Об утверждении натуральных норм положенности специальных транспортных средств подразделений Комитета промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелері арнайы көлік құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелері арнайы көлік құралдары тиесілілігінің заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің арнайы көлік құралдары тиесілігінің заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 141 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің арнайы көлік құралдары тиесілігінің заттай нормалары
Атауы
Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты
Арнайы көлік құралдарын пайдаланатын мемлекеттік мекемелер
Өлшем бірлігі (дана)
Максималдық жылдық пайдалану нормасы (бір автомобиль)
Қызмет мерзімі (жыл)
1
2
3
4
5
6
Арнайы көлік құралы
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшін (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлер мен халыққа зиянды әсерінің алдын алу)
Орталық аппарат
1
40 000 км
13
Абай облысы
2
40 000 км
13
Ақмола облысы
3
40 000 км
13
Ақтөбе облысы
2
40 000 км
13
Алматы облысы
2
40 000 км
13
Атырау облысы
3
40 000 км
13
Шығыс Қазақстан облысы
3
40 000 км
13
Жамбыл облысы
2
40 000 км
13
Жетісу облысы
1
40 000 км
13
Батыс Қазақстан облысы
2
40 000 км
13
Қарағанды облысы
3
40 000 км
13
Қызылорда облысы
2
40 000 км
13
Қостанай облысы
3
40 000 км
13
Маңғыстау облысы
2
40 000 км
13
Павлодар облысы
3
40 000 км
13
Солтүстік Қазақстан облысы
2
40 000 км
13
Түркістан облысы
3
40 000 км
13
Ұлытау облысы
3
40 000 км
13
Астана қаласы
2
40 000 км
13
Алматы қаласы
2
40 000 км
13
Шымкент қаласы
1
40 000 км
13
Норма көрсеткішінің саны бойынша жиыны
-
-
47
-
-
Ескертпе: * арнайы көлік құралы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлер мен халыққа зиянды әсерінің алдын алу).