О создании градостроительного Совета Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қала құрылысы жөніндегі қалалық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы қаңтардың 23-індегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31-бабындағы 1 тармақтың 17-тармақшасы (Қазақстан Республикасы Парламентының Жаршысы, 2001 жылғы N 3, 17 бет; "Қазақстанская правда", 2001 жылғы қаңтардың 30-ындағы N 25-26; "Юридическая правда" қазанның 7-сіндегі N 6-7) негізінде, қала аудандарындағы қала құрылысы мен жобалау мәселелері жөніндегі әкімдіктің кеңестері мен ұсыныстарын зерттеу мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігі жанындағы кеңесші орган-қала құрылысы жөніндегі Кеңес келесі құрамда (N 1 қосымша) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қала құрылысы туралы ереже (N 2 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қала құрылысы Кеңесінің дербес құрамы Орал қалалық мәслихатының сессиясында бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ. Х. Қапақовка жүктелсін.
Басқа 5. Қала құрылысы Кеңесінің құрамы
Орал қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 20 ақпандағы N 133 қаулысының N 1 – қосымша Қала құрылысы Кеңесінің құрамы Ольга Владимировна Назарчук - инфрақұрылым және құрылыс бөлімінің меңгерушісі - Кеңес төрайымы Наталья Юрьевна Филиппова - инфрақұрылым және құрылыс бөлімінің жетекші маманы - Кеңес хатшысы Кеңес мүшелері: Анатолий Александрович Гриднев - Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени Мұраны қорғау инспекциясының бас маманы Мағзон Нұғманұлы Исенғалиев - Батыс Қазақстан облыстық сәулет және құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Нариман Қуанғалиұлы Искиндиров - "Күмбез" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, сәулетші Степан Григорьевич Килюмнюк - "Газжобалау" ғылыми-зерттеу жобалау институты" акционерлік қоғамы шеберханасының бастығы Евгений Абрамович Кизилов - қала әкімдігінің инфрақұрылым және құрылыс бөлімі сәулет-жоспарлау бөлімінің бастығы Жақсығали Мұхамбетұлы Нұғманов - "Архстройпроект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры,сәулетші Ирина Борисовна Петрова - "Лад" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, сәулетші Әлия Болатқызы Райымқұлова - Орал қаласы әкімінің аппараты мәдениет бөлімінің меңгерушісі Анатолий Мирзабаевич Рафиков - Батыс Қазақстан облыстық суретшілер Одағының төрағасы Майра Гұмарқызы Сәрсенғалиева - Қазақстан Сәулетшілер Одағы Батыс Қазақстан ұйымының төрайымы Болат Тұрсынбайұлы Өтегенов - "Кульман" жауапкершілігі шектеулі Серіктестігінің бас сәулетшісі Юрий Бореевич Умеркаев - "Нефтегаз" ғылыми-зерттеу жобалау институтының" бас сәулетші
Басқа 6. Қала құрылысы жөніндегі Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Орал қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 20 ақпандағы N 133 қаулысының N 2 – қосымша Қала құрылысы жөніндегі Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Қала құрылысы жөніндегі Кеңес туралы ереже қолданымдағы заңнамаға сәйкес дайындалған.
Тармақ 2
2. Қала құрылысы жөніндегі Кеңес-Орал қаласы әкімдігі жанындағы кеңесші орган. Кеңестің негізгі міндеті қала мен оның функционалдық аймақтарын, инфрақұрылымдарын, аудандарын, махаллаларын, қала ортасының объектілерін дамыту және қайта құру бағдарламаларын, жобалары мен тұжырымдарын, сондай-ақ қала құрылысы және сәулет саласындағы мәселелерді қарау және келісу, жобалауды ұйымдастыру, қала құрылысы саясатын қалыптастыру және құрылысты реттеу жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес шешімі қала құрылысы мәселелерін шешу барысында қала әкімдігінің қаулысына немесе әкімнің шешіміне қосылуы мүмкін.
Тарау 2. 2. Кеңестiң мiндеттерi
2. Кеңестiң мiндеттерi
Тармақ 1
1. Кеңес қосымша зерттеулер мен барлау және нысандарды орналастырудың мақсаттылығы жөнінде шешімдер қабылдай алады.
Тармақ 2
2. Кеңес төрағасы қала әкімдігінің мәжілісінде қаралған мәселелер жөніндегі Кеңестің ұсыныстары жөнінде баяндайды.
Тарау 3. 3. Кеңестің құрамы және қызметті ұйымдастыру
3. Кеңестің құрамы және қызметті ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Қалалық Кеңестің құрамына мынадай мамандар кіреді: сәулетшілер, жобалаушылар, дизайнерлер, суретшілер, жергілікті басқару органдары, қалалық қызметтер, санитарлық қызметтер, жер инспекциясы, ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы, сәулетшілер мен суретшілердің қоғамдық ұйымдарының өкілдері.
