Об исключении из учетных данных некоторых административно-территориальных единиц Западно-Казахстанской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін деректер есебінен шығару туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Зaңдарына сәйкес және Ақжайық, Бөкейордасы, Жаңақала, Жәнібек, Сырым аудандары мәслихаттары мен әкімдерінің бірлескен шешімідерінің негізінде облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ШЕШІМ ЕТЕДІ: Тұрғындарының көшіп кетуіне байланысты төмендегі елді мекендер таратылсын және деректер есебінен шығарылып тасталсын: Ақжайық ауданы бойынша: Ақсуат ауылдық округінің Қосауыз ауылы; Қабыршақты ауылдық округінің Шымқұдық ауылы; Бөкейордасы ауданы бойынша: Саралжын ауылдық округінің Жаңа ауыл ауылы; Жаңақала ауданы бойынша: Мәстексай ауылдық округінің Екпінді ауылы; Жаңажол ауылдық округінің Нәрік ауылы; Пятимар ауылдық округінің Әлімбек ауылы; Жәнібек ауданы бойынша: Ақоба ауылдық округінің Мәңгүр ауылы және Жиембет ауылы; Қамысты ауылдық округінің Бірінші Май ауылы; Ұзынкөл ауылдық округінің Мұратсай ауылы; Жақсыбай ауылдық округінің Құнаншапқан ауылы; Талов ауылдық округінің Бірлік ауылы; Сырым ауданы бойынша: Қособа ауылдық округінің Қырымқожа ауылы; Елтай ауылдық округінің Тінәлі ауылы және Батпақты ауылы; Талдыбұлақ ауылдық округінің Аққұдық ауылы және Арайлы ауылы; Алғабас ауылдық округінің Ақсай ауылы.