О Координационном Совете по борьбе со СПИД Күшін жойған
Басқа 0
ЖҚТБ-мен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы қаңтардың 23-індегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-ІІ Заңының 31-бабындағы 1-тармақтың 17-тармақшасы негізінде, Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы ақпанның 9-ындағы "ЖҚТБ-мен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" N 38 шешімін (2001 жылғы наурыздың 1-індегі тіркеу №700) орындауда, ЖҚТБ-ның қала аумағында таралуын болдырмауды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіру мақсатында қала әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қала әкімі жанында ЖҚТБ-мен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылсын, Кеңес туралы Ереже мен оның құрамы N 1 және N 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қала әкімінің 2001 жылғы сәуірдің 9-ындағы "ЖҚТБ-мен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" N 317 шешімінің күші жойылған деп танылсын (2001 жылғы сәуірдің 26-сындағы тіркеу N 810).
Тармақ 3
3. Осы қаулы қалалық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.И. Тарасенкоға жүктелсін.
Басқа 5. ЖҚТБ-мен күресу жөніндегі қалалық Үйлестіру Кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Орал қаласы әкімдігінің
2003 жылғы 24 сәуірдегі
N 316 қаулысына
N 1 қосымша
ЖҚТБ-мен күресу жөніндегі қалалық Үйлестіру Кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Елена Ивановна Тарасенко - қала әкімінің орынбасары, төраға
Әлия Хайрушқызы Жамбаева - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, төрағаның орынбасары
Ғабит Белялұлы Ажғалиев - облыстық тері-венерология диспансерінің бас әрігері (келісім бойынша)
Кеңес Әбдиұлы Берсағұров - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер
Түймеш Малбағарқызы Даришева - БҚМУ-нің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры
Қаныбек Сисенғалиұлы Жақсығалиев - қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Виталий Вячеславович Мазуренко - туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі
Зияда Надырғалиқызы Молдағалиева - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы (келісім бойынша)
Николай Владимирович Минько - облыстық наркологиялық диспансері бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)
Александр Михайлович Мозжухин - қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары
Әлия Болатқызы Райымқұлова - қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі
Василий Иванович Самило - ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөніндегі облыстық орталығының бас дәрігері (келісім бойынша)
Гулара Рахимқызы Умарова - салауатты өмір салты жөніндегі облыстық орталығының директоры (келісім бойынша)
Басқа 6. ЖҚТБ-мен күресу жөніндегі қалалық Үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Орал қаласы әкімдігінің
2003 жылғы 24 сәуірдегі
N 316 қаулысына
N 2 қосымша
ЖҚТБ-мен күресу жөніндегі қалалық Үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
ЖҚТБ-мен күресу жөніндегі қалалық Үйлестіру Кеңесі қала әкімі жанындағы кеңесші орган ретінде әкім орынбасарының төрағалығымен құрылады. Жеке құрамын әкім белгілейді.
Үйлестіру Кеңесінің негізгі мақсаты мен міндеті қалада ЖҚТБ індетіне қарсы шалалар жоспарының орындалуын ұйымдастыру және жүзеге асырылуын бақылау, барлық деңгейдегі атқарушы органдардың осы мәселе бойынша қызметін үйлестіру болып табылады.
Үйлестіру Кеңесінің жұмысы жоспар негізінде құрылады.
Эпидемиологиялық ахуал мен нақты жағдайды ескере отырып, Үйлестіру Кеңесі оперативтік жоспарларды дайындауға және іске асыруға құқылы.
Кеңестің мәжілістері кем дегенде тоқсанына 1 рет өткізіледі. Кеңестің мәжілісінде мәселелер жұмыс жоспары мен оперативтік жағдайда сәйкес қаралады.
Мәселені қараудың қорытындылары бойынша осыған қатысты тұлғаларға орындауға міндетті хаттамалық шешімдер қабылданады.
Олардың орындалуы бақылауға алынады.
Эпидемиологиялық шиеленіс жағдайында Кеңес оны шешуге арналған нақты шараларды қарап, қабылдайды.
Үйлестіру Кеңесі қалалық басқармалар мен бөлімдердің, шаруашылық субъектілерінің меншік нысанына қарамастан, олардың жетекшілерін ЖҚТБ-ның алдын алу және күресуге қатысты мәселелер бойынша тыңдауға құқылы.
Үйлестіру Кеңесінің төрағасы өз жұмысында қала әкіміне есепті.