жүзеге асыруға көмек көрсету.
Тарау 3. 3. Кеңестiң құрамы.
3. Кеңестiң құрамы.
3.1 Кеңестi қала әкiмi басқарады.
3.2 Кеңестiң хатшысы болып қалалық экономика басқармасы шағын кәсiпкерлiк бөлiмiнiң меңгерушiсi танылады.
3.3 Кеңестiң жұмыс органының мiндеттерi қалалық экономика басқармасының шағын кәсiпкерлiк бөлiмiне жүктеледi.
3.4 Кеңестiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы көпшiлiк дауыспен қабылданады және Кеңес мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi қолдап дауыс берген жағдайда қабылданған болып танылады
3.5 Кеңестiң шешiмдерiне Кеңестiң төрағасы мен хатшысы қол қояды.
3.6 Кеңестiң мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы. Бiлдiрген жағдайда пiкiр жазбаша түрде баяндалып, Кеңес мәжiлiсiнiң хаттамасына тiркеледi.
3.7 Кеңес хатшысы:
- Кеңес мәжiлiсiнiң күн тәртiбi бойынша ұсыныстар дайындайды;
- Кеңес шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды.
Тарау 4. 4. Кеңес қызметiнiң негiзгi бағыттары.
4. Кеңес қызметiнiң негiзгi бағыттары.
Өз мiндеттерiне сәйкес Кеңес:
Тармақ 1
1. шағын кәсiпкерлiк қауымдастықтары бiрлестiктерiмен және басқа да кәсiпкерлiк құрылымдарымен қарым-қатынас жасайды;
Тармақ 2
2. келiсiп шешiм қабылдау үшiн шағын кәсiпкерлiктi қолдаумен шұғылданатын мемлекеттiк органдармен, қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және тексеру мiндетiн атқаратын қадағалаушы және фискалдық органдармен ұдайы қарым-қатынасты жүзеге асырады;
Тармақ 3
3. осы мақсатта тиiстi органдар мен ұйымдардың өкiлдерiн шақырып, Кеңестiң бiрлескен тақырыптық мәжiлiстерiн ұйымдастырады;
Тармақ 4
4. әкiмнiң шешiмдерiнiң жобаларын, шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға кедергi болып отырған себептердi жоюға арналған шараларды дайындауға заңнамада белгiленген тәртiп бойынша шағын кәсiпкерлiк өкiлдерiн қатыстырады.
Тарау 5. 5. Кеңес қызметiн ұйымдастыру.
5. Кеңес қызметiн ұйымдастыру.
Өз қызметiн жүзеге асыру үшiн Кеңес:
Тармақ 1
1. Кеңесте жұмыс iстеу үшiн заңнамада белгiленген тәртiп бойынша ғалымдар мен беделдi кәсiпкерлер қатарынан сарапшылар және кеңесшiлер,басқару органдарының өкiлдерiн және басқа да мамандарды шақырады;
Тармақ 2
2. белгiлi тәртiп бойынша атқарушы органдардан қажеттi ақпараттық, сараптамалық, анықтамалық, статистикалық деректердi, сондай-ақ ведомстволық нормативтiк-құқықтық актiлердi алады;
Тармақ 3
3. қажет болған жағдайда уақытша сараптама және жұмыс топтарын құрады, олардың қызметiн үйлестiрiп отырады.
Кеңес мәжiлiстерiн қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кем дегенде айына бiр рет Кеңес төрағасы шақырады.