Тармақ 2
2. Кеңестің жеке құрамын қалалық мәслихат бекітеді.
Тармақ 3
3. Қалалық Кеңесті Кеңес төрағасы - қаланың бас сәулетшісі, ол болмаған кезде оның орынбасары басқарады.
Тармақ 4
4. Кеңес төрағасының құзыреті. Кеңес төрағасы:
Тармақ 1
1. Кеңестің жеке құрамын қалыптастыру жөніндегі мәселелерді ұсынады;
Тармақ 2
2. Кеңестің қарауына ұсынылатын қызмет бағдарламасы мен мәселелер тақырыптамасын анықтайды;
Тармақ 3
3. Кеңестің шешімдері мен ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді және оның хаттамаларының орындалуына жауапты;
Тармақ 4
4. Қаралатын мәселе бойынша пікірсарапшыларды, сарапшыларды немесе оппоненттерді, проблемалық мәселелер бойынша баяндаушыларды тағайындайды.
Тармақ 5
5. Қажет болған жағдайда Кеңес жұмысына маман-сарапшылар қатысады.
Тармақ 6
6. Кеңес қызметінің ұйымдастыру және хаттамалық бөлігін Қалалық Кеңестің хатшысы орындайды.
Тармақ 7
7. Қалалық Кеңес хатшысының қызметі:
Тармақша 1
1) Кеңестің шешімдері мен хаттамаларын жүргізу және тарату, оларды тіркеу және есепке алу;
Тармақша 2
2) мәжілістерді ұйымдастыру және Кеңес мүшелерін құлақтандыру;
Тармақша 3
3) жобалық материалдар мұрағатын қалыптастыру;
Тармақша 4
4) сарапшылардың сараптаманы уақытында өткізуін бақылау;
Тармақ 8
8. Кеңеске қатысқан пікірсарапшылар мен сарапшылардың, Кеңес мүшелерінің жұмысына ақы төленбейді.
Тармақ 9
9. Кеңестің мүшелері жеке пікір білдіруге құқы бар, ол Кеңес хаттамаларында ресімделеді.
Тармақ 10
10. Кеңестің жұмыс хаттамалары Кеңестің мұрағатында сақталады және сөйленген сөздердің қысқаша андатпасы, сарапшылардың қорытындылары, жобалардың фото немесе ксерокөшірмелерінің ішінде бар. Кеңестің төрағасы, хатшысы және мәжілісте қатысқан Кеңес мүшелері хаттамаға қол қояды. Кеңестің хаттамалары жалпыға жеткілікті.
Тармақ 11
11. Қалалық Кеңестің жұмысына салушының, инвестордың, тапсырыс берушінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Тарау 4. 4. Қаралатын жобалардың, мәселелер мен қарау процедурасының санаттары
4. Қаралатын жобалардың, мәселелер мен қарау процедурасының санаттары
Тармақ 1
1. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын қала құрылысы бағдарламалары, жобалары, тұжырымдамалары, қала құрылысының бас жоспарлары, толық құрылыс жобасы және қайта құрудың қала жобалары, қала маңы мен ландшафтық аумақтар, парктер, көлік қызметі мен инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту нобайлары, демалыс аймақтары, және т. с. жобалар Қалалық Кеңесте міндетті түрде қаралады.
Тармақ 2
2. Қаланың орталығындағы қорғауға жататын тарихи аумақ шетінде жасалған жобаларда тарихи-сәулеттік талдау бөлімдері болуы тиіс.
Тармақ 3
3. Қала ғимараттары, құрылымдар мен қала ортасы нысыналарының жобасын бас сәулетшінің бастамасымен Қалалық Кеңесте қарау келесі негіздемелер бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) нысананың маңыздылығы;
Тармақша 2
2) нысананың жалғызіліктілігі;
Тармақша 3
3) қала құрылысының немесе құрылыс жағдайының қүрделілігі;
Тармақша 4
4) жобаның ескіруі;5) қала ортасының ахуалының немесе сипаттамасының өзгеруі;
Тармақша 6
6) ауданның даму тұжырымдамасының өзгеруі.
Тармақ 4
4. Жоба авторлардың немесе тапсырыс берушілердің демонстрациялық мәліметтерімен, тапсырыс берушінің талабы бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерімен ұсынылады. Мұрағат пен іске асыру жөніндегі ұсыныс үшін мәліметтердің ксеро- және фотокөшірмелері бірге тапсырылады.
Тарау 5. 5. Наразылық, талап, дау.
5. Наразылық, талап, дау.
Тармақ 1
1. Кеңес шешімімен келіспеушілік білдірген жағдайда Кеңестің іс-әрекеттеріне сотқа шағымдануға болады.
Тармақ 2
2. Қала Кеңесі жағдай өзгерген болса және тиісті негіздеме болғанда бұрынғы шешімін қайта қарауға құқы бар.
Тармақ 3
3. Сарапшылардың қорытындыларына талаптар туындаса жауапкершілік сарапшыларға жүктеледі.