Об утверждении Правил обучения основам предпринимательства по проекту «Бастау Бизнес» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 70 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18347 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Біржановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 118 бұйрығымен бекітілген «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Atameken Academy» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Atameken Academy») – қашықтықтан (онлайн) және практикалық оқыту процесін қамтамасыз ететін қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы;
Тармақша 2
2) бизнес-жоспар – қаржы-экономикалық модельді, бизнес-операцияларды жүзеге асыру бағдарламасын, кәсіпкердің бизнес-жоба бойынша іс-әрекетін, фирма, тауар, оның өндірісі, өткізу нарықтары, маркетинг, операцияларды ұйымдастыру, шығындар және олардың тиімділігі туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
Тармақша 3
3) бизнес-жаттықтырушы – бизнес-менторлық (коучинг) қағидаты бойынша жобаға қатысушылардың бизнес-жобаларын дамыту, сондай-ақ сүйемелдеу үшін қажетті кәсіби құзыреттер мен дағдыларға ие жеке тұлға;
Тармақша 4
4) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) – әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 5
5) жоба үйлестірушісі – функциясына кәсіпкерлік негіздері бойынша сабақтарды ұйымдастыру, Практикалық оқытудың тиімділігін талдау, «кері байланысты» ұйымдастыру, сондай-ақ бизнес-жоспарды дайындау кезінде білім алушыларға жәрдемдесу кіретін жеке тұлға;
Тармақша 6
6) жұмыссыз адам – жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға (бұдан әрі – жұмыссыз);
Тармақша 7
7) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін басқару функцияларын іске асыратын құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 8
8) қашықтықтан оқыту (онлайн) – қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;
Тармақша 9
9) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға сүйене отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 10
10) халықты жұмыспен қамту орталығы (ХЖҚО) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.
Тармақ 3
3. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту халықты жұмыспен қамту орталықтарында (бұдан әрі – ХЖҚО) тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысымен айқындалған жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары қатысушылары болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі
2-тарау. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жолдама беру тәртібі
1-параграф. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жолдама беру тәртібі
Тармақ 4
4. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдаманы алу үшін үміткер (бұдан әрі – қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда өтінішті, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);
Тармақша 2
2) ХЖҚО (бұдан әрі - қызмет көрсетуші);
Тармақша 3
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жолдайды.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Тармақ 6
6. «Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі» өтінішті қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беріледі не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы жіберген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.
Тармақ 8
8. Қызмет алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы жіберген жағдайда – өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының деректері қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша ХЖҚО-ға автоматты түрде жіберіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ХЖҚО директорының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» автоматты түрде жіберіледі.
Тармақ 9
9. Құжаттарды тапсырған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың нысаналы топқа сәйкестігі, қызметті алушы ұсынған құжаттардың дұрыстығы тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады, одан кейін тексеру жүзеге асырылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қызмет көрсетуші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға жолдама немесе стандартта көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту береді.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Тармақ 2. 2-параграф. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды ұйымдастыру
2-параграф. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды ұйымдастыру
Тармақ 12
12. Үміткерлерді оқыту басталғаны туралы хабардар етуді қамтамасыз ету үшін ХЖҚО ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесінші күніне қарай ӨКП-ға немесе ӨКП филиалдарына байланыс деректерін көрсете отырып, жолдама алған үміткерлердің тізімін жібереді. «Атамекен» ҰКП ХЖҚО ұсынған үміткерлер тізімінен оқытуды ұйымдастырады.
Тармақ 13
13. Кәсіпкерлік негіздеріне практикалық немесе қашықтықтан (онлайн) оқыту өтетін аудандарды және/немесе қалаларды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың келісуі бойынша «Атамекен» ҰКП айқындайтын болады.
Тармақ 14
14. «Атамекен» ҰКП халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша аудандар (қалалар) бөлінісінде оқыту жоспарларын және оқытуды өткізу күні мен орнын көрсете отырып оқытуды өткізу кестесін бекітеді.
Тармақ 15
15. Оқыту процесінің басталуы туралы хабарландыруларды «Атамекен» ҰКП қазақ және орыс тілдерінде «Атамекен» ҰКП ресми сайтында оқу процесі басталғанға дейін 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын орналастырады.
