О предоставлении информации при выпуске американских и глобальных депозитарных акций (расписок) Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Америкалық және әлемдік депозитарлық акцияларды (қолхаттарды) шығару кезінде ақпарат беру туралы Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың (бұдан әрі "Эмитенттер" деп аталады) америкалық және әлемдік депозитарлық акцияларды (қолхаттарды) шығарулары жөніндегі процесін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Директораты (бұдан әрі - "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Осы Қаулыда қолданылған мынадай ұғымдар айқындалсын:
Тармақша 1
1) АДР - Эмитент "демеушілік" жасайтын (Эмитенттің бастамасы бойынша және/немесе келісімімен және/немесе қолдауымен депозитарий-банк шығаратын) америкалық депозитарлық акциялар (American Depositary Shаrеs), америкалық депозитарлық қолхаттар (American Depositary Rесеiрts), әлемдік депозитарлық акциялар (Giobal Depositary Shаrеs);
Тармақша 2
2) валюталық құндылықтар - бұл "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 1-бабының айқындалғандай;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының резидент емесі - бұл "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 1-бабында айқындалғандай;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының резиденті - бұл "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 1-бабында айқындалғандай;
Тармақ 2
2. Эмитенттердің ақпарат берулерінің мынадай тәртібі белгіленсін:
Тармақша 1
1) АДР тек бұл жөнінде Ұлттық комиссияны жазбаша ескерткеннен кейін ғана жүзеге асырыла алады;
Тармақша 2
2) жоғарыда аталған жазбаша ескертпеге: - Эмитент акционерлерінің жалпы жиналысының АДР шығару туралы шешімінің көшірмесі (хаттамадан үзінді-көшірме) не осындай шешім шығаруға өкілетті өзге орган шешімінің көшірмесі (хаттамадан үзінді көшірме); - АДР шығарылымының жорамал сомасын, елдің АДР шығарылымын жүзеге асыратын депозитарий-банктің атауын, шығарылымның жетекші менеджерінің (лерінің) атауы(лары) және АДР шығарылымының эмитент хабарлауға қажетті деп санайтын өзге де маңызды шарттарын көрсете отырып ақпараттық хат; - екінші деңгейдегі банктер үшін: осы бағалы қағаздардың эмиссиясына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясының көшірмесі; - Эмитент қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-ұйымның ("Арнаулы кәсіпорын" -Special Purpore Vehicle (SPV) деп аталатын) АДР шығаруы мақсатында қолдану үшін: капитал қозғалысына байланысты және валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына өтуін (орын ауыстыруын), атап айтқанда Эмитенттің Арнаулы кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысуын көздейтін валюталық операцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берген лицензияның көшірмесі қоса берілуі керек; - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және жұмыс iстеп тұрған қор биржасы берген, эмитенттiң бұрынғы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының осы қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлгендiгi туралы жазбаша растама (осы бөлiк Ұлттық комиссия Директоратының 1998 жылғы 20 қарашадағы N 197-2 қаулысымен енгізiлген); 📌 Ескерту. 2) тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директоратының 1998.11.20. N 197-2 қаулысымен .
Тармақша 3
3) АДР орналастыру аяқталғаннан кейін 15 күн ішінде Ұлттық комиссияға: - АДР эмиссияларының проспектісі; - шығарылым елінің депозитарий-банкімен келісімнің көшірмесі; - шығарылымның елі, шығарылым валютасы, шығарылым сомасы, шығарылым деңгейі, орналастыру сәтіне және осы есепті беру сәтіне АДР-дың бағасы туралы ақпарат енгізілген АДР шығарылымы және орналастыру қорытындылары туралы есеп; - андеррайтерлерінің немесе АДР сатып алушылардың тізімі берілу керек.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасына жүктелсін.