Об образовании районной комиссии по делам семьи и женщин Қолданыста
Басқа 0
Аудандық отбасы және әйелдер істері жөніне комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын басшылыққа алып, отбасы мүдделерін қорғау, әйелдердің аудандық саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысуы үшін қажетті жағдайлар туғызу мақсатында аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аудан әкімі жанынан консультациялық - кеңесші орган ретінде аудандық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия төмендегі құрамда құрылсын:
Вера Кузьминична Шохина - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы;
Елена Петровна Чирова - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрайымының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Галина Владимировна Бабушкина - аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
Гулнәр Рахметоллақызы Байғазиева - Переметный орта мектебінің директоры;
Рахила Дарқожақызы Бабақожа - Дарьинск ауылындағы Зеленов аудандық ЗАГС бөлімінің бас маманы;
Рысты Ғабдолқызы Жұбандықова - аудандық білім бөлімінің меңгерушісі;
Нұрия Қалибекқызы Дусвалиева - Зеленов аудандық ЗАГС бөлімінің басшысы;
Надежда Михайловна Калашникова - Дарьинск орта мектебінің сыныптан тыс жұмыстар жөнінде ұйымдастырушысы;
Марат Кеңесұлы Калиев - аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі;
Гулсара Хабиболлақызы Серғалиева - аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. (№1 қосымша).
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның дербес құрамын аудандық мәслихатқа бекітуге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В. К. Шохинаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Аудан әкімінің "Аудандық отбасы және әйелдер істері жөнінде комиссия құру туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі №49 тіркеу № 254 2000 жылғы 31 наурыздағы шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Аудан әкімінің "Аудандық отбасы және әйелдер істері жөнінде комиссия құру туралы" 2003 жылғы 26 ақпандағы №73 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Басқа 7. Зеленов ауданы әкімдігінің жанындағы Отбасы және
әйелдер жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
2003 жылғы 4 сәуірдегі №129
қаулысына бекітілген
Зеленов ауданы әкімдігінің жанындағы Отбасы және
әйелдер жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Зеленов ауданы әкімдігінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) консультативтік- кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның белгіленген басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі кешенді бағдарламаларды қалыптастыру;
Тармақша 2
2) отбасын, әйелдер мен балаларды әлеуметтік, экономикалық, заңдық және психологиялық қолдау жөніндегі өзге де іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) халықтың денсаулық жағдайын, ана мен баланы қорғауды, отбасының тыныс-тіршілігінің әлеуметтік-экономикалық шарттарын қайта өркендету процестеріне кешенді талдау жүргізу;
Тармақша 4
4) отбасының, әйелдер мен балалардың қоғамдық экономикалық, әлеуметтік саяси және мәдени өміріндегі нақты жағдайы мәселелері жөніндегі ақпараттық базаны қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 5
5) әйелдердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарға өкілдігін кеңейтуге жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) әйелдерді тарта отырып шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөнінде ұсыныс әзірлеу және оны іске асыруға қатысу;
Тармақша 7
7) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын қарауға қатысу;
Тармақша 8
8) көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді жүзеге асыруға, мектепке жаппай оқуды қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі өзгеде әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 9
9) жергілікті өкілді және атқарушы органдар үшін комиссияның құзыретіне мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
Тармақша 10
10) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайы аспектілерін неғұрлым толық және объективті көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 11. Комиссияның өкілеттігі
11) өз құзыретінің шегінде барлық мүдделі ұйымдарымен ынтымақтасу, сондай-ақ отбасы, әйелдермен балалар мәселелері жөнінде аймақтық конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізу.
Комиссияның өкілеттігі
Тармақ 4
4. Комиссия өз құзыретінің шегінде:
Тармақша 1
1) өзінің отырыстарына әкімге тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын шақыруға және тыңдауға;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіппен өз қызметін жүзеге асыру үшін қажет құжаттар, материалдар және ақпарат сұратуға;
Тармақша 3
3) тиісті жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдардың бұзылуына жол берілген фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тексерістер жүргізу туралы ұсыныс енгізуге;
Тармақша 4
4) белгілеген тәртіппен комиссияның отырыстарын дайындауға қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде қоғамдастықтың беделді және кәсіби даярланған өкілдерін тартуға;
Тармақша 5
5) әйелдердің арасынан кандидатураларын басшы лауазымдарға ұсынуға жәрдемдесуге;
Тармақша 6
6) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестіктерге және өзге ұйымдарға статистикалық, талдаулық, әдістемелік және ақпараттық материалдар жолдауға құқылы;
Тармақша 7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
7) комиссия азаматтардың келіп түскен өтінімдерін қараудың, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларының қорытындысы бойынша, мәні бойынша шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына материалдар жалдай алады.
Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия өз қызметін аудан әкімдігі бекіткен Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссияны әкім тағайындаған төраға басқарады. Комиссияның төрағасының орынбасары бола алады.
Тармақ 7
7. Комиссияға әдетте, жергілікті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссияның сандық және жеке құрамын комиссия төрағасының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі белгілейді.
Тармақ 8
8. Комиссияның отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі;
Тармақ 9
9. Комиссия шешімді комиссия мүшелерінің отырысқа қатысып отырған санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысса құқық күші бар болып саналады.Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) комиссияның қызметіне басшылық жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;
Тармақша 3
3) комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді. Комиссияның төрағасы болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша отырыстарға оның орынбасары немесе комиссия мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
Тармақша 4. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету
4) комиссия мүшелерінің қатарынан комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді.
Комиссияның қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 11
11. Комиссияның қызметін ақпараттық талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі жүзеге асырады.