Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін
және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Жезқазған қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 5 сәуірдегі
№ 5/45
шешіміне 1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Тармақ 1
1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Тармақ 2
2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Басқа 2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Жезқазған қалалық
мәслихатының
2024 жылғы 5
тамыздағы
№ 20/120
шешіміне қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№
Атауы
1.
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар
2.
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар
3.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар
4.
Толық емес отбасылар
5
Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары