О Координационном Совете по борьбе с туберкулезом Күшін жойған
Басқа 0
Туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы қаңтардың 23-індегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-ІІ Заңының 31-бабындағы 1-тармақтың 17-тармақшасы негізінде, Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы ақпанның 9-ындағы "Туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы" N 39 шешімін (2001 жылғы наурыздың 2-сіндегі тіркеу №708) орындауда және туберкулезбен күресті ұйымдастыру бағытындағы қызметті үйлестіру мақсатында қала әкімдігі Қаулы Етеді:
Тармақ 1
1. Қала әкімі жанында туберкулезбен күресу жөніндегі қалалық Үйлестіру Кеңесі құрылсын. Оның құрамы мен Кеңес туралы Ереже N 1 және N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қала әкімінің 2001 жылғы сәуірдің 13-індегі "Туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы" N 371 шешімі (2001 жылғы сәуірдің 26-сындағы тіркеу N 812) күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қалалық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.И. Тарасенкоға жүктелсін.
Басқа 5. Туберкулезбен күресу жөніндегі қалалық Үйлестіру Кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Орал қаласы әкімдігінің
2003 жылғы 24 сәуірдегі
N 317 қаулысына N 1 қосымша
Туберкулезбен күресу жөніндегі қалалық Үйлестіру Кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Елена Ивановна Тарасенко - қала әкімінің орынбасары, төраға
Әлия Хайрушқызы Жамбаева - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, төрағаның орынбасары
Кеңес Әбдиұлы Берсағұров - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер
Ермекқали Хамитұлы Жаданов - тұрақты тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры
Қаныбек Сисенғалиұлы Жақсығалиев - қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Зияда Надырғалиқызы Молдағалиева - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы (келісім бойынша)
Александр Михайлович Мозжухин - қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары
Герман Владимирович Одинец - облыстық туберкулезге қарсы диспансері бас дәрігерінің орынбасары (келісім бойынша)
Әлия Болатқызы Райымқұлова - қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі
Бақытжан Қайырұлы Шамшитов - отын-энергетика кешені бөлімінің меңгерушісі
Басқа 6. Туберкулезбен күрес жөніндегі қалалық
Үйлестіру Кеңесі туралы
Ереже
Орал қаласы әкімдігінің
2003 жылғы 24 сәуірдегі
N 317 қаулысына
N 2 қосымша
Туберкулезбен күрес жөніндегі қалалық
Үйлестіру Кеңесі туралы
Ереже
Тармақ 1
1. Туберкулезбен күрес жөніндегі қалалық Үйлестіру Кеңесі қала әкімі жанындағы кеңесші орган болып танылады (бұдан әрі - Кеңес).
Тармақ 2
2. Кеңестің құрамына облыстық денсаулық сақтау басқармасы, қалалық ішкі істер бөлімі, қалалық білім басқармасы, қалалық мәдениет бөлімі, еңбек, қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы басқармасының өкілдері кіреді.
Тармақ 3
3. Туберкулезбен күрес жөніндегі Кеңес:
Тармақша а
а) қалалық басқармалар, бөлімдер және мекемелердің туберкулезбен күресті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруге қатысады;
Тармақша б
б) денсаулық сақтау мекемелері жетекшілерінің, кенттік округтері әкімдерінің, малдәрігерлік, ішкі істер және мемлекеттік органдары жетекшілерінің қаладағы туберкулезбен күресу жағдайын алдын-ала тексеріп, дайындаған ақпаратын тыңдайды.
Тармақ 4
4. Кеңестің мәжілістері тоқсан сайын өткізіледі. Жұмыс жоспары Кеңестің мәжілісінде бекітіледі.
Тармақ 5
5. Жұмысты ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді қала әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі жүзеге асырады.