Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Сәтбаев қаласы аймағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Б.Е.Абдрахаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.