Об объявлении чрезвычайной ситуации Күшін жойған
Басқа 0
Төтенше жағдай жариялау туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Орал, Шаған, Деркөл, Сары Өзен мен Қара Өзендерде қардың біршама көп болуы, күзде ылғалдың мол түсіп, топырақ қабатының тез қатып қалуы елді мекендерді, шаруашылық объектілерін су басуы, гидротехникалық құрылыстардың қирап бүлінуі және табиғат апатының болуы қаупін туғызып отыр.
Ірі материалдық шығындарға жол бермеу үшін шұғыл түрде тасқын суға қарсы шараларды жүргізу қажет.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" ,"Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Орал, Шаған, Деркөл, Сары Өзен және Қара Өзен бойларындағы су басатын аймақтарда төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия (Качало), облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (Маючий) тұрғындар мен аумақты төтенше жағдайлардан қорғауға және оның зардаптарын жоюға ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын қатыстырсын, құтқару және апатта қирағандарды қалпына келтіру жұмыстарын іске асырсын, қажет болған жағдайларда халықты су басқан аймақтан уақытша көшіруді жүргізсін.
Тармақ 3
3. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері су қоймаларының, елді мекендердің және шаруашылық объектілерінің қорғаныш бөгеттерін бекіндіру жөніндегі шаралар кешенін шұғыл түрде жүргізуді қамтамасыз етсін. Тасқын су келтірген зиянның көлемін айқындау жөнінде комиссия құрсын және оның материалдарын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияға тапсырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.П. Качалоға жүктелсiн.