Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Атбасар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс отырысының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 4 хаттамасының негізінде, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Атбасар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Атбасар ауданы әкімінің орынбасары М.С.Асқаров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары М.С.Асқаровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.