О некоторых вопросах реорганизации подведомственных организаций Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына, 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) ретінде қайта құру жолымен;
Тармақша 2
2) «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына «Жасыл даму» акционерлік қоғамын қосу арқылы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) серіктестік мемлекеттік тіркелгеннен кейін мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (бір жүз) пайызын «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беруді;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер бекітілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы сәуірдегі
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Тармақ 1
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қ.» бөлімінде:
реттік нөмірі 21-153-жол алып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 400-жол алып тасталсын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде 1-тармақ алып тасталсын;
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде 1-тармақ алып тасталсын.
_____________________