Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 16.01.2004 № 9 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" 2000 жылғы 20 сәуірдегі №377 Жарлығын және облыс әкімінің 2001 жыл 10 қаңтардағы №3 "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" шешімін жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы от 14.02.2003 г. № 7 (Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы)
1. Аудан әкімінің жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын және оның құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Аудан әкімінің 2001 жыл 15 ақпандағы №26 а "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" шешімінің күші жойылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. А. Шыныбековке жүктелсін.
Аудан әкімінің
2003 жылғы 14 ақпандағы
№7 шешіміне 1-қосымша
Аудан әкімі жанынан құрылған қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамы:
Сагинов Замир Садықұлы - аудан әкімі, үйлестіру Кеңесінің төрағасы
Шыныбеков Абат Абайұлы - аудан әкімінің орынбасары, үйлестіру Кеңесі төрағасының
орынбасары
Қайсағалиева Эльмира Бектемірқызы - аудан әкімі аппаратының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы, Кеңестің хатшысы
Кеңес мүшелері:
Мендығалиев Ерлан Асылбекұлы - аудан әкімінің орынбасары
Қадірғалиев Бейімбет Берекетұлы - аудандық прокурор (келісім бойынша)
Абатов Нұрлан Жүнісұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Тоқпанов Сергей Хариполлаұлы - кеден бекетінің бастығы (келісім бойынша)
Боранбаев Сырлыбай Қайыршыұлы - Қазталов ауданы бойынша қаржы полициясының бастығы
Аудан әкімінің
2003 жыл 14 ақпандағы
№7 шешіміне 2-қосымша
Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер
1. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі аудан әкімі жанындағы ақыл-кеңес органы болып табылады. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелерінде атқарушы, құқық қорғау органдарының қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдеріне және осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
3. Кеңес құрамын әкім анықтайды және бекітеді.
ІІ. Кеңестің негізгі мақсаты
Кеңестің негізгі мақсаты мен міндеттері мыналар:
1. Аудандық атқарушы, құқық қорғау органдарының қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру салаларында құқық тәртібі мен заңдылықты нығайтуда ведомствоаралық үйлестіру қызметін қамтамасыз ету;
2. Аудандағы құқықтық жағдайды талдау, қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі шаралар жоспарларын қарау және бекіту;
3. Ішкі істер бөлімі, прокуратура, кеден, салық және салық полициясы органдары қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қызметінің аясын дамыта түседі;
4. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент және Үкімет актілерін, облыс әкімі және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, атқарушы, құқық қорғау органдарының қылмыскерлік және жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі орындаушылық мүмкіншіліктерін зерттеу.
ІІІ. Кеңестің қызметі
Кеңес мынандай қызметтерді жүзеге асырады:
1. Кеңестің мәжілістерінде атқарушы, құқық қорғау органдарының ауданда қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жағдайларын қарау;
2. Атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыруы жөніндегі басшыларының есебін тыңдау;
3. Кеңеске жүктелген өзге міндеттерді орындау.
ІV. Кеңестің өкілеттілігі
Кеңес негізгі жұмыстарды жүзеге асыру және өз міндеттерін орындауда мынадай құқыққа ие болады:
1. Атқарушы, құқық қорғау органдарынан ақпараттарды, құжаттарды сұрастыруға және алуға.
2. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу.
3. Құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлерін Кеңестің мәжілісіне материалдарды әзірлеу үшін тарту.
V. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
1. Кеңес жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Оның мәжілісі ай сайын және қажеттігіне қарай өткізіледі.
2. Кеңес мәжілісін төраға немесе оның орынбасары өткізеді. Оған Кеңес мүшелерінің жартысынан көбі қатысса құқылы болады.
3. Кеңестің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, ол хаттамамен ресімделіп, оны төраға бекітеді.