Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории Макатского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақат ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 бабының 2) және 3) тармақшаларына және 27 бабына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мақат ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 185 «Мақат ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарды белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3708 санымен тіркелген, 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шанғалаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Мақат ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
Мақат ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 63 қаулысына қосымша Мақат ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар № Елді-мекен атауы Арнайы бөлінген орындар Бірліктер саны Автодүкендерде Шатырларда (павильондарда) 1 Мақат кенті «Қазына» мейрамханасының маңында 2 - 2 Мақат кенті «Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің «Муса Баймұханов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі маңында 2 1 3 Мақат кенті «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мақат аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында 2 3 4 Мақат кенті №45 нүкте 20 20 5 Доссор кенті «Инабат» сауда үйінің маңында 3 2 6 Доссор кенті Орталық алаң 20 20 7 Бәйгетөбе ауылдық округі «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі алдында 20 20