Об установлении минимальных розничных цен на водки и водки особые, водки с защищенным наименованием места происхождения товара, крепкие ликероводочные изделия, коньяк и бренди Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ең төмен бөлшек сауда бағалары:
Тармақша 1
1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бір литрі үшін 1 980 теңге;
Тармақша 2
2) коньяк пен брендиге бір литрі үшін 2 930 теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.