Тармақ 16
16. Әлеуетті қатысушыларды ақпараттандыру мақсатында «Атамекен» ҰКП базасында арнайы Call-орталық жұмыс жасайды.
Тармақ 17
17. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту мәселелері бойынша консультацияларды ӨКП/ӨКП/ХЖҚО филиалдары/ауылдық округтің немесе елдімекеннің әкімі ұсынады.
Тармақ 18
18. Оқу үшін үміткер берілген жолдама негізінде ӨКП/ӨКП филиалына өтінішпен жүгінеді немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн-өтінімді қалыптастырады және мынадай құжаттарды: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнаманы, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға жолдаманы ұсынады.
Тармақ 19
19. «Atameken Academy» ААЖ-да оқыту қатысушысы және ӨКП / ӨКП филиалымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қызметтерін көрсетуге шарт (оферта), сондай-ақ оның дербес деректерін өңдеуге келісім жасалады.
Тармақ 20
20. «Атамекен» ҰКП қатысушыларды бизнес-жаттықтырушы, жобаны сүйемелдеу жөніндегі консультант, «Atameken Academy» ААЖ-ға қолжетімділік және практикалық оқыту жағдайында сабақтарды өткізуге арналған үй-жаймен және оқытудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етеді.
Тармақ 21
21. Оқытуды бизнес-тренер «Атамекен» ҰКП бекіткен және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен келісілген оқу жоспарына сәйкес оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін пайдалана отырып, интерактивті нысанда жүргізеді.
Тармақ 22
22. Оқыту процесінде «Бастау Бизнес» жобасына қатысушыларға кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері (Қазақстан Республикасындағы стартаптарды, шағын орта бизнесті қолдау шаралары, салық салу режимдері, кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері, маркетинг негіздері, бизнесті жоспарлау), тиісті өңірде/ауданда талап етілетін бизнес-жобалар туралы, қаржыландыру алуға арналған құжаттардың үлгілері, маркетингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша ақпарат беріледі және өндірістік-өткізу тізбегін құруға көмек көрсетіледі, сондай-ақ бизнес-жоспарды дайындау және/немесе бизнес-жобаны дамыту бойынша ақпарат беріледі. Оқу процесінің жалпы ұзақтығы жиырма бес күнтізбелік күннен аспайды. Тәжірибелік оқыту кезінде топта қатысушылардың саны кемінде 15 (он бес) және 70 (жетпіс) адамнан аспайды. Топтық оқытудың жалпы ұзақтығы 80 (сексен) академиялық сағаттан аспайды, күнделікті жүктеме 4 (төрт) академиялық сағаттан кем болмайды.
Тармақ 23
23. Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды. Қашықтықтан оқыту кезінде жеке кеңес алу, сондай-ақ тренингтер онлайн режимде жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Оқыту үдерісіне оқытудың әрбір модулінің (бөлімінің) нәтижелері бойынша қатысушының алған білімі мен дағдыларын анықтауға арналған тестілеуді қамтиды. Аралық тестілеу әрбір модульден кейінгі оқыту нәтижелері бойынша жүргізіледі. Келесі модульге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін сұрақтардың жалпы санынан кемінде 60 пайызына оң жауап беру қажет. Мүмкіндіктер саны шектелмеген.
Тармақ 25
25. Оқуды аяқтағаннан кейін «Atameken Academy» ААЖ-да қорытынды тестілеуден өтеді, нәтижелері бойынша төмен баға алған жағдайда қатысушы «Бастау Бизнес» жобасынан шығарылады.
Тармақ 26
26. Оқыту нәтижелері бойынша оқуға қатысушыға «Atameken Academy» ақпараттық жүйесімен қалыптастырылған, бірегей нөмірі бар тиісті сертификат беріледі.
Тармақ 27
27. Оқуды аяқтау туралы сертификатты бизнес-жоспарды дайындаған және бизнес-жоспарды бағалау және қорытынды тестілеу қорытындылары бойынша қажетті балл санын (жалпы санынан 60%) жинаған қатысушылар алады. «Бастау Бизнес» жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификатты қорытынды тестілеу қорытындысы бойынша қажетті балл санын жинаған, бірақ оқуды аяқтаған кезде әзірленген бизнес-жоспары жоқ немесе бизнес-жоспарды бағалуда теріс баға алған қатысушылар алады.
