О бюджетной комиссии области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың бюджеттік Комиссиясы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 24.01.2005 № а-1/23 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-1 "Бюджеттік жүйесі туралы" Заңына сәйкес Акмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстың бюджеттік комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстың бюджеттік комиссиясының дербес құрамы облыстық мәслихаттың сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Ұсынылып отырған облыстың бюджеттік комиссиясы туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 21 мамырдағы № а-5/64 “Тиісті қаржы жылына арналған облыс бюджетінің жобасын қалыптастыру жөніндегі Бюджеттік комиссия туралы” қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Ақмола облыстық қаржы
басқармасының бастығы
Д.Е.Савицкий
Ақмола облысы әкімінің
орынбасары
Д.З.Әділбеков
Басқа 6
Ақмола облысы әкімдігінің
2003 жылғы 17 наурыздағы
№ а-3/96 “Облыс комиссиясы
туралы” қаулысымен бекітілген
Облыстың бюджеттік комиссиясы туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тұрақты негізде қызмет атқаратын облыстың бюджеттік комиссиясының қызметін ретке келтіреді (әрі қарай - Комиссия).
Тармақ 2
2. Комиссияның қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқыктық актілері, сонымен қатар осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияпың мақсаты
2. Комиссияпың мақсаты
Тармақ 3
3. Комиссияның қызметінің басты мақсаты тиісті қаржы жылына облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің жобасының сапалы және уақытында әзірленуін қамтамасыз ету және облыстық бюджеттің нақтылануы мен орындалуы бойынша ұсыныстар дайындау.
Тарау 3. 3. Комиссияпың міпдеттері меи қызметтері.
3. Комиссияпың міпдеттері меи қызметтері.
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері болып облыстың орташа мерзімдік кезеңге арналған индикативтік әлеуметтік-экономикалык даму жоспарының негізінде 3 жылдық кезеңге облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің негізгі болжалды көрсеткіштерін қарау;
тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің жобасын және алдағы 3 жылдық кезеңге облыс бюджетінің болжалды көрсеткіштерін дайындап, облыстың жергілікті уәкілетті органына тапсыру;
алдағы 3 жылдық кезеңге облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің негізгі болжалды көрсеткіштерінің, тиісті қаржы жылына облыстық бюджеттің жобасының, мемлекеттік салалық бағдарламалардың, облыстың индикативтік әлеуметтік-экономикалык даму жоспарының тиісті кезеңге сәйкестігін анықтау;
тиісті қаржы жылына облыс бюджетінің нақтылануы бойынша ұсыныстар дайындау.
Тармақ 5
5. Комиссия жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді атқарады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмысшы органымен дайындалған материалдарды қарап, анықтайды:
алдағы 3 жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің болжалды көрсеткіштерін;
алдағы 3 жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттің болжалды көрсеткіштерін, шығыс лимиттерінің енгізілуімен, соның ішінде ағымдағы жылда жүзеге асырылудағы жобаларды есепке алғандағы инвестициялық жобалар бойынша да;
ағымдағы жылда жүзеге асырылатын жобалардың, соның ішінде аудандарда (қалаларда) жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың есепке алынуымен, алдағы 3 жылдық кезеңге жергілікті бюджеттен инвестициялық жобаларды қаржыландырудың көлемі мен тізбесін;
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басында бюджеттік бағдарламалар (бағдарламашалар) бойынша қалыптасқан несиегерлік берешегінің жоспарланудағы қаржы жылында өтелу көлемін;
алдағы қаржы жылына облыстық бюджеттің жобасын;
Қазақстан Республикасының “Бюджеттік жүйе туралы” Заңының 18-2 баптарымен белгіленген басқа да көрсеткіштерді;
Тармақша 2
2) төмендегі мәселелерді қарап, шешімін шығарады:
аудандар мен қалалардың бюджеттерінің болжалды көрсеткіштері бойынша облыстың жергілікті уәкілегті органы мен аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюжетттік өтінімдері;
Тармақша 3
3) төмендегі мәселелерді қарап, ұсыныстар әзірлейді:
облыстық бюджетті нақтылау бойынша;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылау және бюджеттік бағдарламалардың алдағы уақытта жүзеге асырылуының нәтижелері туралы акпараттың негізінде бюджеттік бағдарламалардың алдағы уақытта жүзеге асырылуы жөнінде;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары, аумақтың экономикалык және әлеуметтік даму бағдарламалары туралы;
Тармақша 4
4) Қазакстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да қызметтерді атқарады.
Тарау 4. 4. Комиссия құқықтары
4. Комиссия құқықтары
Тармақ 6
6. Өз міндеттеріне сәйкес Комиссия құқылы:
Тармақша 1
1) аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және облыстық басқармалармен, ұйымдармен өзара іс-әрекет жасауға және Комиссияның міндеттерін жүзеге асыру үшін мамандарды, сарапшыларды жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) өз құзырына енетін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар дайындауға және шешімдер қабылдауға;
Тармақша 3
3) заңнамалармен белгіленген тәртіпте облыстық және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды сұратып алдыруға;
Тармақша 4
4) Комиссия міндеттерінің жүзеге асырылуына байланысты мәселелер бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін Комиссия мәжілісіне шақырып, есебін тыңдауға.
