Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба в городе Петропавловске Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 және 50-баптарына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың біліктіліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес және газдың жарылуына байланысты Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Петропавл қаласы Интернациональная көшесі, 21 мекенжайындағы көп пәтерлі тұрғын үйдегі газдың жарылуына байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары А. Е. Хабибулин техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою бойынша басшы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы (Қ. Төренова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 21 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.