Тармақ 28
28. Тестілеу мен бизнес-жоспарларды қорытынды бағалау «Atameken Academy» ААЖ-да он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Оқуға қатысушы оқуға қайта қатыса алады, бірақ ол үш жылда бір реттен артық емес болады.
Тармақ 30
30. Оқыту «Бастау Бизнес» жобасының қатысушылары үшін ақысыз болып табылады.
Тармақ 31
31. Кәсіпкерлік негіздеріне онлайн режимде оқитын тұлғаларды қоспағанда, «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 32
32. Осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес оқу кезеңіне жіберілмеген не «Бастау Бизнес» жобасынан шығарылған «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға шәкіртақы төлеу жүргізілмейді.
Тармақ 3. 3-параграф. Бизнес-жобаларды сүйемелдеу тәртібі
3-параграф. Бизнес-жобаларды сүйемелдеу тәртібі
Тармақ 33
33. Оқыту кезеңі аяқталғаннан және жобаны іске асыруға қаржыландыру алынғаннан кейін «Атамекен» ҰКП/ӨКП/ӨКП филиалы бизнес-жобаны іске асыруда он екі айға дейінгі мерзімге, ал аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері үшін бизнес-жоба іске қосылған күннен бастап он сегіз ай ішінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Бизнес-жобаларды сүйемелдеуді бизнес-жаттықтырушы, ӨКП/ӨКП филиалының қызметкерлері жүзеге асырады. Бизнес-жобаларды сүйемелдеу кезеңі шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасына қатысушылар ӨКП/ӨКП филиалына жүгінген кезде бизнесті қалыптастырудың және дамытудың операциялық және стратегиялық мәселелеріне қатысты ауызша және жазбаша сұрау салуларға жауап алады, оның ішінде маркетинг, өткізу, салықтық реттеу және басқа мәселелер бойынша консультация алады.
Тармақ 34
34. «Бастау Бизнес» жобасына қатысушыға бизнес-жаттықтырушының шығуымен байланысты қосымша қаржылық шығындарды «Бастау Бизнес» жобасына қатысушы (келісім бойынша) көтереді.
Тармақ 35
35. Жоба консультанты «Бастау Бизнес» жобасының іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
Тармақ 36
36. «Atameken Academy» ААЖ мониторингінің нәтижелері бойынша жоба консультанты бизнес-жобаларды бизнес-тренердің шешуі үшін оларды іске асыруға және дамытуға кедергі келтіретін проблемалық мәселелердің тізілімін қалыптастырады.
Басқа 1. Өтініш
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына 1-қосымша Нысан Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына ________________________ мекенжайы бойынша тұратын __________________________ Өтініш Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысуға жолдама беруіңізді сұраймын. Қосымша___парақта (қажеттілігіне қарай): жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделіп отырған белсенді шараларын алуға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Күні қолы ----------------------------------------------------------------------------------------------- (кесу сызығы) Қатысушының_____________________________________ өтініші 20___ жылғы «___» __________ қабылданып, № ______болып тіркелді. Құжаттарды қабылдаған адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы және қолы: _____________________________________________
Басқа 2
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына 2-қосымша «Ба­стау Биз­нес» жо­ба­сы бой­ын­ша кә­сіп­кер­лік негіз­де­ріне оқы­ту­ға жол­да­ма бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту стан­дар­ты 1 Қыз­мет көр­се­ту­ші ата­уы Ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры) 1) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция); 2) Ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы (бұ­дан әрі – ХЖ­ҚО); 3) «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» Веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – Пор­тал) 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 3 (үш) жұ­мыс кү­ні. Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға, қыз­мет көр­се­ту­ші­ге құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут. Қыз­мет алушы­ға мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 20 ми­нут. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) / қа­ғаз тү­рін­де. 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі «Ба­стау Биз­нес» жо­ба­сы бой­ын­ша кә­сіп­кер­лік негіз­де­ріне оқы­ту­ға жол­да­ма неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді. 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция-жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін; 3) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де Ко­дек­с­ке сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі 1. Тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша ХЖ­ҚО неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция: 1) «Ба­стау Биз­нес» жо­ба­сы бой­ын­ша кә­сіп­кер­лік негіз­де­ріне оқы­ту­ға жол­да­ма бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту қа­ғи­да­ла­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш»; 2) ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат (бар бол­са); 3) бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы құ­жат (бар бол­са); де­ректер «Ең­бек на­ры­ғы» ААЖ ен­гі­зі­л­ген­нен кей­ін құ­жат­тар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қай­та­ры­ла­ды. 2. Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға: 1) «Ба­стау Биз­нес» жо­ба­сы бой­ын­ша кә­сіп­кер­лік негіз­де­ріне оқы­ту­ға жол­да­ма бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту қа­ғи­да­ла­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш»; 2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін); 3) ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (бар бол­са); 4) бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (бар бол­са). 3. Пор­тал ар­қы­лы: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы дер­бес де­ректер­ді көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға өті­ніш. Ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы­ның қыз­мет­ке­рі же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. Пор­тал­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы ди­рек­то­ры­ның неме­се ол уәкі­лет­тік бер­ген адам­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның "же­ке ка­би­не­тіне" жі­бе­рі­ле­ді және сақ­та­ла­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі. 10 Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар жұ­мыс­сыз ре­т­ін­де тір­кел­ген­нен кей­ін Мем­ле­кет­тік қыз­мет қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да Пор­тал ар­қы­лы көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры ға­лам­тор-ре­сур­стар­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған: 1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қо­ғау ми­ни­стр­лі­гі www.​enbek.​gov.​kz; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – www.​gov4c.​kz; 3) Пор­тал www.​egov.​kz. Қыз­мет­ті көр­се­ту­ші­нің мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры ға­лам­тор-ре­сур­ста көр­се­ті­л­ген www.​enbek.​gov.​kz. Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: «1414», 8-800-080-7777.
Басқа 3. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беруден бас тарту туралы қолхат
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру» қағидаларына 3-қосымша Нысан «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беруден бас тарту туралы қолхат _______________________________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Өтінішті қабылдамау себебі: _______________________________________________________________ (себебін көрсету) _______________________________________________________________ (халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) Берілген күні: 20___ жылғы «___»__________ Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры ___________________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Басқа 4. Өтініш-сауалнама
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына 4-қосымша Нысан Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директорына/Өңірлік филиал директорына ________________________ мекенжайы бойынша тұратын __________________________ Өтініш-сауалнама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша қатысушылардың тізіміне енгізуді сұраймын. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ЖСН Туған күні Тұрғылықты жері Мәртебесі Бизнес-жоба, бизнес-идея (бар болса) саласы Бизнес-жоба, бизнес-идея (бар болса) сипаттамасы Кепілдік қамтамасыз етудің бар-жоғы (микрокредит беру үшін) Сабаққа қатысу мүмкіндігін (80 сағат практикалық сабақ) немесе веб-портал арқылы қашықтықтан оқу мүмкіндігін растаймын. Осымен дайын екенімді растаймын 1) салық заңнамасына сәйкес салық органдарында кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркелуге (қаржыландыруға арналған өтінім қаралған кезге дейін); 2) сабақтан қалмауға; 3) оқу процесінде қызығушылық танытуға 4) сабақтардан қалған жағдайда қосымша консультация алуға; 5) маркетингтік зерттеулер мен талқылауларға белсенді қатысуға; 6) тренингтер мен жеке консультацияларға қатысуға; 7) бизнес-жоспар дайындау және бизнес-тренердің қолдауымен қаржылық модельді есептеуге Қосымша ___ парақта (қажеттілігіне қарай): өтініш, жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, оқуға жолдама. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделіп отырған белсенді шараларын алуға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. *ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш беруші жауапкершілікте болады. Қолы_________ Күні____________
Басқа 5. Оқуға жолдама
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына 5-қосымша Нысан ________________________ мекенжайы бойынша тұратын __________________________ Оқуға жолдама «___________облысы _________________ауданы/қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқуға үміткер қатысушы мәртебесіне сәйкес келетінін хабарлайды. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Мәртебесі Тұрғылықты мекен-жайы Байланыс деректері ________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы Берілген күні 20___жылғы «_____» _______. Мөр орны (болған жағдайда) Оқуға жолдама «___________облысы _________________ауданы/қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқуға үміткер қатысушы мәртебесіне сәйкес келетінін хабарлайды. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Мәртебесі Тұрғылықты мекен-жайы Байланыс деректері ________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы Берілген күні 20___жылғы «_____» _______. Мөр орны (болған жағдайда)