О создании областной ономастической комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық ономастика комиссиясын кұру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 19, 20 баптарын, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11 -ші бабын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардын атауларынын транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы» 1996 жылғы 5 наурыздагы № 281 қаулысын орындау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігі жанынан ономастика комиссиясы құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық ономастика комиссиясы туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 16, 2003 жылғы 7 наурыздағы №44 «Облыстық ономастика комиссиясын құру туралы» облыс әкімдігі қаулыларының күші және әділет басқармасы мемлекеттік тіркеуден бас тартуына байланысты 2003 жылғы 21 наурыздағы № 67 «Облыстык ономастика комиссиясын құру туралы» облыс әкімдігі қаулысының күштері жойылсын.
Басқа 4
Облыс әкімдігінің
2003 ж. «25» сәуірдегі №
96 «Облыстық ономастика
комиссиясын құру туралы»
қаулысымен бекітілген
Солтүсгік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясы (бұдан Комнссия) географиялық объектілердің атауына бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен олардың есебін жүргізуді реттеу, облыстың тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде
тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау жене оларды қайта атау мақсатында ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін консультациялық кеңесу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қазақстан Республикасындағы көсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібі туралы» қаулысын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссня құрамы облыс әкімінің ұсынуы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатымен бекітіледі.
Тармақ 4
4. Комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктер, физикалық-географиялық объектілер және мемлекет меншігіндегі объектілер атауларына қатысты ұсыныстар береді.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттері
2. Негізгі міндеттері
Комиссияның негізгі міндеттері:
географиялық атауларды жинақтау және зерделеу, ономастика мәселелеріне байланысты материалдарды бір жүйеге келтіру;
бұрын жоғалтылған тарихи топонимдерді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
жаңа объектілерге атау беру туралы ұсыныстар жасау;
ономастикаға географиялық және тарихи-мәдени пәндеме ретінде қолдау : корсету болып табылады.
Тарау 3. 3. Негізгі функциялары мен өкілеттігі
3. Негізгі функциялары мен өкілеттігі
Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында: орфографияның, ғылыми транскрипцияның және қалыптасқан мәдени-тарихи, әлеуметтік факторлардың қолданылып жүрген нормаларының негізінде: Мемлекеттік меншіктегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, темір жол және автомобиль жолдары станцияларының, пошта бөлімшелерінің, мекемелердің, көсіпорындардың, жоғары, жалпы білім беру, арнаулы орта және кәсіптік оқу орындарының, көлік және басқа да объектілердің аталуы, қайта аталуы және транскрипциясының нақтылануы бойынша қорытындылар ұсынады;
Жергілікті ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіреді, комиссияның атына әкімшілік-аумақтық бірліктерге, әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық обьектілерге ат қою және олардың атауын өзгерту, атауларының транскрипцияларын өзгерту бойынша түскен құжаттарды қарайды. Олар бойынша шешім қабылдап, құжаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының қарауына жолдайды;
өз отырыстарында қала, аудандардың ономастика комиссияларының хабарламалары мен ақпараттарын тыңдайды;
ұйымдардың, жекелеген азаматтардың тарихи топонимдерін қалпына келтіру немесе ауыстыру мәселелері жөніндегі хаттарын қарайды және тиісті ұсынымдар береді;
облыстың картасын жасау проңесінде пайда болған мәселелерді шешуге көмек көрсетеді, оларда облыстың географиялық атауларының дұрыс транскрипциялануын қадағалайды;
ономастика мен топонимика жөнінде анықтамалықтар мен сөздіктер шығаруды үйлестіред
елді мекендердің, көшелердің, даңғылдардың, алаңдардың тұғырлы атауын сақтауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
жергілікті халықтың облыстың тарихн-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретіндегі байырғы халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға құрметмен қарауын қалыптастыруға белсенді ыкпал етеді;
жергілікті өкілді және атқарушы органдардың материалдары, хабарлаулары және ақпараттары бойынша ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың жай-күйін талдайды.
Тарау 4. 4. Жұмысын ұйымдастыру
4. Жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Комиссняның отырысы жергілікті жерлерден материалдардың келіп түсуіне және қажетіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің кемінде жартысы қатысса күші бар деп саналады.
Тармақ 2
2. Комиссияның шешімі оның отырысына қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс берумен қабылданады.
Тармақ 3
3. Қажет болған жағдайда Комиссияның құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді қарау үшін жүмыс топтары құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссияның хатшысы отырыстардың құжаттарын өзірлеп, күн тәртібі дайындайды, Комиссия мүшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады іс қағаздарын жүргізуге жауап береді.