Об установлении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые субъектом государственной монополии Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін
тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 63-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Басқа 0. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін
тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірінің
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 143 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін
тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар
№
Көрсетілетін қызметтің
атауы
Саны
Ақпараттық-цифрлық көлем (Мегабайт)
Бағасы, теңге (қосылған құн салығын есептеусіз)
1
Техникалық-экономикалық негіздемелерді; үлгілік жобаларды; жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну
1 жинақ
100-ге дейін
2 079
2
100-ден 300-ге дейін
2 426
3
300-ден 500-ге дейін
2 982
4
500-ден 700-ге дейін
3 538
5
700-ден 1000-ға дейін
4 233
6
1000-нан 1500-ге дейін
5 345
7
1500-ден 2000-ға дейін
6 735
8
2000-нан 2500-ге дейін
8 125
9
2500-ден 3000-ға дейін
9 515
10
3000-нан 3500-ге дейін
11 600
11
4000-нан 5000-ға дейін
14 380
12
5000-нан 6000-ға дейін
17 160
13
6000-нан 7000-ға дейін
19 940
14
7000-нан 10000-ға дейін
25 500
15
10000-нан астам
29 670