Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщении в городе Жанаозен Күшін жойған
Басқа 0
Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифі белгіленсін:
Тармақша 1
1) Қалаішілік жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
Тармақша 2
2) Жаңаөзен қаласы - Рахат және Теңге ауылдары бағытында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға – 100 (жүз) теңге мөлшерінде;
Тармақша 3
3) Жаңаөзен қаласы - Қызылсай ауылы бағытында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға – 150 (жүз елу) теңге мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) 2017 жылғы 21 тамыздағы № 580 «Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3425 болып тіркелген, 2017 жылы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
Тармақша 2
2) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 946 «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 580 «Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3509 болып тіркелген, 2018 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 3
3. «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Ю. Коккозов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б. Ізғалиевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.