О проведении в области традиционного трехмесячника по благоустройству, озеленению и санитарной очистке территорий городов, райцентров, населениых пунктов. Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс қалаларының, аудан орталықтарының, елді-мекендерінің аймақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі дәстүрлі үшайлық өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 29.03.2004 № а-3/91 қаулысымен. Елді-мекендерді тәртіпке келтіру, көркейту және тазарту жұмыстарын жүргізу мақсаттарында облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында 2003 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін елді-мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі дәстүрлі үшайлық (әрі қарай үшайлық) жариялансын.
Тармақ 2
2. Көркейту жөніндегі үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді жүргізу жөніндегі облыстық комиссия (әрі қарай - Комиссия) құрылсын (Қосымша 1).
Тармақ 3
3. Үшайлық өткізу жөніндегі облыстық байқау өткізу Ережесі бекітілсін (Қосымша 2).
Тармақ 4
4. Комиссия үшайлықтың нәтижесі бойынша байқау өткізсін және жеңімпаздарды анықтап, марапаттасын.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасына (Д.Е. Савицкий) байқау жеңімпаздары облыстық деңгейде ынталандыру үшін облыстық бюджеттен 4 000 000 теңге қаржы қарастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы (А.М.Рыспаев) он күннің ішінде үшайлық өткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеп, облыстық Комиссияның бекітуіне ұсынсын.
Тармақ 7
7. Облыс әкімдігінің 2002 жылғы 21 наурыздағы № а-4/37 қаулысының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сейітжановқа жүктелсін.
Басқа 9
Қосымша 1 Облыс әкімдігінің 2003 ж. 20 наурыздағы № а-3/100 «Облыс қалаларының, аудан орталықтарының елді-мекендерінің аймақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі дәстүрлі үшайлық өткізу туралы» қаулысы Үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді өткізу жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Сейітжанов А.С. - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2. Комиссия мүшелері:
2. Тәшметов Қ.Қ. - облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері:
Тармақ 1
1. Мырзахметов Б.К. - облыс әкімі аппаратының өндірістік салалар бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 2
2. Қалабаев Қ.Б. - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Рыспаев А.М. - облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасының бастығы
Тармақ 4
4. Қажкенов А.С. - облыстық ішкі істер бас басқармасы бастығының орынбасары
Тармақ 5
5. Комалдинов И.М. - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Тармақ 6
6. Дмитриенко Е.А - облыстық білім басқармасының бастығы
Тармақ 7
7. Тоқмырзин Т.Х. - облыстық жер инспекциясының бастығы
Тармақ 8
8. Жолдаспаев Б.Ж. - мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің бастығы
Тармақ 9
9. Төлеғұл Ғ.Т. – облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
Тармақ 10
10. Никишов А.Н. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 11
11. Тоқмырзин Ш.Х. - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының бастығы
Тармақ 12
12. Петрищев В.Н. - «Астана Су» РМК бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 13
13. Долгих Г.В. - облыстық автомобиль жолдары басқармасыньщ бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 14
14. Құлышев Б.Ш. - «Қазақавтожол» Ақмола филиалының директоры (келісім бойынша)
Тармақ 15
15. Шамиғанов Б.С. - «Қазақстан темір жолы» РМК-ның Ақмола темір жол бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 16
16. Чеша О.Н. - облыс әкімі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы
Басқа 28
Қосымша 2 Облыс әкімдігінің 2003 ж. 20 наурыздағы № а-3/100 «Облыс қалаларының, аудан орталықтарының, елді-мекендерінің аймақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі дәстүрлі үшайлық өткізу туралы» қаулысымен бекітілген Үшайлық бойынша облыстық байқау өткізу Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үшайлық бойынша облыстық байқауды (әрі қарай - байқау) облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктер ұйымдастырып, өткізеді.
