Об установлении карантина на территории крестьянского хозяйства «Алмас» Тарлаулинского сельского округа Аягозского района Күшін жойған
Басқа 0
Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің «Алмас» шаруа қожалығының аумағына карантин белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз ауданы бойынша бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 176 ұсынысы негізінде, Тарлаулы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан қарасан ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің «Алмас» шаруа қожалығының аумағына карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.