Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары в Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі облыстық комиссияның 2021 жылғы 8 ақпандағы № 1 хаттамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 85 Қаулыға қосымша № р/с Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары Әкімшілік-аумақтық бірлік Рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері, он данасына теңге Қолданылу мерзімі 1 Тауық жұмыртқасы, 1 санат Шығыс Қазақстан облысы 405 90 күнтізбелік күн