Об утверждении порогового значения коэффициента налоговой нагрузки за последние три года на день регистрации заявления в уполномоченном органе Қолданыста
Басқа 0
Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы
салықтық жүктемесі коэффициентінің
шекті мәнін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 532-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Салық жүктемесі коэффициентінің орташа салалық мәні ретінде уәкілетті органда өтініш тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салық жүктемесі коэффициентінің шекті мәні бекітілсін.
Тармақ 2
2. Салық жүктемесі коэффициентінің орташа салалық мәнінің есебі «Салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 620 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №37218 болып тіркелген) бекітілген салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларының 3 және 4-тармақтарына сәйкес айқындалатындығы белгіленсін.
Бұл ретте салықтық жүктеменің орташа салалық коэфициенті мәнінің есебі әрбір күнтізбелік жыл үшін жеке жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.