Об утверждении Правил осуществления государственных закупок при реализации (внедрении) пилотных проектов по строительству объектов в отраслях здравоохранения, образования и жилищного строительства, являющихся технически не сложными, строительство которых предполагается по типовым проектам, типовым проектным решениям и проектам повторного применения Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың ҚазақстанРеспубликасыҚаржыминистрлігінің интернет-ресурсындаорналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.
Басқа 0. Техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 320 бұйрығымен бекітілген Техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпыережелер
1-тарау. Жалпыережелер
Тармақ 1
1. Осы Техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – пилоттық жобалар).
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) құнның ірілендірілген көрсеткіштері – объектілердің қуаты көрсеткішінің өлшем бірлігіне ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының ірілендірілген көрсеткіштері (ғимаратқа немесе жалпы құрылысқа, ғимараттың құрылыс көлемінің 1 текше метріне, ғимараттың пайдалы алаңының 1 текше метріне, құрылыстың 1 текше метріне сыйымдылығына (резервуарға, тұндырғышқа, бассейнге), желілік құрылыстың (электр беру желісі, автомобиль жолы, құбыр желісі, электрмен жабдықтау және байланыс кәбілдері) ұзақтығы 1 километрге, ғимараттың, құрылыстың функционалдық мақсатын ескеретін басқа да техникалық сипаттамаларға), құрылыстар мен жұмыс түрлерінің сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) «толық аяқталған» кешенді –құрылыс-жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қоспағанда, жобалау және іздестіру жұмыстарын орындауды, «толық аяқталған» құрылысты және көрсетілген жұмыстарға ілеспе тауарлар жеткізуді, қызметтер көрсетуді қамтитын құрылыс жөніндегі кешенді жұмыстар. Осы Қағидаларда пайдаланатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен айқындалған мағынада қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы болжанатын денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 3
3. Пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес тапсырыс беруші әзірлеген ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің негізінде «толық аяқталған» объектілерін кешенді салу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Егер әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы конкурсқа бөлінген бағадан 30 (отыз) пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік болып танылады.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалар өзіне мыналар:
Тармақша 1
1) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (байланыстыру);
Тармақша 2
2) құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша бірыңғай лот құрамында мемлекеттік сатып алуды өткізуді қамтиды.
Тармақ 6
6. Пилоттық жоба бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттама біліктілік талаптары мен құнның ірілендірілген көрсеткіштерін қамтиды.
Тармақ 7
7. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытындылар хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның барлық мүшелері мемлекеттік сатып алу веб-порталында қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында қорытындылар туралы шешім қабылданған күні орналастырады.
Тармақ 8
8. Конкурстық құжаттама конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттарды:
Тармақша 1
1) төленген салықтардың көрсеткішін;
Тармақша 2
2) жұмыс тәжірибесін көздейді.
Тармақ 9
9. Егер әлеуетті өнім берушінің төленген салықтар көрсеткіші 3 (үш) пайыздан жоғары болған жағдайда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы 0,1 (бірден он) пайыздан асатын әрбір пайыз үшін 0,1 (бірден он) пайыз мөлшерінде, бірақ 3 (үш) пайыздан аспайтын шартты жеңілдік автоматты түрде береді.
Тармақ 10
10. Егер әлеуетті өнім берушінің жаңа құрылыс бойынша бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын жұмыстар нарығында, оның ішінде конкурс нысанасы болып табылатын ұқсайтын (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыс тәжірибесі бар әрбір жыл үшін 1 (бір) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер 1 (бір) жыл ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін 0,2 (оннан екі) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері 5 (бес) пайыздан аспайды. Қосалқы мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесі ескерілмейді.
Тармақ 11
11. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын төлеген салықтарының үлкен көрсеткіші бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Тармақ 12
12. Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама, инжинирингтік қызметтер (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару) жүргізу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін тапсырыс берушілер Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен реттеледі.