Тармақ 2
2. Байқау қалалар мен елді-мекендерді көркейту, көгалдандыру және күтіп ұстау, көркейту жұмыстарын қаржыландыруға инвесторлардың қаржыларын тарту, қоғамдық қолайлы ахуал қалыптастыру, әрбір ауданда, қалада және ауылда тазалық пен тәртіп орнату, сонымен қатар облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың осы бағыттағы жұмыстарын жандандыру, жергілікті тұрғындардың ынталы бастамаларын жүзеге асырып, оң тәжірибелерді кеңінен насихаттау мақсаттарында жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу
2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу
Тармақ 3
3. Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:
Тармақша 1
1) «Ең үздік қала»;
Тармақша 2
2) «Ең үздік аудан орталығы»;
Тармақша 3
3) «Ең үздік ауылдық округ»;
Тармақша 4
4) «Ең үздік елді-мекен (кент, ауыл, село)»;
Тармақша 5
5) «Үлгілі аула»;
Тармақша 6
6) «Үлгілі үй».
Тармақ 4
4. Байқауға қалалар мен аудандардың тұрғындары, қоғамдық бірлестіктер, ауылдық округтер, мекемелер, ұйымдар, ауыл шаруашылық құрылымдары, шағын және орта бизнес кәсінорындары қатысады.
Тармақ 5
5. Байқау екі кезеңде өткізіледі:
Тармақша 1
1) I кезең (2003 жылдың маусымында) - аудан, қала деңгейінде байқау нәтижелерін шығару. Аудан әкімдеріне бас жүлде ретінде «Ең үздік ауылдық округ» номинациясы бойынша «УАЗ» немесе «Нива» автомашинасын бас жүлдеге тағайындау ұсынылады;
Тармақша 2
2) ІІ кезең (2003 жылдың шілдесінде) – облыстық деңгейде байқау нәтижелерін шығару.
Тармақ 6
6. Байқау ұйымдастыру және өткізу үшін:
Тармақша 1
1) аудан және қала әкімдерінің басшылығымен ұйымдар (денсаулық сақтау, білім, автожол, өртке қарсы күрес қызметін, санэпидстанция, сәулет және басқа да) қатыстырыла отырылып аудандық, қалалық комиссиялар;
Тармақша 2
2) облыс әкімінің жанынан облыстық комиссия (барлық номинациялар бойынша облыс аумағында байқау ұйымдастыру) құрылады.
Тармақ 7
7. Аудандық қалалық комиссиялар аудандық, қалалық байқау кезеңінің жеңімпаздарын бекітілген номинациялар бойынша бағалап, анықтайды.
Тармақ 8
8. Байқаудың бірінші кезеңі бойынша нәтижелері шығарылғаннан кейін аудандық және қалалық комиссиялар облыстық комиссияға мыналарды тапсырады:
Тармақша 1
1) аудан, қала әкімдері бекіткен байқаудың бірінші кезеңін өткізу жөніндегі аудандық, қалалық комиссия отырыстарьшың хаттамалары;
Тармақша 2
2) байқаудың бірінші кезеңі жеңімпаздарының барлық көрсеткіштерін және бағаларын тізген түсініктеме жазба;
Тармақша 3
3) қалалар мен елді-мекендер аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және тазалау жөніндегі байқаудың I кезеңінің жеңімпазы жайлы кино, фото құжаттар және ақпараттық материалдар.
Тармақ 9
9. Комиссия қалалық және аудандық комиссиялар тапсырған материалдарды қарайды, елді-мекендерге барып көреді, ақпараттар дайындайды және бекітілген номинациялар бойынша облыстық байқаудың жеңімпаздарын анықтайды.
