Об упразднении Комитета оборонной промышленности Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi (бұдан әрі - Комитет) таратылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттi таратуды жүзеге асырсын, Министрлiкке берiлетiн ұйымдастыру техникасы мен автокөлiктi қоспағанда, оның мүлкін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне берудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар мен eкі рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 657 қаулысы ;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн 43-тармағының өзгертулері (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж. N 35, 327-құжат);
Тармақша 3
3) "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрі сату жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiліктілiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 11 шілдедегi N 763 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 233-құжат).
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен басып күшiне енедi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2003 жылғы 20 мамырдағы
N 467 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.18. N 952 қаулысымен .
Тармақ 3
3. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның ішінде жекешелендiрудің алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнің тiзбесiнде:
1-тармақтағы "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетінің," деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің," деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.03.12. N 243 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 1237 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 1237 қаулысымен.
Тармақ 7
7.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N 614 қаулысымен .