Тарау 5. 5. Комиссияның құрылуы меп қызметінің тәртібі
5. Комиссияның құрылуы меп қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссия құрамы облыс әкімдігімен анықталады, облыс мәслихатының сессиясында бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комиссия органдары:
Тармақша 1
1) жұмысшы орган;
Тармақша 2
2) Комиссия төрағасы;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының орынбасары
Тармақша 4
4) хатшы:
Тармақ 9
9. Комиссия мәжілістерінің аралығында оның қызметін ұйымдастыру мәселелерін Комиссияның жұмысшы органы шешеді.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, Комиссия мәжілістерінде төрағалык етеді, жұмысын жоспарлайды, Комиссияның атқаратын қызметі үшін жауапкершілікпен жауап береді, шешімдерінің жүзеге асырылуына бақылау жасайды;
Комиссия төрағасы болмаған кезде оның қызметін төрағамен тағайындалған орынбасары атқарады.
Тармақ 11
11. Комиссия хатшысы комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөнінде ұсыныстар жасап, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, ал өткізілгеннен кейін хаттамаларын ресімдейді.
Тармақ 12
12. Жұмыстың кесте-жоспары Комиссиямен белгіленеді. Облыс бюджетінің жобасын әзірлеу кезеңінде жұмыстың кесте-жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу Ережерлерімен белгіленген мерзімге орай анықталады.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелері мәжіліске қатысу жөніндегі өз өкілеттілігін басқа тұлғаларға табыстауға құқысы жоқ.
Тармақ 14
14. Комиссия шешімдері ашық дауыспен, сонымен бірге комиссия мүшелерінің пікірін сұрау арқылы да егер комиссия мүшелерінің жалпы кұрамының көбі өз дауыстарын берсе қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелері шешім қабылдағанда тең дауыстарға ие.
Дауыстар тепе-тең болған болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 15
15. Комиссияның күн тәртібіндегі сұрақтардың қаралу нәтижесі әр мәселе бойынша дауыс беру қорытындысымен тиісті хаттамаға енгізіліп және төрағамен анықталған жағдайларда мәжіліске қатысушы Комиссия мүшелерімен бұрыштама қойылады. Комиссияның қабылдаған шешімі бойынша хаттама ресімделіп, Комиссия төрағасы мен хатшы қолдарын қояды.
Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өз көзқарасын жазбаша түрде жазып беруге құқылы және ол хаттамаға қосылады.
Тармақ 16
16. Жүктелген міндеттерді атқару мақсатында қабылданған Комиссияның шешімдері барлық мемлекеттік органдармен міндетті түрде қаралып, көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс.
Тармақ 17
17. Комиссияның жұмысшы органының қызметтік міндеттері облыс әкімімен қаржыны басқаруға уәкілеттік берілген жергілікті уәкілетті орган - облыстық қаржы басқармасына жүктеледі.
Тармақ 18
18. Комиссияның жұмысшы органының қызметтік міндеттері болып Комиссиямен анықталган күн тәртібі мен көрсетілген мерзімде мәжіліске қажетті материалдарды дайындау, оларды Комиссия мүшелері мен жергілікті атқарушы органдарга және облыстық бағдарламалар әкімшілеріне тарату, Комиссия мәжілісінің хаттамаларын дайындау, нормативтік құқыктық актілерден және осы Ережеден туындайтын басқа да міндеттерді орындау болып табылады.
Тарау 6. 6. Комиссияның қызметін тоқтату
6. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 19
19. Облыс әкімдігінің облыстық мәслихаттың сессиясында бекітілген Комиссия кызметінің токтатылуы жөнінде каулы қабылдауы комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.
Тармақ 20
20. Осы Ереженің 19 тармағында айтылған жағдайлар туындап, Комиссия өз қызметін тоқтатқан жағдайда, облыстық мәслихатқа атқарылған жұмыс жөнінде есеп-хат жіберіледі.
Басқа 45. Облыстың бюджеттік комиссияның құрамы
Ақмола облысы әкімдігінің
2003 жылғы 17.03 № а-3/96
”Облыстық бюджеттік комиссияны
бекіту туралы” қаулысына қосымша
Облыстың бюджеттік комиссияның құрамы
Кулагин Сергей Витальевич - Облыс әкімі Комиссия төрағасы
Әділбеков Дәурен Зекенұлы - Облыс әкімінің орынбасары Төрағаның орынбасары
Савицкий Дмитрий Емельянович - Облыстық қаржы басқармасының бастығы Төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әлиев Жанабай Рақышұлы - Облыстық қаржы басқармасы бастығының бірінші орынбасары
Сахнова Валентина Ивановна - Облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары
Тақамбаев Мұратбек Шәмілұлы - Облыстық қаржы баскармасы бастығының орынбасары
Исмайылов Зикен Ауданбайұлы - Қазнашылық басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Жанғұразов Ибрагим Дәуітұлы - Облыстық мәслихаттың жоспарлау-бюджеттік комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Құсайынова Гүлнәр Қабденқызы - Экономика және шағын бизнесті мемлекеттік сатып алуды қолдау баскармасының бастығы
Райымбаев Асқар Хаметұлы - Облыстық салық комитетінің бастығы (келісім бойынша)
Қазыбаева Сәуле Қалымтайқызы - Облыстық қаржы басқармасының бөлім бастығы комиссия хатшысы