Тармақ 10
10. Баға бес балдық жүйе бойынша қойылып, орындалған жұмыстар бойынша орташа ұпайы шығарылады:
Тармақша 1
1) аудан, ауылдық округ шекараларын, елді-мекенге кіре берісті рәсімдеу (елді-мекеннің көрсеткіштері немесе шығаберіс белгісі болуы, маңайындағы аумақтың жайлыландырылуы);
Тармақша 2
2) жеке меншік үйлердің жағдайы (фасадтары, қоршаулары, көгалдандырылуы және үй аумағының тазалығы);
Тармақша 3
3) қоғамдық ғимараттардың, әлеуметтік сала және сауда нысандарының жағдайы (фасадтары, қоршаулары, көгалдандырылуы және аумағының тазалығы, шағын базарларды, жағар-жанар май құю станцияларын, автобус аялдамаларын, жарнамалық құралдарды күтіп ұстау және олардың «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңға сәйкестігі);
Тармақша 4
4) өндіріс саласы нысандарының жағдайы: мал шаруашылығы орындары, машино-трактор шеберханалары, қырман, дәрілеу алаңдары, тыңайткыш және улы химикат қоймаларының жағдайлары (фасадтары, қоршаулары, көгалдандырылуы және аумағының тазалығы);
Тармақша 5
5) елді мекендердегі жолдарды, тратуарларды, жаяу жолдарды, суағарларды күтіп ұстау;
Тармақша 6
6) бос тұрған ғимараттарды консервациялау, қирандылардан тазарту; жерді қалпына келтіру;
Тармақша 7
7) тарихи жерлерді, сәулеттік ескерткіштерді және қоғамдық зираттарды күтіп ұстау жағдайы;
Тармақша 8
8) стадиондардың, спорт залдарының, спорт алаңдары мен спорттық қондырғылардың жағдайлары;
Тармақша 9
9) елді-мекендерде өсіп тұрған жасыл өсімдіктерді күтіп ұстау және санациялау (сквер, саяжай, мектеп маңындағы учаскелер) және демалыс орындарын көркейту;
Тармақша 10
10) сумен қамтамасыз ету (су қысымын көтеру мұнаралары мен қоғамдық құдықтардың санитарлық, гигиеналық жағдайы жаңа су шаруашылығы құрылыстарын салу, су тарату колонкаларының жарамдылығы, маңайында көпірлер болуы);
Тармақша 11
11) елді-мекен тұрғындарының бұлақтарды, өзен-көл жағаларын, ауыл маңындағы орман-тоғайларды тазалауға қатысуы;
Тармақша 12
12) қатты және сұйық тұрмыстық қоқыстарды төгу орындарының, көң қойманың, мал қорымының жағдайы;
Тармақша 13
13) тамақ өнеркәсібі нысандарының қоғамдық тамақтандыру, сауда кәсіпорындарының көктемгі, жазғы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы. Облыстық комиссия аудандарды аудан орталығы, елді-мекендер және ауыл шаруашылық құрылымдары бойынша жинаған ұпайларын ескере отырып бағалайды. Ұпай есептеу әрбір бағыт бойынша орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасына байланысты жүзеге асырылады: жұмыс көлемін 100 % орындағаны үшін – 5 ұпай 75%-дан 99%-ға дейін – 4 ұпай 50%-дан 75%-ға дейін – 3 ұпай 25%-дан 50%-ға дейін – 2 ұпай 25%-ға дейін – 1 ұпай
Тарау 3. 3. Жеңімпаздарды ынталандыру және наградтау
3. Жеңімпаздарды ынталандыру және наградтау
Тармақ 11
11. Бірінші, екінші, үшінші орын алған байқау жеңімпаздары грамоталармен және облыстық бюджеттен бөлінген ақшалай сыйақымен наградталады. Облыстық байқау жеңімпаздарына наградаларды облыс әкімі немесе Комиссияның төрағасы тапсырады. Үшайлык өткізу нәтижесі бойынша аудандық байқаулардың жүлде қорын аудандық комиссия белгілейді.
Тармақ 12
12. 2003 жылғы үшайлық бойынша облыстық байқау жеңімпаздарына төмендегі сыйақылар белгіленеді: а) «Ең үздік қала» номинациясында: І орын - 1000 000 теңге ІІ орын - 500000 теңге ІІІ орын - 100000 теңге б) «Ен үздік аудан орталығы» номинациясында: І орын - 500 000 теңге ІІ орын - 300000 теңге ІІІ орын - 100000 теңге в) «Ен үздік елді-мекен (кент, ауыл, село)» номинациясында: І орын - 300 000 теңге ІІ орын - 200000 теңге ІІІ орын - 100000 теңге г) «Үлгілі аула» номинациясында: І орын - 200 000 теңге ІІ орын - 100000 теңге ІІІ орын - 5000 теңге д) «Үлгілі үй» номинациясында: І орын - 200 000 теңге ІІ орын - 100000 теңге ІІІ орын - 50000 теңге Барлығы: 4 000 000 теңге.