Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 47 · қабылданған 12.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154599/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 47 ·12.04.2021
06.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 47 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
47
Қабылданған күні
12.04.2021
Көрсетілген редакция
06.03.2025 154599_749045.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21NS009858
ЭКБ идентификаторы
154599
Редакция идентификаторы
154599_749045
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:42

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы каулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 19 маусымдағы № 76, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8547 болып тіркелген және Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» 2019 жылғы 19 маусымдағы № 76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 28 мамырдағы № 87, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9230 болып тіркелген қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Ұзынкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

Қостанай облысы
Ұзынкөл ауданың әкімдігінің
2021 жылғы 12 сәуірдегі
№ 47 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

2 2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

3 3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

4 4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

2 2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) хормейстер;

3 3) концертмейстр;

4 4) кітапханашы;

5 5) библиограф;

6 6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

7 7) қазақ, ағылшын тілдер мұғалімі;

8 8) музыкалық жетекші.

3 3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) әдіскер.

Қолданыстағы